kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мамандығым-мақтанышым"ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Мамандығым-мақтанышым

Мақсаты:Мамандық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің қабілетін тануға жетелеу.Еңбекқорлыққа,еңбекті қадірлей білуге,табысты болуға тәрбиелеу.

 Әдісі: түсіндіру

 Көрнекілігі :интерактивті тақта, слайдтар, табиғат туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мамандығым-мақтанышым"ашық тәрбие сағаты»

Тақырыбы:Мамандығым-мақтанышым

Мақсаты:Мамандық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің қабілетін тануға жетелеу.Еңбекқорлыққа,еңбекті қадірлей білуге,табысты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі :интерактивті тақта, слайдтар, табиғат туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Барысы: 1.Ұйымдастыру

-Құрметі ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі 2 «Д» сыныбында өткелі

отырған «Мамандығым-мақтанышым»атты тәрбие сағатына қош

келдіңіздер!

Мамандық-қарапайым өмір сүру болып табылатын және қандайда бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі.Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.Біреулер үшін ойға алған арманының орындалуы,отбасы дәстүрін жалғастырушы,келесі біреулер үшін-жаңалыққа дербестікке талпыныс,үшінші біреулер үшін-әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б.Мамандықты таңдау үшін,ең алдымен өзін,өз бейімділігін тануы қажет.Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.

Өз-өзіне “Мен кіммін?”, “Осы өмірдегі менің орным қандай?”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар.Ең бастысы-адам еңбекке қабілетті,зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды,бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.


Дәйексөз

“Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі сенетін адам”

“Білім-бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ әлдекімнің азағы”

(М.Әуезов)

Мамандық таңдауда қойылатын талаптар:

Белсенділік әлеуметтік жауапкершілік жоғары ой-өріс терең білімділік кәсіби сауаттылық

Мамандық таңдауда қиындықтар мен қателіктер:

Өзінің қабілетін,жеке қасиетін анықтай алмау,кемшіліктерін білмеу

Ұстаз-ұлы есім,ұлық маман иесі.Өйткені ұстаз жаратылысынан өзінен айтылғанның бәрін жеке түсінген,ешнәрсені ұмытпайтын,алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған

Дәрігер

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы сүйемін

Ән: «Айгөлек»

Ұшқыш

Көңілі-дария,айы аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан

Ай күнімен аспанның

Әзілдескен,сырласқан

Ұшқыш болғым келеді


Инженер

Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Жолын қуған әйгілі

Академик ағаның

Хор: «Зергер»

Ақын

Ал мен ақын боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын

Аграном

Нан беремін баршаға

Жер маманы болам мен

Барып жүрмін бақшаға

Мен аграном боламын

Құрылысшы

Құрылысшылар үй қалайды.Құрылыста үй жобасын жасайтын-сәулетші,тас қалаушы,темірді байланыстыратын-дәнекерлеуші,ағаш шебері ,сылақшы,краншы,шатырлаушы еңбек етеді.

Мұнайшы-жер астынан мұнай өндіреді.Егер жарық болмай,қалса майшамды пайдаланамыз,су,әуе,жүк көліктері осы мұнайдан алынатын жанармай,газбен жүреді.Мұнайдың түсі қара.Біздің ауылымызда да Жетібай кентінде мұнай өндіріледі.

Аспазшы

“Ас-адамның арқауы”

Аспазшы апай біледі ,

Дәмді етіп бар қауымды

Ас-ауқат беріп жүреді

Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын

Халқым сүйген ардақты,

Мен аспазшы боламын.

Би: «Өзбек биі»

Суретші:

Ғарышкер:

Полиия:

Көрініс: «Отбасы»


Дизайнер:

Өрт сөндіруші:

Сатушы:

Тігінші:

Би: «Лезгин биі»

Мақал-мәтелдер:

1.Ұстаның бізі сүйкімді

Жақсының өзі сүйкімді.


2.Алтын менен күмісті

Зергер үшінжаратқан

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.


3.Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

4.Шеберді саусағы асырайды.


5.Еріншектің ертені бітпес.


6.Жатқанға жан жуымас

Жалқауға мал құралмас.


7.Құс қонбаған ел жетім

Ел қонбаған жер жетім


8Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңілжоқ.


9.Қойшыны таяғы асырайды

Қасқырды аяғы асырайды


10.Түйір нан -тамшы тер


11Сен істі сүйсең ,іс саған бас иеді.


12.Еңбек қылмай ер оңбас

Бірлік қылмай ел оңбас


13.Бір тал кессең он тал ек.


14.Мал семіз болса,төл егіз

Жер семіз болса,дән егіз.


15.Еңбексіз өмір-сөнген көмір.


16.Жер құтты болса,

Мал сүтті болады.


17.Қыста малыңды бақ,

Жазда шөбіңді шап.


18Қолы қимылдаған адамға

Кедейлік жоқ.

Аяғы қимылдаған адамға

Алыстық жоқ.

Би: «Көктем биі»

Ән: «Ертегілер елі»

Сабақты қорыту:

Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жәй күнелту жолы емес,үлен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».

Кімде-кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе,өз басына да ,әлуметке де,үлкен пайда келтірмек.Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді,берекелі болмақ.

-Осымен біздің «Мамандығым-мақтанышым»атты тәрбие сағатымыз аяқталды.тыңдағандарыңызға рахмет!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Мамандығым-мақтанышым"ашық тәрбие сағаты

Автор: Қосанова Айкерім

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397570


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства