Математиканы о?ыту ар?ылы білімгерлерді шы?армашылы??а баулу жолдары
Математиканы о?ыту ар?ылы білімгерлерді шы?армашылы??а баулу жолдары
?азіргі заман?ы білім беру т?жырымдамасыны? ба?ыты-ізгілікті жеке т?л?аны ?алыптастыру. ?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы » за?ында «Білім беру ж?йесіні? басты ма?саты-?лтты? жеке адамзатты? м?дени ??ндылы?тар негізінде жеке т?л?аны? ?алыптасуына ?ажетті жа?дай жасай отырып,оны? шы?армашылы? ?абілетін дамыту» деп атап к?рсетілген. Осы?ан орай мектеп м??алімдеріні? алдында о?ушы?а білім-білік да?дыларын игертіп ?ана ?оймай,?абылдауын, ойлауын, ?иялын, сезімдерін, ерік-жігерін,я?ни бізді білімгерлерді жан-жа?ты дамыту міндеттері т?р.
Шы?армашылы? ?абілетті т?рбиелеуді? ал?ы шарттарына мына н?рселерді жат?ызу?а болады.
Просмотр содержимого документа
«Математиканы о?ыту ар?ылы білімгерлерді шы?армашылы??а баулу жолдары»
УДК 912 (с 124)
ББК 24 56
ISBN 118/2-912-8113-59-5
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Тараз «Парасат» колледжінің
Кадирман Назира
жетекші: Бупежанова Ақмарал Кошкимбаевна
Математиканы оқыту арқылы білімгерлерді шығармашылыққа баулу жолдары
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни бізді білімгерлерді жан-жақты дамыту міндеттері тұр.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
Білімгерлердің шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.
Білімгер мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.
Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.
Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса,жан-жақты дамыған,шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
«мектеп жаны – мұғалім»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай әр мұғалім шығармашылықпен дайындалуына тура келеді.Көп іздену, дайындалу,көрнекіліктер,қосымша әдебиеттерді орынды қолдана ,білу-негізгі мақсаты.Математика мамандарының іскерлігі,білім мен біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Оның ішінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту орны ерекше.
Білімгерлерді шығармашылыққа дамыту үшін психологиялық, педагогикалық алғы шарттарды негізге алған жөн:
Сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің-деп балаға сенім білдіру;
Білімгерлердің кішкентай жетістігін мадақтау;
Белгілі адамдар,ұлы адамдар өмірінен қызықты жайттарды әңгімелеп қызықтыру;
Мұғалімнің құптап оқытуы, сезім күйлері;
Шығармашылықпен айналысу үшін сабақ үстінде, мектепте жағдай туғызу;
Білім дағдыларын жүйелеу;
Оқушының өзін-өзі дамыту;
Өзіне сын тұлғасынан қарау;
Қабілетін жетілдіруге бағыттау;
Пікір шектелмейтін еркін шығармашылыққа қалыптастыру.
Білімгерлердің шығармашылығын дамытуға арналған жүйе құрғанда және сол арқылы іс-әрекетті ұйымдастырғанда интеллектуалды жоғары,ойлау қабілеті дамыған, үздік, тәрбиелі, шығармашылық жоба жасай алатын,өз көзқарасын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруға болады.
Білімгерлердің шығармашылығын дамыту үлкен маңызға ие.
Бұл педагогикалық білім беруді демократияландыру , құқықтық, жариялылық бірлесе сабақ өтумен шығармашылық ынтымақтастық қатынастарын бекіту.
Қазіргі заман талабын жете түсінген ірбір ұстаз,өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамкершілігі мол парасатты, мәдениетті жан – жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Әрбір ұстаздың мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асуы өз пәндерінен оқушыларға үздіксіз білім беру,сабақ сайын ұлттық-рухани тәрбие бойына сіңіріп отыру.
Мағжан Жұмабаев былай деп айтқан екен. «Сыртқы сезім мүшелері арқылы қабылданған дүниенің дамуына әсер ететін, ішкі сезімдердің жанды болуы, алдымен адамның зейініне байланысты. Бала зейінді болмаса ешнәрсе үйрене алмайды».
Білімгерлерді жобалаушылыққа, шығармашылыққа баулу, ізгілендіру бағытын өрістетудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке тұлғаның құрылымымен, оның даму заңдылықтарымен сәйкестікте ұйымдастырудан көрініс табады. Білімгерлердің өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды.
Педагогика ғылымы мектеп алдына жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін әлдеқашан-ақ қойғанмен, шын мәнінде оның жүзеге асуында әлде толық шешімін таба алмай отырған мәселелер жеткілікті. Қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндесжүйеленген білім көлемі оқыту тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгерту үдерісі педагогикалық психологиялық жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жететіні аян.
Білімгерлердің шығармашылық ізденістерін көтеру төрт кезеңнен тұрады.
І-кезең – бұл кезеңде мұғалім білімгерлерге қарапайым таным әрекетімен таныстырады.Есептерді шығаруға бағыт беріп, өз бетімен орындалуына мүмкіндік береді.
ІІ-кезең – бұл кезеңде мұғалім есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін көрсетіп талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді.
ІІІ-кезең – бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Білімгер аудиториядан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек, жұмысына анализ беріп, алдағы жұмысына жоспар құра білу керек.
ІV-кезең – бұл кезеңде білімгер жұмысы ізденімпаздық мағына алады. Кейбір теориялардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу, ғылыми-конференцияға баяндама дайындау.
Білімгерлерді шығармашылыққа,өз еңбегімен ләззат алу мүмкіндігін дамытуда 1-2 курстарда келесі сабақтарды өткіздік: «Бизнес», «Көкпар», «Саяхат», «Керуен», «Ертегі», «Жарыс» т.б. 3-4 курс білімгерлерә ғылыми әдебиеттерімен жұмыс істеуіне көп көңіл бөледі. Соның ішінде оқушылардың теоремалармен есептерді шешудің бірнеше тәсілдерін табуына көп көңіл бөлінеді.
Мыс: «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбын өткенде оқушыларға «үшбұрыштың ауданын» оның орта сызығын пайдаланып, төртбұрыштарға бөлу арқылы ауданын тауып келу тапсырылды. «Орта сызығы арқылы» деген сөзбен, оқушылар ізденісіне бағыт беріледі.
Есепті әр түрлі тәсілмен шешу геометриялық фигураның қасиетін толығырақ зерттеуге мүмкіндік береді.«Алгебра» пәнінде есептің шешімінің дұрыстығына көз жеткізеді.
Білімгерлер түрлі көрнекіліктерді әр түрлі тәсілдермен жасауды ұсыну да шығармашылық жұмыстарының бір түрі.
Бұл технологиялар шығапмашылықпен жұмыс істейтін оқушыға үлкен мүмкіндік береді. Ол басқа оқушылардың ілгерілеп жұмыс істеуіне және әдебиеттерді пайдалана білуге және жұмысына жоспар құра білуге үйретеді. Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндігі мол. Білімгерлерді қостай отырып, оны өз еркінен тыс елеусіз түрде тура шешімге бастау мұғалімнің негізгі мақсаты екенін естен шығармауымыз керек. Сонда ғана өзіне сенімді шығармашылықпен айналысатын білімді оқушы даярлай аламыз.
Шығармашылыққа үйрету кезеңінде оқушының көңіл-күйіне түрткі болатындай жағдай туғызбау керек. Осы психологиялық әсер оқушыны шығармашылыққа құлшындырады. Мұғалім әрқашан баланың жетістігін мадақтап, көтермелеп,құптап отырса, оның өз-өзіне деген сенімі оянады, өзін еркін ұстайтын болады. Сонымен қатар, өтілетін сабақтың оқу материалын терең ұғына біледі, оқуға,білімге деген құштарлығы дами түседі. Өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді, өз мүмкіндігін дамытады.Шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болуы қажет. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса,шығармашылықәрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Қорыта айтқанда оқушы бойында шығармашылықты дамытудағы үздіксіз құлшыныс, оқуға, білімге деген ұмтылыс өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана білімгерлердің ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып,оқушы дүниетанымы арта түсері анық.