kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему "Ертегіде ?она?та"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  Ертегіде ?она?та

Ма?саты:  

  1. Балаларды ертегі ты?дау?а, сахналау?а ж?не байланыстырып с?йлеуге  ?йрету
  2. Мазм?ны бойынша ?ойыл?ан с?ра?тар?а ж?не ж?мба?тарды? жауабын таба білуге да?дыландыру
  3. Ертегі ар?ылы балаларды ?айсарлы??а е?бекс?йгіштікке, досты??а т?рбиелеу.

С?здік ж?мыс:  ?йшік-?йшік! Б?л ?йшікте кім т?рады?

К?рнекілігі: ?орапша (хат, си?ырлы тая?ша) интербелсенді та?та, суреттер, ?йшікті? макеті, атрибуттар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Ертегіде ?она?та"»

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының «Азиада» балабақшасының «Балауса» ортаңғы топтың тәрбиешісі

Ақжігітова Шолпан Нұржігітқызы




Күні: 26.02.2016 жыл Тексерілді: .......... Д.Дуйсенова

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіде қонақта

Мақсаты:

  1. Балаларды ертегі тыңдауға, сахналауға және байланыстырып сөйлеуге үйрету

  2. Мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың жауабын таба білуге дағдыландыру

  3. Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа еңбексүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үйшік-үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

Көрнекілігі: Қорапша (хат, сиқырлы таяқша) интербелсенді тақта, суреттер, үйшіктің макеті, атрибуттар

Әдіс -тәсілі: Миға шабуыл, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Билингвальді компоненттер: Ертегі-сказка, үйшік- теремок


Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық
















Іздену ұйымдастырушылық














































































































Рефлексивті коррекциялаушы



Шаттық шеңбер

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз.

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

-Бәрекелді, балалар! Енді орысша амандасайықшы.

Доброе-утро, всем нам

Доброе утро, всем гостям.

-Жарайсыңдар, енді ағылшынша амандасайық.

Сood morning, Сood morning

Сood morning to you

Сood morning, Сood morning

I`m glad to see you!

-Жарайсыңдар балалар, көңілімізді көтеріп алдық, Бәріңе де сәттілік тілеймін.


Ғажайып сәт.

Есік қағылады, хат тасушы есіктен қорапты береді. Тәрбиеші қорапты ашып, хатты оқиды.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар мен сендерді күтіп аламын. Менің сиқырлы таяқшамды қолданыңдар.Сәлеммен Маша.

-Ертегідегі машаның жұмбағын шешуге дайынсыңдар ма?

Миға шабуыл.

Жұмбақтар: «Шешуін тап»

1. Үйін жинап ертеңмен,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.

2. Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта аламады.Бұл қай ертегі?

3. Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?

Суретпен жұмыс

Интербелсенді тақтада «Үйшік» ертегісі бойынша сурет шығады.

  • Бұл қай ертегі?

Ертегілер еліне музыка ырғағымен келеді.

Маша шығады. Балалармен амандасады.

Тәрбиеші: Маша біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Балалардың сізге дайындаған ертегісі бар. Біздің балалар «Үйшік» ертегісін рольдерге бөліп сахналайды.

Тәрбиеші: Ерте,ерте, ертегі елінде, жазық далада бір үйшік болыпты. Ол үйшікті ең бірінші кім көріпті.

Тышқан: Пи-пи-пи мен шиқылдауық тышқанмын.Үйшік-Үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

Бақ-бақ-бақ деп бақа келеді.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Маған кіруге бола ма?

Тышқан: Жоқ. Менің тапсырмамды орында.

Бір жылда қанша мезгіл бар? Атап айт.

Қоян: Үйшік!Үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: Бақылдауық бақамын.

Қоян: Маған кіруге бола ма?

Жоқ болмайды, біздің тапсырмамызды орында. Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап айт.

Қоян: балалармен бірге орындап, үйшікке кіреді.

Үйшікке қу түлкі келеді бұраңдап.

Түлкі: Үйшік, үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауық бақамын.

Қоян: секеңдеген қоянмын.

Жоқ болмайды біздің тапсырмамызды орында. «Шалқан» ертегісін ретімен қойып бер.

Түлкі тапсырманы орындайды,үйшікке кіреді.

Қорбаңдап аю келеді.

Үйшік, үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, шиқылдауық тышқан тұрамын.

Бақа: Бақылдауық бақамын.

Қоян: секеңдеген қоянмын

Түлкі: мен бұраңдаған түлкімін.

Аю: Маған кіруге болама?

Жоқ, біздің тапсырманы орында.

Балалармен бірге орыс тілінде сергіту жаттығуын жаса.

Три медведя шли домой.

Папа был большой-большой.

Мама с ним поменьше ростом.

А сыночек- просто крошка

С погремушками ходил

Динь, динь, динь

Аю есіктен кіріп үйшікті құлатады.

Маша балалармен бірге үйшікті қайта құрастырады.

Тәрбиеші: Міне балалар, достықтың арқасында аңдар жаңа үйшікке ие болды.

Маша: Балалар, сендер аңдардың үйшігіне көмектестіңдер.Ертегіні өте жақсы орындадыңдар.

Менің сендерге сыйлығым бар.Оны әпкилеріңе беремін.Маша, балаларды мадақтап, алма жемісін сыйлап, қоштасып кетеді.

Балалар балабақшаға келіп орындарына жайғасады.

Тәрбиеші: Біз қайда бардық?

  • Бізді қонаққа кім шақырды?

- Қандай ертегіні сахналадық?

-Бірінші үйшікке кім келді?

-Екінші?

-Үшінші?

-Төртінші?

-Бесінші?

Балалар шаттық шеңберін құрады,өлеңді тәрбиешімен қосылып айтады. Орыс тілінде, ағылшын тілінде амандасады.

















Балалар хатты мұқият тыңдайды.





-Ия, дайынбыз!





«Мақта қыз бен мысық ертегісі»





«Шалқан ертегісі»




«Бауырсақ ертегісі»





«Үйшік» ертегісі









Балалар ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп алып ойнайды.












І тапсырма

4- мезгіл бар

-Күз, қыс, көктем, жаз







-үш ай бар

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан










Тақтаға «Шалқан» ертегісін ретімен қояды











Аю балалармен бірге орыс тілінде сергіту жаттығуын іс қимылдармен көрсетеді.


Балалар үйшікті қайта соғуға көмектеседі.







Машамен қоштасады



Балалар сұрақтарға жауап береді.


  • Тышқан

  • Бақа

  • Қоян

  • Түлкі

  • Аю

  • Маша


Күтілетін нәтиже

Біледі: Ертегілердің қай ертегі екенін біледі;

Игереді: Құрастыру, орналастыру деген дағдыларды игереді;

Меңгерді: Ертегіні рөлдерге бөлініп ойнай алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Открытый урок на тему "Ертегіде ?она?та"

Автор: А?жігітова Шолпан Н?ржігіт?ызы

Дата: 10.04.2016

Номер свидетельства: 317166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства