«?стаз» деген арда?ты, киелі, ?лкен ??рметпен айтылатын с?з, ол ?р адамны? жастайынан сауатын ашатын, ?неге ?йретіп, т?рбие беретін «Білім» атты кемеге отыр?ызып, болаша??а жол к?рсететін, ана?дай ?лпештеп, ма?дайынан сипайтын адам.
?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы. Жа?сы м?рапты? артынан су ереді,
Жа?сы ?стазды? со?ынан ш?кірт ереді. ?стаз м?ртебесі-ел мерейі. ?стазы?ды ?лы ?ке?дей сыйла. ?стаз болу ж?ректі? асылды?ы. ?стаз-?рпа? ма?танышы. ?стаз ш?кіртіне білім жолын ?йретеді, білімді жан тас ?амалды к?йретеді.
«Адамны? адамшылы?ы жа?сы ?стаздан болады». Абай Б?йырмас білім то?ымай, ?стазды? ?ылма о?ымай. Жарасады сыпайылы? бала?а, ?стазы?а одырайып ?арама. ?стазы талантты болса, ш?кірті талапты болады. ?стаз-?ла?атты, салма?ты, танымал, арда?ты, зиялы адам.
Мектеп – ?йім, ?стаздарым-ата-анам,
Сенен ?сіп, сенен ?ана н?р алам
Сая? ысты?, сен м?уелі б?йтерек,
Тамырланып сан тарап?а тара?ан
Білім беру ісінде ?стаз басты ?рі шешуші т?л?а дегім келеді. Себебі ?лтты? болаша?ы-?рпа?ы?да болса, ?рпа?ты? т?рбиесі-?стаз ?олында.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Ұстаз туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларға ұстаздарды , құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ:
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қырын-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,
- деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз жүгі-ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ұстазым-екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп
Күнде ерте құшақ жая шықты алдан.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері - Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар - Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев. Әрине, бұлардың бәрі заманалық биіктіктен өз орнын иемденген ұлғаттылық иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.
Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,
Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.
Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Қазақта: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», «Ұстазға қарап шәкірт өседі», «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр», «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген нақыл сөздер бар.
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Қасым Аманжолов: «Мектеп – кеме, білім-теңіз деп тектен-текке айтпаған-ау сірә?» Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаздардың еңбегі-ұлы еңбек.
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Жақсы мұраптың артынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді. Ұстаз мәртебесі-ел мерейі. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Ұстаз болу жүректің асылдығы. Ұстаз-ұрпақ мақтанышы. Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады». Абай Бұйырмас білім тоқымай, ұстаздық қылма оқымай. Жарасады сыпайылық балаға, ұстазыңа одырайып қарама. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады. Ұстаз-ұлағатты, салмақты, танымал, ардақты, зиялы адам.
Мектеп – үйім, ұстаздарым-ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға дегім келеді. Себебі ұлттың болашағы-ұрпағыңда болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында.
Алтын бесік – отбасы,
Алтын ұя – мектеп!
Бұл екеуі де алтыннан қастерлі, неліктен? Өйткені, отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдірсе, мектеп ақылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан – жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Ал мектептегі басты тұлға – ұстаз! Ұстаздарға мың алғыс!