kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз-?аза?ы ата-д?ст?рім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

это план внекласного урока на тему "Наурыз-жыл басы". Заданий очень интересные для учеников.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз-?аза?ы ата-д?ст?рім"»

Тәрбие сағаты

5а-сынып

14. 03. 2016.

Сабақтың тақырыбы:

Наурыз – жыл басы.

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тойлануы туралы толық мағлұмат беру, көрісу айт туралы ұғымдарын кеңейту.

Табыс кретийлері

Оқушылар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тойлануы туралы толық мағлұмат алады, көрісу айт туралы ұғымдары кеңейеді.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрене отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенінбіледі. Оқушылардың ойлауы, ой-қиялы, өрісі, іздену негіздері дамиды.

Әдіс-тәсілдер:

Тренинг, кубизм, рөлдік ойындар, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, постер қорғау.

Модуль

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.

3-модуль. АКТ.

Ресурстар:

Тапсырмалар жазылған қағаздар, бейнеролик, постерге арналған қағаз, А4 парақ.

Барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу тренингі арқылы оқушылармен амандасу (әр ұлттың сәлемдесуін көрсету арқылы).

Әр ұлттың амандасу тәсілін көрсету арқылы тренингке қатысады.

3 мин

ІІ. Қызығушылықты ояту

Наурыз мерекесі туралы бейнероликті тамашалайды. Сұрақтарға жауап береді.

1. Наурыз кімдердің мейрамы? Қай елдерде тойлайды?

2. Наурызды қай күні тойлайды?

3. Не себепті 22 наурызда?

4. Наурыз мейрамының белгілері қандай?

5. Наурыз атауы қайдан шыққан?

Бейнероликті қарайды. Сұрақ-жауапқа белсене қатысады.

10 мин

ІІІ. Мағынаны тану

Кубизм

Постер қорғау





















Сұрақ-жауап

Венн диаграммасы












Рөлдік ойындар


1-топ: Суреттеу. Наурыздың бұрынғы кезде және қазіргі уақытта тойлануындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы постер қорғау.

Таныстыру. Жағдаят. Наурыз айында сенің Италиядағы досың елімізге демалуға келіп жатыр. Шетелдегі досыңа Наурыз мейрамын қалай түсіндіріп, таныстырар едің? (Таныстырылым өлең, көрініс, жарнама т.б. түрінде).















2-топ: Сұраққа жауап беру.

1) Наурыз мерекесінде ойналатын ойын-сауық түрлері қандай? (көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ат жарыс, алтыбақан, теңге ілу, ақсерек пен көксерек, айқыш-ұйқыш, қазақша күрес т.б.)

2) Наурыз мерекесінде жасалатын тағам түрлері.

Салыстыру. Жаңа жыл мен Наурыз мерекесін салыстыру.


3-топ: Талдау. Еліміздің батыс өңірінде ғана қолданылатын көрісу айты туралы айту, мәлімет беру.

Қолдану. Наурыз мерекесіне немесе көрісу айтына қатысты көрініс қою.

1-топ: Суреттеу. Бұрынғы уақытта Наурыз мейрамын тек мұсылман қауымы мен түркі тілдес халықтар ғана тойлайтын болса, қазіргі кезде еліміздегі басқа ұлт өкілдері де бұл мерекені тойлауға атсалысатындығын ажыратып, бұл мереке тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, бірлік пен татулықтың, ынтымақтастың символына айналғандығын айтып, өз тұжырымдарын қорытады.

Таныстыру. Жағдаятқа сәйкес Наурыз мерекесіне таныстырылым жасайды (өлең, көрініс, жарнама т.б. түрінде).


2-топ: Сұрақтарға жауап береді. Наурыз мерекесінде ойналатын ойындар мен әзірленетін тағам түрлерін айтады.

Салыстыру. Жаңа жыл мен Наурыз мерекесін салыстырады.




3-топ: Талдау. Еліміздің батыс өңірінде ғана қолданылатын көрісу айты туралы айтып, мәлімет береді, өз отбасыларында қалай тойланатыны туралы айтады.

Қолдану. Наурыз мерекесіне немесе көрісу айтына қатысты көрініс қояды.

20 мин

IV. Толғаныс

Шығармашылық жұмыс

1-топ: «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» тақырыбында ойтолғау жазу.







2-топ: Наурыз мерекесіне қатысты бата беру.

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін.
Халқымыз тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!


3-топ: Көрісу айтына қатысты өлең шығару.

Маңғыстау облысында көрісу айты «амал күні» деп аталады. Оқушыларға осы туралы өлеңді мәнерлеп оқып беремін.


Амал күні

Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.

Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.

Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге.

Ағайынды араздық ірітеді,
Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі.
Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды
Көріскен күн көңілмен жібітеді.

Қаймана елді қаратқан ауызына
Қарттарыма қарсы тіл қата алмайды.
Құшақтасып көрісіп қуанышпен,
Ауыл-үйдің арасын сапарлайды.

Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін,
Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды.
Өткен жылдың өкпесін, өкінішін
Жаңа жылға арқалап апармайды.

Татыр төбе бөленіп таңмен нұрға,
Бас бостандық берілер заңмен құлға.
Он төртінде наурыздың от жағылып,
Ошақ басы толады ән мен жырға.

Сергек бала сең-қарды сере бұзып,
Деміл-деміл жүгірер дене қызып...
...Көрісейік ендеше, ей, адамдар,
Көңіл шіркін сілкінсін көбе бұзып.

Ел жайлаған иесіз қап Еділ бойы,
Тұнып жүрек түбінде шөгінді-ойы;
Алла содан сақтасын –
адамдар бар
Көріспестен кететін өмір бойы.

Суынуға келгем жоқ сұм дүниеге,
Бұл ғаламға адамзат бір күн ие ме?!
Бірін-бірі көрместен, көріспестен
Кетіп жатыр қанша адам бұл дүниеде!
Рахат Қосбармақ

Оқушылар топ болып берілген тапсырмаларды орындайды.

1-топ: «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» тақырыбында ойтолғау жазады.


2-топ: Наурыз мерекесіне қатысты бата береді.













3-топ: Көрісу айтына қатысты өлең шығарады.

Өлеңді тыңдайды.

8 мин

V. Қорытынды

«Наурыз – думан» әнін орындау.


  • Осымен, оқушылар, сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Оқушылар «Наурыз-думан» әнін айтады.

4 мин


Абай атындағы мектеп-гимназия








Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз»







Өткізген: 5а-сынып жетекшісі

Құраубай А. С.












2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Наурыз-?аза?ы ата-д?ст?рім"

Автор: ??раубай А?г?л Са?ынды??ызы

Дата: 29.04.2016

Номер свидетельства: 323457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства