kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МЕЙІРІМДІЛІК - АСЫЛ ?АCИЕТ

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Та?ырыбы: Мейірімділік – асыл ?асиет.

Ма?саты: Балаларды? «мейірімділік», «?айырымдылы?» ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері:

  • мейірімділікті? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру;
  • ?зара сыйласты? ?арым-?атынастарын дамыту;
  • мейірбанды??а т?рбиелеу.

К?рнекі ??ралдары: ?нтаспа, тауы? балапандар, журекшені? ?лгісі.

Саба?ты? барысы: С?леметсіздер ме, балалар! К??іл-к?йлері? ?алай? М??алім о?ушылар?а ше?бер ??рып т?руды ?сынады. – Осындай мейірімді, а?ылды, білімді, ?айырымды жандарды к?ргеніме ?уаныштымын. Ендеше, біз бір-бірімізге к?лімсіреп, мейірімімізді шаша отырып,  б?гінгі саба?ымыз к??ілді, ?рі жарасымды ая?талуы ?шін бір-бірімізге жа?сылы?, к?тері?кі к??іл-к?й тілейік.

Шатты? ше?бері:

. Мейірімділік-асыл ?асиетіміз,

Ж?ректегі таза а? ниетіміз.

Жан д?ние кілті,

Шатты? пенен к?лкі.

Биік ?стап соны,

?адірлейік біз!

  Жа?а а?парат

Суретпен ж?мыс

  • Барлы?ымыз экранда?ы к?ріністерге назар аударайы?. (экраннан атыс,

жарылыс, зорлы?-зомбылы? сия?ты суреттер к?рсетіледі.)

  • Сендерге мына к?ріністер ?алай ?сер етті?
  • Осындай ?атыгездік, со?ыс, зорлы?-зомбылы?ты? туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік бай?ала ма?

(О?ушыларды? жауаптары ты?далады)


- Олай болса, б?гінгі саба?ымызда адамны? бойында?ы жа?сы ?асиеттеріні? бірі мейірімділік туралы ??гімелесеміз.

(та?ырып хабарланады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МЕЙІРІМДІЛІК - АСЫЛ ?АCИЕТ»

Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет.

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • мейірбандыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үнтаспа, тауық балапандар, журекшенің үлгісі.

Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мұғалім оқушыларға шеңбер құрып тұруды ұсынады. – Осындай мейірімді, ақылды, білімді, қайырымды жандарды көргеніме қуаныштымын. Ендеше, біз бір-бірімізге күлімсіреп, мейірімімізді шаша отырып, бүгінгі сабағымыз көңілді, әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй тілейік.

Шаттық шеңбері:

. Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүние кілті,

Шаттық пенен күлкі.

Биік ұстап соны,

Қадірлейік біз!

Жаңа ақпарат


Суретпен жұмыс

  • Барлығымыз экрандағы көріністерге назар аударайық. (экраннан атыс,

жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)

  • Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?

  • Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)


- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

(тақырып хабарланады)


Ойланайық, пікірлесейік

  • Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  • Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?


Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Сахналау: Оқушылар өздері сахналап көрсетеді.

  • Ал енді балалар «Сары тауық пен балапандары» атты көріністі тамашалайық.

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен.

Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған

сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын

емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.

Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

Ақ балапан: - Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан.

Тауық: - Ол тым жас.

Ақ балапан: - Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

Тауық: - Сырқаттанып қалады. Кішіміз өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне , мұның орнына кім барады? – деп сұрады анасы.

Үлкен балапан: - Мен, - деді тұңғышы.

Екінші балапан: - Мен барайын! – деді оған тетелесі.

Ортаншы балапан: - Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі.

Ақ балапан: - Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

Тауық: - Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жауырады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

  • Балалар, сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

-Ал балалар сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер


Дәйексөз

Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

АНА



Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Даналық тағылымы:

Отбасы демалыс күндерін жағажайда өткізді. Балалар суға түсіп, құмнан қамал жасап ойнады. Кенеттен алыстан кішкентай қарт ана көрінді. Оның киімдері кір, жыртық, ақ шаштары желмен жалбырап кеткен. Ол өзімен өзі күбірлеп сөйлеп, құмнан бір заттарды теріп алып, сөмкесіне салып жүр.

Ата-аналар баллаларын жандарына шақырып, кемпірге жақындауға тиым салды. Ол жандарынан өтіп бара жатып, бір затты алу үшін еңкейген уақытта отбасы адамдарына қарап күлімсіреді, бірақ бірде-біреуі қарт ананың бұл ықыласына жауап қайтармады.

-Олар бірнеше апта өткен соң, қарт ананың жағажайдан балалар аяқтарын жарақаттап алмауы үшін үнемі шыны сынықтарын теріп жүретінін естіді.

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).


Назар аударыңыз:

Ал енді балалардың «Мейірімділік» туралы жаттаған өлеңдерін назар қойып тыңдайық.


1-оқушы: Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,


2- оқушы: Ата-анаңнан кейінгі

Екінші адам өмірде.

Бала бол деп зейінді,

Мейір құйған көңілге.


3-оқушы: Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Мейірімін төгіп маған.

«Құлыншағым, күнім»-дейтін.


4-оқушы: Мейірімді жүрекпен,

Бөлісетін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп,

Ізгі істерді жақұтты!


5-оқушы: Торғайларды атпаймын,

Құмырсқаны баспаймын.

Бәрін-бәрін қорғап мен,

Мейірімді сақтаймын.

Отанымды сатпаймын,

Ақылсызға жатпаймын.

Халқымның мен үмітін,

Әрқашан да ақтаймын.


6-оқушы: Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіне,

Мейірбанды сөзіне.

7-оқушы: Бір соғып бізбен жүрегің,

Қуанып құстай түледің.

Өмірдің барлық асылың,

Әкешім сізге тіледім.

8-оқушы: Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.


9-оқушы: Мейірімді жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Бақыттымыз осы біз,

Шығармашашылық әрекет: Тапсырма бойынша оқушылар мейірімділік кестесін толтырады. Күннің бейнесін жасайды.

Шығармашылық тапсырма

І топ: «Мейірімділік гүлін» құрастыру

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.


ІІ топ: «Құстың баласын құрастыру»

(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)



Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:

Жүректен жүрекке:

Өнеге сағаты соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.

  • Қане, балалар бәріміз шеңбер құрып тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екендігін мына жүрекшені ұстап тұрып кезегімен жылы сөздерді айтып шығайық.

  • Күлімдеген күн мейірімді!

  • Жарқыраған ай мейірімді!

  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

  • Таза мөлдір су мейірімді!

  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қадірлі әкем мейірімді!

  • Еркелеткен атам мейірімді!

  • Әлпештеген әжем мейірімді!

  • Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

  • Отбасымыз мейірімді!

  • Елбасымыздың жылы жүзі мейірімді!

  • Бейбітшілік өміріміз мейірімді!Тату-тәтті достарым мейірімді! Ән: Әрқашан күн сөнбесін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
МЕЙІРІМДІЛІК - АСЫЛ ?АCИЕТ

Автор: ОНГАРБАЙ ЖАНЕРКЕ

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 309804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства