kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ою-?рнектер

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ою-?рнектер" атты сынып са?атыны? ма?саты о?ушыларды ою-?рнеер т?рлерімен таныстыру,т?сінік беру.Саба? барысында о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту ?шін та?па? жолдарын пайдаландым.

Балалар ?здері дайында?ан м?ліметтерін айтып ою-?рнектерді? т?рлерін к?рсетті.Слайд ар?ылы о?ушылар с?зж?мба? шешті,ма?алдар-м?телдер айтты.Саба??а ата-ана Жагипарова Роза апай ?атысып ?з ?нерімен таныстырды:ою жолдарын к?рсетті.О?ушылар практикалы? т?рде т?рлі т?сті ?а?аздардан оюлар ойды.?ыз балалар ?желерімен,аналарымен бірге ою оятындарын айтты.

Саба? ма?сатына жетті:балалар ?нер туралы білімдерін тере?детті.Эстетикалы? тал?амдары дамыды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ою-?рнектер »

Тақырыбы: Ою-өрнектер

Мақсаты: 1.Оқушыларға ою-өрнектердің түрлері туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың ұлттық шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып,қолданбалы -сәндік өнер туралы білімдерін тереңдету.

3.Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Көрнекілігі: ою-өрнектердің үлгісі,көрме,суреттер,кесте,сөзжұмбақ.

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

3.Қызығушылық ояту.

- Балалар,біздің ата-бабамыз қолөнермен айналысқан,уақыт өте келе,сол өнерді жетілдіріп ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған.Киіз басу,сырмақ тігу,киім тігу,түрлі асыл тас пен темірден қыздардың әшекей бұйымдарын,үйге керекті заттарды жасаған.Бұл жасаған заттарын өмірмен,табиғатпен байланыстырған.

4. Айтолқын: -«Өнер-таусылмас азық,жұтамас байлық» дейді халық даналығы.Бабаларымыздан қалған өнердің бірі - ою-өрнек.Оларды жоғалтпай үйреніп,ары қарай дамыту біздің міндетіміз.

Бексұлтан: Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу.Қазақ халқы жері от,суы мол жайылым қуып,кең сахарада жүріп,жер суының қадір-қасиетін жетік білген.Жайлы қоңыс іздей жүріп,табиғаттың қасиетін де байыптаған.

Айна «Ою ойғанның ойы ұшқыр».Ою адамның ойлау қабілетін дамытып,жүйкесін бір жүйеге келтіреді.Әсемдікке,әдемілікке талпындырады.

Мөлдір: «Ою-өрнек» деген сөздің мағынасы – бір нәрсені,кесіп алып жапсыру немесе екі затты оя кесіп қиюластыру,не бірдеменің бетіне оюлап бедер түсіру.Қазақ «ою» және «өрнек» деген қос сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді.Орнамент – көп елдің тіліне сіңген көпұлттық термин.Мағынасы – сәндеу,әрлеу,әсемдеу.Осы әсемдеу элементтердің үнемі ырғақты қайталанып,симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылым ою дейміз.

Ернар: Ою дегеніміз не? Біріншідер,ол ағашты қашау құралымен ойып,бедер салуды білдірсе,екіншіден бұйымға салынатын әшекейдің бір бөлшегі.Өрнек оюлардың бірнеше бөлшектерінен құралған топтамасы.

Ақнұр: Халық шеберлері бір затты немесе үй жиһазын көркемдеп,әсемдеп жасаса,оны өрнектепті деп,ал жүргізілген жұмыс түрін оюлап жасапты дейді.Оюшы деген кім? Оюшы өрнекті ағаш бетіне арнаулы құралдарымен ойып шығаратын кісі.Өрнек оюшы үй тұрмысында қолданатын жиһаздарды оюлап,әшекейлеп жасайды.

Мұғалім: - Қазақ халқы қолөнеріндегі ою-өрнектерді әр түрлі заттарға ұқсастырып жасаған.Мысалы,өсімдіктердің түріне,судың ағысына,құстардың ұшуына,жануарларға байланысты ою-өрнектерді құрастырған.

-Ою – өрнек неше топқа бөлінеді?


Жануар тектес

Өсімдік тектес

Ғарыштық

Геометрия

Мүйіз

Тайтұяқ

Қосмүйіз

Сынық мүйіз

Омыртқа

Қазмойын

Ағаш

Өткізбе жапырақ

Шырша

Үш жапырақ

Гүл

Жауқазын

Шеңбер

Кемпір

Күн

Шимай

Төртқұлақ

Шұғыла

Жұлдыз

Айшық ай

Сүйір

Ирек

Төртүшгүл

Балдақ

Қармақ

Мөлдір:

Жан-жануарлар тектес ою-өрнектер.

Қошқармүйіз – қазақ оюының көне түрі.Сырмақ,текемет,алаша,кілем,киіз,сүйек,ағаш,зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

Түйе өркеш-түйенің қос өркешіне тектес ою-өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірдей бейнесін бейнелейтін өрнек.

Айна: Космогониялық ою-өрнектер

Ботакөз – сытрқы пішіні ботаның көзіне ұқсапкелетін ромбы тәріздә өрнек.

Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек.Бұйымдардың жиектерін,ортасын көикеруде.

Мұғалім: -Өте жақсы.Өнерді – таудың бұлағынан,қойдың құлағынан,апамның киізінен,қошқардың мүйізінен үйрендім –депӘбілхан Қастеев айтпақшы,сендер ою туралы білгілерің келе ме?

Бақыт: Мүйіз өрнегі – қойдың,ешкінің,сиырдың екі мүйзін ғана бейнелейді жйне кейде «ырғақ» кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді.Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киімкешек,қару-жарақтарды безендеруүшін пайдаланылатын қой,ешкі,сиыр,бұғы,марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек.Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукеле,айырқалпақтың төбесіне,шетіне,қамзолдың алдыңғы жағына,етіктің қонышына салады.

Бексұлтан: Қырық мүйіз – бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп-көп мүйізді оюлардан құралады.Қырық мүйіз оюы дөңгелек,шаршы,кейде бұтақты ағаш тәрізді болып бейнеленеді.Түскиізде,тон,кесте,сырмақ,текеметтерде,сәулеткерлік туындыларда кездеседі.

Айна: Арқар мүйіз-бұл оюды қошқар мүйізге өте жақын бір тектем өрнек деп атауға да болады.Арқар мүйіз өрнегінің қошқармүйіз өрнегінен айырмашылығы-бұл ою бұратылып келген мүйіз.

Мөлдір: Бұғымүйіз:аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.Бұғымүйіз оюы сәндікпен,көз тартып,ұрпақтарға алмасуда.

Аружан: Жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды.Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

Асар: Балта-атына сай балтаға ұқсас немесе баспа «Г» әрпі тәрізді өрнек.Кесте мен өрмек өнерінде жиі кездеседі.

Ернар: Ботагөз ою-өрнегі бірнеше қайталаныпкеліп,ормалдың шетіне көмкере жиектеме түзейтін,сырт пішімі ботаның көзіндей ромб тәрізді геометриялық ою.Ежелден пайда болған халақтық өрнек.

Мұғалім: -Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады

Болмаса зат өрнексіз

Ешбір мәнсіз болады-демекші,назарларыңызды көрмеге аударыңыздар.

-Балалар,сендердің үйлерінде ою-өрнек оятын адамдар бар ма:

-Жақсы,онда ортаға Мөлдірдің мамасы Роза апайды шақырайық.Роза апай,қош келдіңіз.Сіз ою-оюды ұнатасыз ба?

-Сізге балалар өздерінің сұрақтарын дайындап әкеліпті.Соларға жауап берсеңіз.

-Сіз неше жастан бастап ою ойдыңыз?

-Ою оюды кімнен үйрендіңіз?

-Ою ою сізді немен қызықтырады?

-Ою ойып үйренуге қиын ба және көп уақыт алама?

-Оюдың қандай түрлерін көп оясыз?

(Өзінің әкелген жұмыстарын көрсетеді)

Сөзжұмбақ шешу:

1.Іс тіккенде саусаққа киеді. \оймақ\

2.Қайшымен ... \қию\

3.Иненің ... \көзі\

4.Сырып жасалған төсеніш \сырмақ\

5.Тігу құралы \ине\

6.Қол тігісінің бір түрі. \көктеу\

7.Сәнді тоқыма жиһазы \кілем\

Өнер, ою-өрнек,еңбекке байланысты мақал-мәтелдер.

«Ою ойған сызу да сызады»

«Еңбек-өнер өрісі,

Өнер-өмір жемісі»

«Өнер көзі халықта»

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»

«Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын»

«Ою ойсаң ойланып,

Өсер сенің өрісің»

Мүғалім: -Жарайды,мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер.Қазір қыздардың орындауында биді тамашалайық.Ал қалғандарымыз олардың қимылдары-нан қандай ою элементтері кездесетінін табайық.

-Енді ұлттық өнеріміз туралы өлеңдңр тыңдайық


Асар: Ою-өрнек қарасаң

Өңкей мүйіз тігілген

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Ақнұр: Тұскиіз төрде ілінген,

Ою қандай әдемі.

Өрнегі ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Айна: Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық жан керек.

Бақыт: Оюды ойған жинаймын.

Апама оны сыйлаймын

Сырмаққа тіксе оларды,

Басуға оны қимаймын,

Қорыту: Міне балалар,бүгін сендермен ою-өрнек туралы білімдерімізді кеңейттік.

-Ою-өрнек өнерін қашаннан бері пайдаланып келеді?

-Ою-өрнектің неше тобы бар?

-Қандай ою-өрнектер білесіңдер?


Қолданылған әдебиеттер:

Дүниетану «Алматы кітап» 3-сынып

Мектептегі технология №3 2012ж

Ою-өрнектің жасалу жолдары. Авторлар:Сапар Толенбаев,Маргарита Өмірбекова Алматы «Қағанат ЛТД»1993 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ою-?рнектер

Автор: Амзина Кустай Шариповна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153771


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства