kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандықты таңдау-болашақты таңдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

мамандық таңдау туралы оқушыларға ақпарат беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандықты таңдау-болашақты таңдау»

Бекітемін Күні: 25.11.2016 ж.

Тәрбие ісі жөніндегіорынбасары Уақыты: 12 15

------------------З.Бакиева. Өтетін орны: 207 каб

«------»--------2016ж. Сыныбы: 9 «А

Сынып жетекшісі: Жумашова Ж.М


Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық таңдау- болашақты таңдау
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, плакат, слайд көрсету.


Cабақтың түрі: кездесу


Әдісі: Ми шабуылы, психологиялық сәт, сұрақ- жауап, кері байланыс


Барысы:

І.Кіріспе

Психологиялық сәт: «Психогеометрия» топқа бөлу


ІІ. Негізгі бөлім

А) Мамандық дегеніміз не?

(Оқушылардың пікірлері сұралады)


Ә) Мен мамандық әлеміндемін

(Әр мамандық түрлеріне түсінік беру)


Б) Тапсырма «тұжырымдаманы талдау»( постер қорғау)


ІІІ. Қорытынды









Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау- болашақты таңдау» атты кездесуге арналған сынып сағатына қош келдіңіздер!

1.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Жұлдыз.  Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Мұғалім сөзі: Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешіміздесынып сағатында біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін.


1.Алимбаева Нургул «Космос» коледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. Раманкулова Гулмира Асылбекқызы мектеп директорының бейіндік орынбасары

3. Бакиева Зейнеш Мұсақызы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

4. 9-сынып жетекшілері мен оқушылары

Ал ,оқушылар бұгінгі тақырып төкірегінде ой бөлісейік: Мамандық дегеніміз не?
Зарина.Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Ұлан: Мамандық таңдау -жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Дана: Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Гулім:Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз: әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
1. - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;адамның болашаққа апаратын жолы;
• 2. адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• -3.оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• -4.келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.


Қонақтарға сұрақ береміз. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?


-Сіз оқушыларға қазіргі заман талабына сай қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?

Жүргізуші:Айтыңдаршы, белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

ІІ.Мен мамандық әлеміндемін (Әр мамандық түрлеріне түсінік беру)

Оқушы: Рауан.С:Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік. Мен архитектор болғым келеді.

Жасулан: Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтыңүстіне тұрғызылған үйлер де болған.

Мөлдір:Менің пікірімше адам өзін белгілі бір мамандыққа дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты. Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы мүмкін ғой. Менің таңдаған мамандығым - психолог.

Индира: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.

Айгерім:Шипагер, қамқор менің дәрігерім,

Адам үшін аянбай төккен терін.

– деп ақындар жырға қосқандай, дәрігер  – адам жанының  арашашысы. Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіңе деген сүйіспеншілікті қажет ететін  ұлы мамандық. Дәрігер –  адам жанының  зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Мен балалар эндокринологы болғым келеді

Алтын:Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.

 Адилет:Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығын қалаймын.

Қонақтарға оқушылар сұрақтары:

1.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

2.Қазіргі заманның табысты мамандары кімдер?

Тапсырма «тұжырымдаманы талдау»( постер қорғау)




1.Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба? Қандай мамандық таңдайсың?

2.Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?

3.Мамандығыңның өзіндік ерекшелігі?

4.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

5.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

6. Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

7.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек деп ойлайсыңдар?

8.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

9.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

10. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыңдар?

11. Мамандық таңдауда ең басты не: қабілетпе, дарынба, әлде маманды,тардың қоғамадағы беделі ме?

12.Өздерің сүйіп қалаған мамандығыңды басқа біреудің айтуымен өзгертер ме едің?

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тілектеріңіз және қосар үлестеріңіз туралы алақан салынған суретке тілек жазу.

Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! 



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мамандықты таңдау-болашақты таңдау

Автор: Жумашова Женискул Мырзагалиевна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396830


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства