kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ым - ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:Маманды?ым ма?танышым

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а маманды? туралы ма?л?мат беру,

        олар туралы пікірде жас кездерінен ??ындырып

болаша?та маманды? та?дау?а ы?пал ету.

Маманды? та?дау – жас?спірім жаста?ы е? ма?ызды шешімдерді? бірі ?лкен ?мірге енді ?ана ая? басатын жас ?ланны? алдында мы?да?ан маманды?тан ?зіне лайы?ты біреуін та?дау міндеті т?рады. Ж. Аймауытов маманды?ты? жаманы жо?, біра? м?ны? кез келгеніне икемділік ?ажет. Б?л жай тама? асырауды? ?ана емес, ?лкен ?нерді, зор шеберлікті ?ажет ететін н?рсе дейді.

Маманды? ал?ы? келеме

Маманды? ?зі не

Айнала? тол?ан маманды?

Айнала? тол?ан ?неге

Ты?дайын, ж?не, ойлайын

Білімге тере? бойлайын

О?ы?ан маман шын маман

Маманды? алмай ?оймайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ым - ма?танышым »

Сабақтың тақырыбы:Мамандығым мақтанышым

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат беру,

олар туралы пікірде жас кездерінен ұғындырып

болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.


Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж. Аймауытов мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай тамақ асыраудың ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.

Мамандық алғың келеме

Мамандық өзі не

Айналаң толған мамандық

Айналаң толған өнеге

Тыңдайын, және, ойлайын

Білімге терең бойлайын

Оқыған маман шын маман

Мамандық алмай қоймайық.

Досыңды көрсет, кім екеніңді айтамын», «Нені армандайтыныңды айтсаң, кім екеніңді айтып беремін» деген мақал нақыл сөздер бар. Қызық-ақ. Арманына қарап адамды тану, болашақта қандай болатының болжау шын болса, кімнің кім болатынын бала кезде-ақ білетін едік. Десек те, біз өзімізде жоқты армандаймыз, биіктегіні, қол жеткізе алмағанымызды армандаймыз. Көрмегенді көрсек, білмегенді білсек, деп қиялдаймыз. Тіпті оның орындалмайтынын біле тұра соған талпынамыз. Көңілімізге медеу етеміз. Тек армандап қоймай, әрекет те етеміз. Кейде тіпті өзіміз қол жеткізбегенге, бала-шағамыз жетсін деп, тілек тілейміз.

Ал кішкентайбалалардың да өзарманы бар. Сізбірсәтолардыңкімболғысыкелетінінеүңіліпкөрдіңізбе? Бүгінгініңбалаларыкімболудықалайдыекен? Бұлсұрақтыоқушыларғақойыпкөрелік.

«Мен өскенде бірінші әскерге барғым келеді. Сосын ақын болғым келеді. Өйткені ақындар өлең жазады, кітап шығарады. Өлеңдерімді басқаларға оқып бергім келеді».

«Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Өйткені олар өте білімді, батыр, ештеңеден қорықпайтын болады. Көп кітаптар оқиды. Аспанға ұшып барып, басқалар көрмейтін нарселерді өз көзімен көреді».

«Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Ауырып қалған адамдарды емдегім келеді. Егер олардың ақшалары болмай қалса, мен оларға тегін көмектесемін. Уколдар мен капельницалар саламын. Сонда олар ауырмайтын болады».

Баланың қиялы шексіз. Ол өскен кезге дейін бірнеше мамандық иесі болғысы келеді. Кімді көрсе, не ұнаса, сондай болуды армандайды. Арманға қол жеткізу үшін алдымен оны армандау керек сияқты. Сонан соң, арманға жетер дұрыс жолды таңдау қажет. Сондықтан бала арманынының орындалуында ата-ананың да ықпалы зор.

Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң - сенде ешқандай қиындық жоқ. Анаң және апаң не айтса да, өзің ұнатқан үйірмеңе барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің. Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.

Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді.

Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар.

Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ.... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.

Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық қызықты болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.

Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес қабілеттер бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.

Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.

Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр.

Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын» деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта.

Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар - әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың....

Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқушыларға сұрақтар қою

  • Мамандық дегенді қалай түсінесіндер?

  • Сен қандай мамандық иелерін білесің?

  • Болашақта қандай маман иесі болғың келеді?


Қорытынды


Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы. Тек қана оны таңдай білу керек. Бұл – бірінші міндет. Екіншіден – сенің ол мамандыққа деген құлшынысың, қабілетің болуы керек. Өйткені, кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап ететіндігін ұмытпаған жөн.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Маманды?ым - ма?танышым

Автор: Бахтыева Нуржайна Алдабергеновна

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203705


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства