kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма??ыстау - ма??аз мекенім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Ма??ыстау – киелі  мекенім.

Саба?ты?  ма?саты:  Елімізді?  тарихы  туралы  т?сінік  беру.

                                        Ту?ан  елге  с?йіспеншілігін  арттыру.

                                         Кіріспе

М??алім:     Аты?нан  айналайын, егемен  ел,                                                               Т?уелсіз  к?ні?  туды, кенеле  бер.                                                               Мерейі?  ??тты  болсын, Т?уелсіздік!                                                        ?асырды?  тойы  болшы  келе  берер!

 

Ел  тарихынан  ша?ын  т?сінік.

Елім  мені?  а?са?ан,

Тас  б??аудан  боса?ан. дегендей, ?о?амда  ?мір  с?руші  ?рбір  адам  т?лім-т?рбисіз, ?нер  білімсіз, е?бексіз  ?мір  с?ре  алмайды.  Сонды?тан  ана  с?тімен, ?кені?  ысты?  ы?ыласымен, ?стазды?  ?ла?атымен  балалы?  ша?тан  ?мірді  таныта  т?рбиелеу, м?мкіндік  беретін  ?арым-?атынас т?сілі тіл.  Осы  тіл  ар?ылы  баланы?  ?лемді  танып, біліп, ойлау, с?йлеу  ?абілеті  жетіліп  с?здік  ?оры  молая  бастайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстау - ма??аз мекенім »

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау – киелі мекенім.


Сабақтың мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.

Туған елге сүйіспеншілігін арттыру.


Кіріспе

Мұғалім: Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер!


Ел тарихынан шағын түсінік.


Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған... дегендей, қоғамда өмір сүруші әрбір адам тәлім-тәрбисіз, өнер білімсіз, еңбексіз өмір сүре алмайды. Сондықтан ана сүтімен, әкенің ыстық ықыласымен, ұстаздың ұлағатымен балалық шақтан өмірді таныта тәрбиелеу, мүмкіндік беретін қарым-қатынас тәсілі тіл. Осы тіл арқылы баланың әлемді танып, біліп, ойлау, сөйлеу қабілеті жетіліп сөздік қоры молая бастайды.


Өткен тарихымыздан аздаған түсінік.


ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасыр басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды.



Орнында бар, оңалар демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт-түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.





Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні - Ұлы күн

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халқымыздың қаһарман ұл-қыздарымыздың

өмірі,шығармашылығымен таныстыру,оларды ерлікке,

ұлтжандылыққа,Отан қорғай білуге үйрету.



Мұғалім: Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті!

Жеңіс деген сөзді халқымыз төрт жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әрбір минуты қауіп-қатерге толы болғанын, қолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды.

Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер жазушы, қаламгер ағаларымыздың шығармаларын көп оқыдық, білдік.


Ендеше оқушылар соғыс туралы өлеңімізді ортаға салайық.


1-оқушы:


Армысың! От-жалыннан оралғандар,

Аттарыңыз аңыз болып таралғандар.

Тірлікте жаны жарқын алау жандар,

Ел үшін, ерлік үшін жаралғандар.


2-оқушы:


Жер үшін, Отан үшін лаулағандар,

Азамат айтқан серттен аумағандар.

Шекара шебіндегі ну ормандар,

Халқыңа қалқан болып қаулағандар.


3-оқушы:


Армысың! Ары таза абзал жандар,

Ертерек шешек атқан ақ армандар,

Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,

Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.


4-оқушы:


Жандарын ұрпақ үшін қинағандар,

Бал нәрі, ұрпақ үшін жинағандар.

Бір уыс туған жердің топырағын,

Қыршыннан қиылса да қимағандар.




Мұғалім:

Міне оқушылар, қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп өздерінің жастығын, күш жігерін жұмсады. Сол соғыстан орал-маған жауынгерлерді күтіп артында аңыраған ана мен әкелер, желкілдеп өсіп балалар қалды. Осы соғысқа қатысқан батырларымызды атаңдаршы?


Оқушылар:

Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигельдинов, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б.


5-оқушы:

Батырым – Бауыржаным дейді халқым,

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатқан көремін деп,

Тік басып, туған жерде тұрды қалқып.


6-оқушы:

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.


7-оқушы:

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер, бұл қай күн?

Хормен: 9 – Мамыр Жеңіс күні!


Мұғалім:

Балалар, бүгін соғыс туралы, батырларымыз туралы білетіндеріңізді көрсеттіңдер.



Қорытынды:


Ешқашан соғыс болмасын,

Аспанымызды соғыс бұлты торламасын.

Аналар жесір, балалар жетім қалмасын,

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ма??ыстау - ма??аз мекенім

Автор: Абилова Жумагул

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства