kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма??ыстау ?лы Отан со?ысында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л т?рбие са?атында ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы Ма??ыстау хал?ы, елі, ??ірі с?з болады. Саба?ты? ма?саты - жас ?рпа??а т?уелсіздікті? ба?асын ??ындыру, халы? батырларын ??рметтеуге ба?ыттау. Майдан даласынан мы?да?ан километр ?ашы?та бола т?ра Ма??ыстау т?р?ындары ?з ?лестерін ?оса білді. Елде ?ал?ан ?ариялар мен балалар ?олынан келген бар к?мегін аямады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстау ?лы Отан со?ысында»

Сабақтын тақырыбы: «Маңғыстаулықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында»


Сабақтың мақсаты: Маңғыстаулық азаматтардың Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерін, тылдағы ерен еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге ету. Жас ұрпақты Отаншылдыққа, ерлікке, еңбекке, ізеттілік пен имандылыққа, Отанға деген құрмет сезімдерін ояту, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: : даңқты батырларымыздың суреті, фотоальбом, ерлік туралы мақал-мәтелдер, буклеттер, кітап көрмесі т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сыныпты түстер бойынша топтарға бөліп алу.

ІІІ. Кіріспе.

Ерлерді ұмытса да ел,сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Даланың селі, желі,шөлі,белі

Ерлерді ұмытпаса,Ел де ұмытпас!

Халқымыздың тарихы дүние жүзі елдері тарихымен өрелес, еншілес, ортақтас. Ықылым заманнан солай. Қазақ халқы – адамзаттың қас жауы – неміс фашистеріне қарсы жойқын шайқаста бабадан қалған ерлік және өрлік мұрасына адалдық биігінен табыла білді. Құзғындармен ұрыста жан алып, жан берді. Екі ұлы державаның өліспей беріспеу шайқастары қаншама қала селоларды жермен жексен етті. Жер өртеніп, тас балқыды. Мыңдар жер құшты. Тек бұрынғы Кеңестер Одағының өзінен 20 миллионнан астам жер құшты. Енді оқушылар мен сіздерден төмендегі сұрақтарға жауап алғым келіп тұр.

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Маңғыстау туралы не білесіздер?

  • Маңғыстаудан шыққан батырларды ата?

  • Еңбегімен ерлік көрсеткен ата-әжелерімізді атайық.

  • «Соғыс» сөзін қалай түсінесің?

  • «Бейбітшілік» сөзін қалай түсінесің?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Мұғалім : «Адам баласына бейбіт өмір сыйлау сияқты қасиетті борышқа маңғыстаулықтар қашан да адал болған. Маңғыстауда туып-өскен 6200 жерлесіміз қан майданға аттанып, хан басын осы жолға тікті. Олардың 4800-і туған жерге оралмады, ерлікпен қаза тапты, соғыстың сойқандарында хабарсыз кетті. Ер –азаматтар майданға аттанған қиын-қыстау кезеңде түбекте мал шаруашылығын өркендету, Таушықтың көмір өндірісін жеделдету, азық-түлік өнімдерін үздіксіз өндіріп, майданға жөнелту, жылы киім-кешек жеткізу міндеті ең алдымен әйелдерге, бұғанасы қатпаған балаларға түсті. Өндіріс пен мал шаруашылығының ең ауыр, азапты, мұң мен шерге толы күнделікті тұрмыстың қат-қабат михнатын әйелдер көтерді. »

Қан кешкен түлектерім,
Күзетті елін түрілген білектерің.
Сендер берген
Өмірдің арқасы ғой
Менің бүгін сендерді жыр еткенім.


Маңғыстау облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы үзік сыр.

Кеңес Одағының батыры – Бегенов Мәди. 1916 жылы Сам жеріне жақын Қаратүлей жайлауының, қазіргі Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылында туған. 1938 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына алғашқы күннен қатысқан. 1943 жылы Украинаның Запарожье қаласы маңындағы Днепр өзенінен жеделдетіп өту кезінде ерлік көрсеткен. 619-атқыштар полкінің құрамындағы оның бөлімшесі жаумен ерлікпен шайқасып, арға жағаға алғашқылардың бірі болып өтіп, шабуылдағы совет әскерлерін алға жылжытып, жеке құрамаларды ірі шығынғы ұшыратпаған. 1944 жылы 19 наурыздағы Жарлықпен оған Днепр өзенінен өту кезіндегі ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1943 жылы 1 қарашада қаза тауып, Запарожье қаласында жерленді.


Кеңес Одағының батыры – Қалдықараев Жұмағали.1922 жылы Маңғыстаудағы Ақпан ауылының Қараой жерінде туған. 1941 жылы Қызыл Армияның кавалерия полктері үшін майданға жөнелтілген жылқыларды жеткізіп, Қызыл Армияның қатарына өтеді. 7- танкіге қарсы гвардиялық дивизияның құрамында соғысқа қатысқан. 1943 жылы Днепр үшін болған шайқаста батырлығымен ерекше көзге түскен. Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 1944 жылы 25 қаңтарында Белоруссияның Мозырь қаласын алу кезінде қаза тауып, бауырластар зиратына жерленген.

Ленин орденінің иегері – Сүйеубаев Исатай. 1913 жылы Тиген жерінде туған. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған. Оңтүстік –Батыс майданның 21-армиясы 293-атқыштар дивизиясының құрамында соғысқа қатысқан. 1942 жылы қарашада Сталинград түбінде болған шайқаста танк десантының құрамында автоматтан оқ жаудырып, гранат лақтыра отырып 200-ден астам фашистің көзін жойды. 1943 жылы 14 ақпанында Ленин орденімен марапатталды.

Ленин орденінің иегері – Бекжанов Қартбай. 1919 жылы туылған. 1940 жылы Финляндиямен болған соғысқа қатысып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 54-жеке артиллерия ивизиясының құрамында соғысқа қатысқан. Орасан ерлігі үшін 1941 жылғы 20 қарашасындағы Жарлықпен Ленин орденімен марапатталды. 1942 жылы сәуірде Ленинград түбіндегі шайқастардың бірінде қаза болып, Ленинград облысының Любань қаласындағы бауырластар зиратында жерленген.

Сақтағанов Балқасым. 1925 жылы туылған. Майданға 1942 жылы аттанып, Қызылтулы Амур флотындағы соғыс қимылдарына қатысқан. 1943-1945 жылдары 1-Балтық флотында экипаж құрамында зенитті пулемет командирі, 1946-1950 жылдары 4-Әскери-теңіз флотында зенитті станок пулеметшісі болып әскери міндеттерін атқарған. Елге 1950 жылы оралған

Әденов Жекеш. 1919 жылы туылған. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы шақырылып, жауынгерлік жолын Ұлы Отан соғысында жалғастырған. 193-атқыштар полкінің атқыштар взводы құрамында Керчь қаласының түбіндегі ұрыстарға қатысқан. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Ертлеев Мұхамедд. 1917 жылы туылған. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылып, жауынгерлік жолын Ұлы Отан соғысында жалғастырған. 291,814- атқыштар полктер құрамында майдандағы барлық ұрыс жолдарынан өткен, қатардағы жауынгер, атқыш. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.

Маштанов Көбейхан. 1924 жылы туған, майданға 1942 жылы аттанып, әске дайындықтан соң, Солтүстік майданында соғысқан. Кейін 2-Беларус майданында 133-артиллерия полкінде зеңбірек нысанашысы болып «Багрратион» операциясына, Шығыс Пруссиядағы, Польшадағы соғыс қимылдарына қатысып, әскери жолынЖапония жерінде аяқтаған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» , «Праганы азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазбеков Тайшық. 1925 жылы туған, 1941-1945 жылдары Түркменстанда Красноводск темір жолында машинист, 1958 жылдан Форт-Шевченко қаласындағы, Жетібай поселкесіндегі автокөлік кәсіпорнында жүргізуші болып еңбек еткен. 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, 1971 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болған.

Қазбеков Тайшық. 1925 жылы туған, 1941-1945 жылдары Түркменстанда Красноводск темір жолында машинист, 1958 жылдан Форт-Шевченко қаласындағы, Жетібай поселкесіндегі автокөлік кәсіпорнында жүргізуші болып еңбек еткен. 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, 1971 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болған.

Үш мәрте Даңқ ордендерінің иегері – Оңғалбаев Кемер. 1925 жылы туылған. Майданға 1943 жылы шақырылып, 7-гвардиялық армияның 581-атқыштар полкі құрамында соғысқан. Полк барлаушысы ретінде Проскурово-Черновицк, Карпат-Дуклинск, Вена соғыс қимылдарына қатысқан. Украинаның Станислав қаласын азат етуге қатысқаны үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1945 жылы ақпан айында Карпат үшін болған шайқастарда ІІ дәрежелі Даңқ орденімен, 1945 жылы маусым айында Венгрияда Балатон көлі жағалауында жау шебін бұзып өтудегі ұтымды ұрыс қимылдары үшін І дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

«Аққан қан да, төгілген тер де бәрі де бір мүдде үшін – Отанды қорғау үшін.»

Маңғыстау облысының соғыс жылдарындағы ірі өндіріс орындары:

  1. Көмір кеніші

  2. Балық өнеркәсібі

  3. Мал шаруашылығы

Топтық жұмыс.

1-топ. “Өмір – дүниедегі ең керемет сый”

Өмірге деген өз ризашылығыңызды білдіріп, оған сырлы хат жазыңыз.

2-топ. “Қазір ардагерлерге лайықты құрмет жасалып жатыр ма?

3-топ. “Мәңгілік алау” сөзін қалай түсінесің?

Мұғалімнің пікірі.

«Сандар сөйлейді»

Мен сандарды атаймын, сіздер сол сандарға байланысты бүгінгі сабақта не айтылды, соны есіңізде сақтайсыз.

1941,1945,6200,4800,20 миллион, 7 қараша, 1418, 4, 22, 1196164.

1941- Ұлы Отан соғысы басталды.

1945- Ұлы Отан соғысының аяқталуы.

6200- Маңғыстаудан Ұлы Отан соғысына кеткендердің саны.

4800- соғыс даласынан қайтпай қалған боздақтар.

20 миллион – Кеңестер Одағы бойынша соғыста қайтқандардың саны.

7 қараша – 1942 жылы неміс самолеті Таушық кірпіш зауытына бомба тастады.

1418- Ұлы Отан соғысы осыншама күн мен түнге созылды.

4- соғыс 4 қыс,4 көктем,4 жаз бен 4 көктемге созылды.

22- Ұлы Отан соғысы 22 маусымда басталды.

1196164 – осыншама қазақстандық өз Отанын қорғауға қатысты.

Ассоциация жасау:

БЕЙБІТШІЛІК СОҒЫС

Күн сәулесі,қуаныш, ашық аспан, балалар, Жарылыс, өлім, күйген үйлер, көз жасы,

ата-аналар, ту, нан, молшылық, қалалар аш адамдар, аштық, қарулар, жетім балалар



Қорытындылау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ма??ыстау ?лы Отан со?ысында

Автор: Урдекова Гулжан Колшеевна

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 310014


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства