Просмотр содержимого документа
«"Отбасы жарасты?ы" д??гелек ?стел »
Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Мақсаты: балалардың «сыйластық, махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
-Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: дөңгелек үстел, пікірлесу, әңгімелесу.
Сабақ барысы:
Тыныштық сәті. Отбасы мүшелеріне сүіспеншілік сезімін арттырайық . М. Қуанышбековтың «Сен бақытты ұлансың!» әнін бірге жаймен оқып, ата мен әженің, ана мен әкенің, орын алатынын түсіндіру. Жан дүниемізден шыққан нұр сәулесін осы әрбір отбасы мүшелеріне бағыттайық. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Әңгімелесу: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып пікірлеседі: М: Отбасы сыйластығы дегенді қалай түсінеміз? Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Мәтінмен жұмыс
«Отбасы татулығы» (аңыз әңгіме) мәтінін оқу, талдау
1.Өсиет әңгіменің мәні неде?
2. Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
3. Саған ұнаған кейіпкердің жағымды қасиеті қандай?
Дәйексөз(жағымды ой пікір)
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» (халық мақалы)
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді
І топ Отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды. Автор А. Самиголлаұлының «Сыйластық» өлеңін кіріспе ретінде оқиды.
Ата болып ақыл айтып көріңдер,
Әже болып ертегі айтып беріңдер,
Әке болып еркелетіп көріңдер,
Ана болып мейірімділік төгіңдер
Аға болып үлгі көрсет кішіге,
Іні болып көмектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп бауырында саяла.
Сахналауда осы өлең жолдарын басшылыққа алады
ІІ топ отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады
Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ
Бала- жағасындағы құрақ
Ата- бәйтерек,
Бала- жапырақ.
Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарысыңнан құтыла алмайсың.
Жақсы бала-сүйеніш, жаман бала- күйініш
ІІІ топ Үлкендердің өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтады, осы сөздерге лайықты болуға әсер алады.
Ә.Сүлейменовтің «әкем-әнім» әнін балалар үн таспаға қосылып бірге орындайды.
Тыныштық сәті: Оқушыларды тағы да жағымды ойға түсіру. Оқушылар осы дөңгелене отырған бойы көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан не үйренгенін естеріне алып, іштей өздеріне ата-ана, отбасына барлық әлемге жақсылық, тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді.
«Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін
Мектеп директоры Л.Хамитова
Отбасы жарастығы
(Дөңгелек үстел)
Сынып 9-10 сыныптар Жауапты мұғалімдер: Қалибекова У.Ы