Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, тақта, бор, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
оқушыларды түгендеу;
оқу құралдарын тексеру;
оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.116-жаттығу
Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.
Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.
2.117- жаттығу, ереже сұрау
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Беу, дүние- ай- шаттану мақсатында қолданған
Апырмай- ұнату мағынасында қолданған.
Ережені сұрау:
Атауыш сөздер дегеніміз не?
Мысал келтір
Атауыш сөздер қанадай мағына береді?
Көмекші сөздер қандай мағына береді?
Көмекші сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
Абай өлеңдерінен көмекші сөздерді табу.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін
Көкірегі ояу, көзі ашық, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Алланың өзі де рас, сөзі дерас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кітап келді алладан, оның төрті,
Алланы танытуға сөзі айрылмас.
Мақал – мәтелдерден көмекші сөздерді табу
1. Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды дауға берме.
2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
3. Отан оттан да ыстық
4 Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
ІІІ.Жаңа сабақСөз таптары. Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?), Оқушы ( кім?), іні (кім?) Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауын жалпы есім дейді. Заттардың ішінде бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы атаулыға тән болса, Байжан , Гүлнар деген сөздер жалпыға емес, жеке кісіге ғана қойылған.
Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Негізгі зат есім
Туынды зат есім
Дара зат есім
Күрделі зат есім
Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.
Мысалы:
у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ
Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім