kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойыншы? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?жей балалар?а ж?мба? жасырады,балалар атын ата?ан ойыншы?тарды шетінен шы?арып,?стел ?стіне ?ояды.

Ж?мба?тарды шешеміз.

?йлері?де,д?кенде,

Ба?шада т?р с?реде

Балалар жа?сы к?реді.

Жалы?пай ойнап ж?реді.(ойыншы?тар)

Ж?рісі майма?,майма?,

?стіндегі тоны ж?п-ж?мса?(аю)

?зі кіп-кішкене,д?п-д??гелек

Тапшы к?не біле алса?,

?зі?нен де биік асады.

Мы?тап жерге ?ра алса? (доп)

?жей балаларды мада?тап,ж?мса?,пластмаса,резе?ке ойыншы?тарды ?олдарына ?статады, жеке-жеке сипаттап,?зі толы?тырады.

Т?жірибе жасаймыз

«не бай?ады?» дид\?жатты?у

Т?рбиеші допты тегешке  ??йыл?ан су?а салып,не бол?анын с?райды.

Сергіту с?ті

 «Біздерде бар ойыншы?»

«Сондайын тап»

?стел ?стінде бойы ?рт?рлі ж?мса?,резе?ке,пластмассадан жасал?ан ойыншы?тар т?рды. Т?рбиеші балалар?а

-Алмас,ж?мса? керікті алып келе ?ой.- ойыншы?тарды ал?ызып,олардан алып келген ?андай ойыншы? екенін с?райды.

?же балаларды мада?тап, ойыншы?тарын сындырмай ?статуды, тату ойнауды тапсырып,?оштасып шы?ып кетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ойыншы? т?рлері»

Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Ойыншық түрлері»

Мақсаты:

Білімділігі: балалар әртүрлі ойыншық түрлерімен таныстыру;заттардың қасиетін меңгерту

Дамытушылығы: таным белсенділігін артыруға

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ойын

Көрнекіліктер мен құралдар: жұмсақ ойыншық,әже қуыршақ,резеңке доп,ыдыстағы су

Қос тілді компонент: ойыншық-игрушка,балабақша-детский сад, сыйлық -подарок

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Топқақолында себеті бар әже кіреді,өзінің балаларға әкелген сыйлығы бар екенін айтады.


Балаларәжеймен амандасады.

Іздену-құрастыру


 Әжей балаларға жұмбақ жасырады,балалар атын атаған ойыншықтарды шетінен шығарып,үстел үстіне қояды.

Жұмбақтарды шешеміз.

Үйлеріңде,дүкенде,

Бақшада тұр сөреде

Балалар жақсы көреді.

Жалықпай ойнап жүреді.(ойыншықтар)


Жүрісі маймаң,маймаң,

Үстіндегі тоны жұп-жұмсақ(аю)


Өзі кіп-кішкене,дөп-дөңгелек

Тапшы кәне біле алсаң,

Өзіңнен де биік асады.

Мықтап жерге ұра алсаң (доп)

Әжей балаларды мадақтап,жұмсақ,пластмаса,резеңке ойыншықтарды қолдарына ұстатады, жеке-жеке сипаттап,өзі толықтырады.

Тәжірибе жасаймыз

«не байқадың» дид\қжаттығу

Тәрбиеші допты тегешке құйылған суға салып,не болғанын сұрайды.


Сергіту сәті

«Біздерде бар ойыншық»


«Сондайын тап»

Үстел үстінде бойы әртүрлі жұмсақ,резеңке,пластмассадан жасалған ойыншықтар тұрды. Тәрбиеші балаларға

-Алмас,жұмсақ керікті алып келе ғой.- ойыншықтарды алғызып,олардан алып келген қандай ойыншық екенін сұрайды.


Әже балаларды мадақтап, ойыншықтарын сындырмай ұстатуды, тату ойнауды тапсырып,қоштасып шығып кетеді.


Балалар әжей мен тәрбиешіні тыңдап отырады.





Ойланады жауаптарын айтады.

Ойыншықтарға қарайды











Тәрбиешініңиәрекетін бақылап,доптың суға батпағанын,үстіне су жұқпағанын айтады.


Қимылдар жасап,сөздерін қайталап отырады.


Қолына алған ойыншықтарын алады,қолдарымен ұстап сезіп көреді.











Әжейге рақмет айтады,қоштасады.

Рефлексивті- түзетушілік

«Сенің ойыншығың қандай?» жаттығуымен балалардың білімдерін бекітеді. Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 Заттарды анықтай отырып,оларды зерттеп,салыстыруды.

Қандай түсініктерді игерді:


Ойыншықтарды сипаттауды,олардың тікелей құрылымын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



Ойыншықтардың әртүрлі материалдан жасалатынын



Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б


















Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Саяжайдағы өсімдіктер»

Мақсаты:

Білімділігі: Емдік шөптердің шипалы, қасиеттері жайлы, балалардың түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге, әрқайсысын дұрыс атауға және қалай пайдалану жолдарын үйрету, дұрыс жинау, сақтау ережелерін білуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Тақпақтар, тиым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды қоршаған ортаны, өсімдіктерді қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ойын

Көрнекіліктер мен құралдар:

Қос тілді компонент: гүл-цветы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері:


(Қимыл-қозғалыс арқылы)

Қуан шаттан алақай!              Күліп шықты күн бүгін,                  Қайырлы таң қонақтар!          Қайырлы таң достар!

Іздену-құрастыру

Балалар, сендер бір – біріңе сәлеметсің бе, амансың ба, саумысың деген ғажап сөздерді айтып жатасыңдар. Ал, бұл сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме?  Амансың ба деген бұл адамдарға  ұзақ өмір тілеу.

Денсаулық деген не балалар?





Ауырып қалғанда біз не істейміз?



Дұрыс айтасыңдар, дәріні де өз мөлшерімен ішеді. Дәрімен қатар біздің ата – бабаларымыз емдік шөптерді пайдаланған. Бүгін  біз сабақта қасиеті бар көптеген өсімдіктермен танысамыз.  Балалар, бүгін бізге қонақ келіп отыр. Бұл қонақ кім? Танисыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар бұл дәрігер

Балалар, оқу іс – әрекетін бастамас бұрын, мына сұрағыма жауап беріңдерші?

-         Қандай гүлдерді білесіңдер атап беріңдерші?


«Дәрілік өсімдіктер» екіге бөлінеді. Бөлме және дала өсімдіктері. Бөлме өсімдіктері адамның көмегімен бөлмеде өседі, олар алуан түрлі. Ал, қазір табиғат бұрышындағы емдік өсімдіктерді атап шығайық.

Кактус, алоэ, түймедақ.

Ал, кактус– бойында емдік қасиетітері мол өсімдіктердің бірі болып табылады. Оның тікенектеріне қарап, адамдар суық қабылдайды, алайда кактусты үйдегі теледидар,компьютерлердің жанына қойсақ, олардан шығатын зиянды сәулелерді өзіне сіңіріп, жойып отырады да, адамның көз жанарын  сақтауға септігін тигізеді.

 

Алоэ – шырынды өсімдік. Ел іші «жүз жылдық» деп атайды. Оның шырыны сағақсыз жапырақтарына жиналады. Жапырағының пішіні сәл иілген қылышқа ұқсайды. Жиектері тікенектермен көмкерілген, өркенге кезектесіп орналасқан. Алоэ жапырағын кескенде, дәмі ашқылтым, сарғыш түсті шырын ағады. Осы шырынның емдік қасиеті зор. Медицинада түрлі  дәрілер жасайды. Абайсызда қолыңды кесіп алсаң, алоэ жапырағының ортасын қақ жарып бөліп жараға таңса, қанның тезірек  ұйып,  тоқтауына көмектеседі және іріңді жараларды дененің күйген жерін, тері ауруларын емдеуге қолданады.

 

Түймедақ – бұл гүлде де емдік қасиеті бар гүл. Адамдар  суық өткен кезде осы гүлдің тұнбасын ішіп емделеді екен.



Тақпақтарын айтады.




Ойын: «Гүл мен жаңбыр»

Дала өсімдіктері дала да жаңбырмен өседі

«Гүл мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.

Ойынның шарты: Күн шықты деген кезде, гүлдер жайнап өседі. Ал қатты жел соға бастағанда, жан – жаққа шайқалады, бір мезгілде аспандабұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастағанда, гүлдер тоңып, бүрісіп, қолшатырдың астына жиналады.


Ауырмай, сырқамай көңілі көтеріңкі болу.






Дәрі ішеміз.





Дәрігер









Балалардың жуабы




Балалар тыңдап отырады































өлең жолдарын қайталап ,жатқа айтуға тырысамыз.





Ойын ойнаймыз






Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Еңбек бәрін жеңбек.



Рефлексивті- түзетушілік

Сұрақтар қою арқылы қорытады.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 емдік шөптерді;

Қандай түсініктерді игерді:


екі топқа бөлінетіні;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



Жасай aлaды: - ұқыпты оқу іс әрекетіне қатысуды;





Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б
































Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Күзгі саябаққа серуен»

Мақсаты:

Білімділігі: балабақша айналасындағы өсіп тұрған ағаштар мен таныстыру,өсімдіктер дүниесі туралы түсінік беру

Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін, тілдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды қоршаған ортаны, өсімдіктерді қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: серуен

Көрнекіліктер мен құралдар:

Қос тілді компонент: гүл-цветы,ағаштар-деревья,қайың-береза

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балаларға келген хатты көрсетеді.кімнен келгенін білу үшін жұмбақ жасырады.


Қарғып жүрер жан-жаққа

Құмар өзі жаңғаққа (тиін)


Тиіннің хатын оқиды: «Сәлеметсіңдерме , балалар! Маған көмектерін керек мені қоян досым қонаққа шақырды. Қалай барарымды білмей тұрмын-деп жазылған оқиды.



Жұмбақты шешеді.



Хатты тыңдайды.

Іздену-құрастыру


Суретпен жұмыс

Тақтадағы ағаштардың суретіне назарларын аударып,таныстырады:

  • Мынау шырша,мынау терек,мынау қайың,

  • Шыршаның инелері болады.

  • Ағашта не болады?

Ағаштарды күту тәртібі мен ережелерін таныыстырады.

Мақал:

Бір тал кессең-он тал ек

Мағынасын түсіндіреді.

«Біздің жер телімімізде қандай ағаштар өседі?» дид\қ ойын

Балабақшаның жер телімінде өсіп тұрған ағаштарды суреттен тауып,көрсетуді ұсынады.

Сергіту сәті

«Дұрыс-бұрыс» дид\қ жаттығуы

Сұрақтарға дұрыс,дұрыс емес,деп жауап беру керектігін түсіндіреді.

Сұрақтар:

  • Ағаштарды суару керек?

  • Сендер ағаштардың жапырақтарын жұласыңдарма?

  • Ағаштар көп болған дұрыс?

«Қай ағаштың жапырағы» дид\қ жаттығуы

Қайың,терек,шырша,үйіңкі ағаштарын көрсетіп,балалардың қолдарына жапырақтар таратылады. Тәрбиеші белгі берген кезде балалар тиісті ағашқа жүгіріп бару керек.

Балалар дұрыс айтыңдар тиін енді қоянның үйіне бара алатын болды.



Суретке назар аударады.





жапырақ








Балалардың жауабы




Балалар тыңдап отырады





Допты алған сайын дұрыс, дұрыс емес деп жауап береді.







Ойынды қызығушылықпен ойнайды.




Рефлексивті- түзетушілік

Сұрақтар қою арқылы қорытады.

Балалар сендер бүгін қандай аңға көмек бердіңдер?

Қандай ағаштарды білесіңдер?

Күзгі саябақтың түсі қандай?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 Салыстыруды,анықтауды

Қандай түсініктерді игерді:


Ағаштардың тіршілігін бақылауды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



Ағаштарды күтіп-баптауды.





Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б










Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келді?»

Мақсаты:

Білімділігі: нан –ас атасы екендігі туралы үйрету,нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру

Дамытушылығы:нанды қадірлеп,қастерлеуге баулу

Тәрбиелігі: нан шығаруға қатысты қызтеткерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар:

Қос тілді компонент: нан-хлеб, диірмен-мельница

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.


Аппақ,жұмсақ,дәмді

Адамға нәр береді.

Түсінің оның сары.

Бұл не?



Жұмбақты шешеді.




Іздену-құрастыру


«Сипатта» дид\қ ойын

Нанның суреті немесе өзін көрсетіп,сипаттап беруін ұсынады.

Сендер нанның қайдан келетінін білесіңдерме?

Слайд көреміз

*масақта бидай болады. Ол жерге түсіптопырақпен көміліп қалады.

*күннің көзі оны жылытты,жаңбыр оны суғарды

*бидай өсті. Оны комбайын жинап,тазалады

*тазаланған бидайды диірмен тартып,ұн жасайды.

*ұннан нан пісереді.

-міне,бір нан жасау үшін имитация арқылы қайталап,көрсетуді ұсынады.

«Мен аспазбын» ойыны

Балаларға түрлі нан өнімдерін беріп,түрлі нан өнімдерін мүсіндеудіұсынады.



Нанды суреттейді.







Балалар тыңдап отырады






Рефлексивті- түзетушілік

Сұрақтар қою арқылы қорытады.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 Наның шығуы туралы

Қандай түсініктерді игерді:


Нанның дайындалуына қажетті еңбек түрлерін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



Тұзды қамырдан тоқаш жасауды.





Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б










Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Жабайы аңдар тіршілігі»

Мақсаты:

Білімділігі: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Тәрбиелігі: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, идеялы адамгершілікке тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.

Көрнекіліктер мен құралдар: ойыншық торғай, хат, қыс мезгілінің суреттері, жабайы аңдар суреті, орманның макеті.

Қос тілді компонент: нан-хлеб, диірмен-мельница

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.


Аппақ,жұмсақ,дәмді

Адамға нәр береді.

Түсінің оның сары.

Бұл не?



Жұмбақты шешеді.




Іздену-құрастыру


Балалар қазір жылдың қай мезгілі? қыс

- Ал сендерге қыс ұнай ма?

- Қыс несімен ұнайды?

- Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.

- Осы қысқа біз қалай дайындаламыз?

- Балалар қысқа біз ғана емес жабайы жануарлар да дайындалады.

- Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?


- Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
- Балалар, ормандағы аңдар қысқа қалай дайындалды?
Балалар: Тиін өзіне тамақ дайындайды, жаңғақ, саңырауқұлақ жинайды.
- Аю жаз, күз айларында тамаққа тойып алып қыс бойы ұйқыға кетеді.
- Ал қоян үстіндегі сұр тонын аппақ тонға ауыстырады. Сөйтіп өзінің жауларынан қорғанады. Қыста жас ағаштардың сабағын жейді.
Слайд көрсету. Жабайы жануарларды көрсетіп әр біреуіне тоқталып кету. Қысқа қалай дайындалатынын және немен қоректенетіні туралы толық мағлұмат беру.
Д/О: «Не артық»

Таңғажайып сәт.
- Балалар кім терезе қағып тұр? Аузына хат тістеген құсты қолыма аламын.
- Бұл суықторғай екен ғой, бізге хат әкеліпті.
- Хатты оқу үшін мына жұмбақты шешулерің керек екен.
1. Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
2. Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
3. Өзі айлакер,
Өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
4. Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме
Жарайсыңдар балалар. Барлық жұмбақты шештіңдер.

- Тәрбиеші: Хат біздің ормандағы аңдардан келген екен. Соны оқып берейін. Біз орман аңдары жаз бойы бір – бірімізбен дос болдық, бірге ойнадық, сөйтіп қыстың қалай келіп қалғанын білмей қалдық. Күн күннен күнге суыта бастады. Сөйтіп аңдар өздеріне жылы тон тігіп берулерін сұрайды.
- Сендер мейірімді балаларсыңдар, аңдарға көмектесесіңдер ғой?
- Қазір бәріміз орманға барып достарымызға көмектесейік.
- Балалар орманда өзімізді қалай ұстауымыз керек?
- Шуылдамаймыз, сіріңкемен ойнамаймыз, қоқым шашпаймыз, ағаштарды сындырмаймыз.
- Дұрыс балалар.







Балалар тыңдап отырады



аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.



Рефлексивті- түзетушілік

Балалар ағаш арасымен жортып келе жатқан мынау қандай аң? Дұрыс айтасыңдар балалар «Түлкі» Кәне балалар түлкіні тыңдайық бізге не айтады екен. Өзімен бірге ойын да ала келіпті. «Өз түсіңді тап»

Жарайсыңдар балалар! Біздер ормандағы аңдарды көріп таныстық, ойынын ойнадық. Аңдарға рақмет айтып қоштасайық. Біздің бақшамызға қайтатын уақытымыз да таяп қалды. Кәне қоштасайық!

Балалар «Түлкі»

(Түлкі майысып өзі туралы тақпағын айтады. өзімен бірге әкелген ойынды ойнатады)


Балалар өз түстеріне байланысты отырады.

Аңдарға рахмет айтып, қоштасады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


Жабайы жануарлар туралы және олардың балалары туарлы мағлұмат алады.

Қандай түсініктерді игерді:


Жабайы жануарлар туралы түсініктерді игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



Жабайы жануарларға қамқор болуды тәрбиелеп, меңгереді.




Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б










Технологиялық карта № Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Өткен шаққа саяхат»

Мақсаты:

Білімділігі: шаңсорғыштың не үшін керектігі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту;

Тәрбиелігі Жиһаздары күтуге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар:

Қос тілді компонент: нан-хлеб, диірмен-мельница

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалар топқа кіріп  жарты шеңбңр құрайды. Тәрбиеші балалар назарын қонақтарға аударады.-         Балалар, іс -әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің –біріміз жылуымызды сезінейік.                             Армысың  алтын күн,                             Армысың асыл  жер.

                             Армысың  көк  аспан,

                             Армысың жан  досым.

                             Жылуыма жылу  қос,

                             Міне , менің  қолым



Жұмбақты шешеді.




Іздену-құрастыру

Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

         Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—         Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—         Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Тәрбиеші балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

—         Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—         Жиһазды қалай күту керек?

4. Ойын «Суретті жинап ал!»

—         Ал біздің тобымызда қандай жиһаз бар?




Қызығушылық танытады.

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Аю шығады

-Үйде

—         Жиһаз



 

-Иә

 

Балалар кезекпен жиһазды атап және ол не үшін керек екенін түсіндіреді. Кейін балалар «Дүкеннен» жиһазды алып қонжықтың бөлмесіне апарып қояды.

 

 

 

 

Балалар жұмбақтарды шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастарын алдына –артына, оңға-солға еңкейеді.

Аюлар секілді жүреді

Аяқ ұшына қолдарын жеткізіп еңкейеді.

Қол жоғары, денені оңға –солға еңкейу

 

Қолдарын жоғары көтеріп, иыққа түсіру.

 

 

 

«Үш аю» ертегісі

 

 

 

Маша

 






Рефлексивті- түзетушілік

         Біз бүгін сабақта не жасадық?

—         Қонжық пен үш аюлар сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға өте көмектестіңдер. Олар енді біледі үйде қандай жиһаздар болу керек және  жиһаздарын қалай күту керек екенін.

Қонжық балалармен қоштасады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 Жиһаз атуларын дұрыс айтуға дағдыландыру. үйрену.

Қандай түсініктерді игерді:

Жиһазды күтуге

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:





Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ойыншы? т?рлері

Автор: Темиртасова Бакытгуль Байжановна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282933


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства