Мақсаты: қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Кешенді міндеттері:
- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;
- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;
- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
Танысу « Шаттық шеңбер» Әр оқушы есімінің бастапқы әрпіне сын есім жалғап айтады.
Тірек сөздер:
Әнұран, Елтаңба, Ту, Конституция, Астана, Мәңгілік ел, Отан, Туған жер, Ана тілі, ЭКСПО, Қазақстанның патриоттары, Тарихи тұлғалар, Ескерткіштер.
Патриот – бұл...........
1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін
Н.Ә. Назарбаев
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.Жастары жалын жүректі,өршіл намысты,биік рухты болса- ол елдің еңсесі де биік болады.Өршіл,намысшыл, жас отаншыл,патриот келеді, халқына,өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
Нағыз патриот-өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап,оларды түзеуге ықпалдасатындар.
«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»
“Жалғасын тап...”
1. Отан –
2. Туған жердің күні де ыстық, ....................
3. Туған елдей ел болмас, ........................
4. Отансыз адам - ......................
5. Өз үйім - .........................
6. Ел іші - ..........................
7. Отан – қуат, ............................
8. Өзге елде сұлтан болғанша, ......................
9. Отан үшін ..........................
10. Ел болам десең, .............................
Қорытынды:
Б – білімімді арнайтын
О – Отанымды қорғайтын
Л – лаңкестікті даттайтын
А – адалдықты жақтайтын
Ш – шуағымды шашатын
А – асулардан асатын
Ғ – ғарыш сырын меңгерген
Ы – ынтымақты тең көрген
М – менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А – арманына жететін
З – заңды жақсы білетін
А – алға қарай жүретін
Қ – қайырымды елімнің
С – салтанатты жерімнің
Т – толықтырам сенімін
А – абыройын, жігерін
Н – намысын қолдан бермейтін
Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің
Рефлексия
Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.