«Өнерлі отбасы»
(Сайыс сабақ)
Мақсаты: ата-аналар мен тәрбиеші, оқушы арасында тығыз байланыс қалыптастыру.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, сана-сезімін дамыту. Ата-ана мен бала-
ның өзара сыйласымдығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге,
құрметтеуге дағдыландыру.
Жүргізуші: «Отбасы- шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу
ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ «Бала –
адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала –өмірдің жалғасы,
отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта
жақсы азамат юолып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін
ұлттық тәрбиеге байланысты.
Біздің интернатымызда «Өнерлі отбасы» атты сайыс ұйымдастырылып
өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы балаларымызды қошемет-
теп ортаға шақырайық.
Әлмұхамбетовтер отбасы
Жұбайшиндер отбасы
Ажигуловтар отбасы
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып, -деп бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп,
Жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Аленова Гүлмира Жарменқызы
Танабергенова Берік Тұрмағанбетқызы
Исатаева Жанргүл
Ж үргізуші: Бауырлар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал, ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады: 1. Кел танысайық.
2. Ойланайық, пікірлесейік
3. Көңілді сайыс
4. Өнерлінің өрісі кең
5. Білгенге маржан
Жүргізуші: Отбасымыз келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен ізетпен танысуға.
(Әр отбасы өздерін таныстырып өтеді)
Жүргізуші: « Халық тәлім –тәрбие бастауы» сайыскерлерге ситуациялық сұрақтар қою.
Жүргізуші: «Көңілді сайысымыз» екі бөлімнен тұрады.
1-бөлімінде «Бақытты отбасы» қандай? – деген тақырыпқа сайысқа қатысушы
топтарымыз жоба қорғайды. Сайыскерлерге плакат, фломастерлер таратылып
ойлануға бес минут беріледі.
2-бөлімі «Құндылық құнын ұғыңдар» деп аталады. Балаларға карточкалар бері-
леді, бір –біріне қарамай толтырулары керек. Әр ұқсас жауапқа ұпай саны
қосылады.
Отбасыңдағы ең сүйкімді ...........
Ең қымбат ..........
Ең ардақты ......
Ең мықты ..........
Ең сыйлы .......... адамдарды ата.
Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында. – деп келесі сайысымызға да келіп жеттік. «Өнерлінің қрісі кең» - сайыскерлер өз өнерлерін топ болып ортаға салады.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімеген
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ендігі кезек әділ қазы алқаларына беріледі.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздер бүгін «Өнерлі отбасы» сайысын көріп тамашала-
дыңыздар. Сіздерге әрқашан да сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін. Осымен сайысымыз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға
алғысымызды білдіреміз.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық
жанындағы интернатпен№7 орта мектеп
Тақырыбы:
«Өнерлі отбасы»
(сайыс сабақ)
Өткізген: Баракова Айслу Еркінқызы
2015-2016 оқу жылы