Сабақ жарыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Алдымен топқа бөліну үшін қалтадағы жасырын тұрған номер сандарын алады, қай оқушы нешінші номерді алса, сол топтың мүшесі болады. Және де сабақ барысында әр дұрыс жауапқа бір жұлдызшадан алып отырады, сабақ соңында қай топ көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, назарларын пәнге аудару. Үй тапсырмасын кезекшіден сұрау. Мына сұрақтарға жауап алу:
- Бүгін кім кезекші?
- Балалар, бүгін қандай күн?
- Ауа – райы қандай?
- Қандай жыл мезгілі?
- Үйге не тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Тәтті алма» ойыны. Тақтада алма ағаш суреті тұрады, қасында шелек. Оқушының мақсаты: Алманы бір – бірлеп жинау, әр алманың артында сұрақ болады:
- Неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда неше күн бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Жазда қандай ағаштар өседі?
- Көктемде қандай гүлдер өседі?
-
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алдымен мынадай сұрақ қойылады:
- Балалар, көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
- Балалар жазда қайда барады?
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді.
Сөздікпен жұмыс.
Жазғы демалыс – летний отдых
Қалың – густой
Қайық – лодка
Шомылады – купаются
Аулайды – ловят
Демалды – отдохнули
Жаңа сөздер бойынша сөз тіркесін құрап, тақтаға және дәптерлеріне жазады.
1- тапсырма. Суретпен жұмыс. Екі – үш сөйлем түрлеріне мысал құрату.
2 – тапсырма.
Диалогты оқытып, аудартып, сөйлем түрлеріне талдату.
Сергіту
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді оқытамын.
2. Кіріспе, негізгі ой, қорытындысын тап.
3. Мәтінді аудар, түсінік айт. «Баяндама» оқыта – үйрету ойыны.
Шарты: Алдымен жаз туралы өз түсініктері бойынша сурет салып келеді. Сыныпта сол салған суреттерін бір – бірлерімен алмастыру арқылы сөйлемдер құрайды. Қай топ көп және әдемі әңгімелер құраса, сол топ жеңеді.
4-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
5- тапсырма. Көп нүктенің орнына жұрнақ, жалғау қосып жазады.