Просмотр содержимого документа
«Открытое занятие "Елигай"»
МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»
Бекітемін____________
МҚКК «БЖШО» директоры
А.З.Нигматуллина
МУЗЫКА СТУДИЯСЫ ҚОБЫЗ КЛАСЫ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Халық әні «Елігай»
Өткізген: ҚББП Молдашева Г.Н
Ақтөбе 2016 ж.
Сабактың тақырыбы: Халық әні «Елігай»
Өтетін күні: 09.11.2016жыл
Класы: 5 кл Бисенғали Аружан
Уақыты: сағ:15.00-15.45
Кабинет: №4
Сабақтың мақсаты:. Қазақ халқының музыкасы халық әндері туралы әңгімелеу, олардың шығу тарихын білуге, насихаттау, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, білім алушы бойына сіңіру.
Міндеттері:
Білімділік: Нота жазбаларын талдай отырып, аспапта орындау шеберлігін арттыру. Халық әндерін , күйлерін тыңдау, талдау, насихаттау, нотамен сауатты ойнауды үйрету.
Дамытушылық: халық әнін аспапта ойнау әдісін дамыту, музыкалық сауаттылығын ашу, есту , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Берілген тақырыпты жете түсіндіріп білімін сараптау.
Тәрбиелік: Ұлттық өнердің құдіреттілігін білім алушы бойына сіңіре отырып, рухани тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Сергіту
Жаңа сабақ әрі қарай практикалық талдау.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Бекіту.
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Білім алушыны психологиялық тұрғыдан дайындау
а)шығарманың аты: В.Моцарт «Аллегретто »
б) білім алушы шығарма авторы және әннің мазмұны жайында қысқаша айтып беру
(Екпін- музыкалық шығармалардың орындалу ерекшелігі, желісі.Екпіндер орындалу жылдамдығына қарай үшке бөлінеді.жай,орташа,жылдам). Әннің мазмұнын қалай түсінетінін білім алушыдан сұрап толықтырған соң , шығарманы білім алушы концертмейстердің көмегімен жатқа орындайды. (қателіктері болса түзетіледі)
Моцарт туғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат. Amadeus, алм. Gottlieb, итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды қалаған.
Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Волфгангқа әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен.
Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқысонаттары шығады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфония, 24 сонат болған.
3. Жаңа тақырып: Халық әні «Елігай»
а) Халық әнінің шығу тарихы , ерекшеліктері жайлы түсіндіру
б) шығармаға музыкалық теориялық талдау жасау.
в) «Елігай» халық әнін сольмизациялау, фраза бойынша санап, сольфеджио айту.
г)әнді үнтаспадан тыңдату
д) «Елігай» халық әнін педагог өзі аспапта ойнап көрсету,
Халық әні «Елігай »
-Ал, енді бүгінгі жаңа тақырыбымыз
Халық әні «Елігай » жалпы халық әні дегеніміз не?
Халық әндері:
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй,-деген.
Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында.
Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ.
Жазу-сызу дамымай тұрғанда туған әндеріміздің сөздері мен әндерін шығарушылардың аты-жөні ұмытылғанмен, ол әндердің әуені мен мәтіні бізге дейін жетіп, олар халық әндері деп аталып кеткен. Осы әннің өзінің халыққа қалай жеткендігі туралы да аңыздар өте көп. Қазақтың халық әндері орыс зерттеушілерінің назарына ерте ілікті Әрине, бұл жөнде қазақ халқының Ресейге қосылуының үлкен рөлі болды. Орыстың этнографтары, саяхатшылары, тіпті жорық себебімен барып қалған көзі ашық офицерлері қазақтың халық әндері жөнінде көп нәрселер жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында бірен-саран, бірлі-жарым болса да әндер нотаға түсіп, түрлі журнал, жинақтарда басылып шықты.
Шығармалар:
Елім-ай.Аққұм. Екі жирен. Елігай ,Жиырма бес, Жайдарман, Назқоңыр.Баянауыл.Бір бала. Жеңеше. Абай көк.Әпитөк.Әупілдек. Ой көк.Қараторғай.Шилі өзен.Қамажай.Қызылбидай.Шынар-ай.Дедімай-ау.Алқоңыр.Ахау, керім.Бозжорға.Бүлдірген.Ақдариға. Үкілім-ай.Сары бидай.Құдаша.Аңшыныңәні.Қарағым-ай. Келіншек.Тұғанжер. Сусамыр-елдіңжайлауы. Еркем-ай.Қоңырқаз, үйрек. Әй-әй, бөпем.Угай-ай.Әсемәнімсырнайдай.Жетіаралжерім-ай.Бұран бел.Угай-угай.Қаражорға.Әгугай.
Осы әндердің ішінен бүгінгі біздің үйренетін әніміз, бәрімізге мәлім ел аузында жатталып қалған, «Елігай»әні.
«Елігай» әнін нотаға түсірген В.Моцарт (19-19) өнер танушы, профессор, композитор. 500-дей қазақ халық әндерін нотаға түсіріп,халық әндерінің жинағын шығарды. Қазақ музыкасын кәсіби деңгейге көтерді.
Шығармада кездесетін динамикалық белгілерін анықтау.
(Динамикалық белгі дегеніміз-музыкадағы дыбыстың күшейіп, азаюын динамикалық белгілер дейміз).Әнді концертмеистердің көмегімен сольфеджио орындау,(қателер болса түзету)
Үнтаспада шығарманы суймелдеушінің және әннің айтылуын тыңдатып, салыстыру
Педагог шығарманы өзі ойнап көрсету
6.Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, өткен жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
«Инсерт әдісі»
Не білдім
Білгім келеді
Мен үшін жаңалық
Халық әні дегеніміз не? Оларды атап айтып бер?
7.Үй тапсырмасы: Халық әні «Елігай » бір шумағын және қайырмасын 1-10 такті аралығында ойнап, қарап келу.
8.Білім алушыны бағалау:
9.Бекіту.
Пайдаланған әдебиеттер: 1)Қазақ халық әндер жинағы «Қазақстан» Ұлттық Энциклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев –Алматы «Қазақ энцеклопедиясы» « Бас редакциясы»1998 ж 2)Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық Алматы «Аруана» Ғ.А Уразалиева – Шілдебаева «Қобыз аспабын сатылай үйрену» хрестоматия.