kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?сат ба?ыны??ы саба?тас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?сат ба?ыны??ы саба?тасты? ??рамында?ы жай с?йлемдерді? алды??ысы со??ысыны? ма?сатын білдіреді, С?йлемдер бір біріне тек саба?таса, ба?ына байланысады. С?ра?тары: Не ма?сатпен? Не деп? Неге? Не ?шін? Жасалу жолдары: а) т?йы? етістікті? У ж?рна?ына ?шін деген шылауын жал?ай отырып, ?) ма?,мек, ба?,бек, па?, пек ж?рна?тарына болып етістігін ?оса отырып, б) шартты, ?алау райдын ?шінші жа?ына деп к?мекші етістігін ?оса отырып. Мысалы: Д?уіт ?шып кетпеу ?шін, ?арлы?аш оны? ?анатын ?ыр?ып ?ояды. Ол  б?гінгі саба?та бестік ба?а алма? болып, ?й тапсырмасын орындап келді. Білмегенін білсем деп, о?ушылар ынты?ар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ма?сат ба?ыны??ы саба?тас»

Қазақ тілі 8 «Ә» сыныбы Күні: 23.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Мақсат бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексере отырып, мақсат бағыныңқы сабақтас тақырыбын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой –өрісін, ойлау қабілетін, сөздік қорын байыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты, эстетикалық, еңбексүйгіштік дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі- тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, «кубизм», «тікелей эфир ойыны», «буриме», «тест», «РАФТ», «әр қалыпты жазу стратегиясы», «стакан» ойыны, «бір сөзден бірнеше сөз құрау» әдісі, топтық , жұптық, жеке оқушымен жұмыс, ойқозғау.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, куб, а4 форматы, стикер, стакан.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, математика.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқу құралдарын тексеру;

б) Топқа бөлу: а)М.Мақатаев, ә)Ж.Жабаев, б)Е.Жақыпбеков;

в) Мені бәрі біледі...бірақ, ешкім білмейді... (топ құрамымен танысу)

  1. Үй жұмысын тексеру кезеңі

«Тікелей эфир» ойыны.

(3 қадамды сұхбат)

  1. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

«Кубизм» әдісі

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолы?

  3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас туралы не білесіз?

  4. Себеп бағыныңқы сабақтас деген не?

  5. Қимыл -сын бағыныңқы сабақтасқа мысал келтіріңіз.

  6. Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығы неде?

  1. Мақсат қою

  1. Күн ретін тақтаға жазу.

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру.


Жетелеуші сұрақ:

- Балалар, «мақсат» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Жалпы, бүгінгі сабақтағы сендердің мақсаттарың қандай ?

- Олай болса, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Мақсат бағыныңқы сабақтас»







5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Мақсат бағыныңқы сабақтастың құрамындағы сөйлемдердің алғашқысы соңғыдағы істің мақсатын білдіреді. Мақсат бағыныңқы сабақтасты құрайтын жай сөйлемдер бір – біріне бағына, тек сабақтаса байланысады.

Сұрақтары: Не үшін? Не мақсатпен? Не деп? Неге?

Жасалу жолы

Мысалы:

Бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке, кейде болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы;

Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.


Адам жазым, ат жазым болып жүрмес үшін, айналма бәйгемен тынбаққа келісті.

-мақ, - мек

(бақ, бек, пақ, пек)

жұрнағына болып етістігінің жалғануы арқылы;

Абайлар Ойқұдықтағы ауылға бармақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

Етістіктің шартты, қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін деп көмекші етістігін жалғау арқылы;

Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.



6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі


145-жаттығу Ыңғайына қарай құрмаластырып, мақсат бағыныңқы

сабақтас жасаңдар.

Сіздер пойызға кешігіп қалмасын деп...

Миы тоқсан түрлі қиялдардан арылар ма екен деп...

Батыр Қонтайжы өш алу үшін...

Тәуке хан жоңғар феодалынан сақтану үшін...


146-жаттығу Мәтінді оқып шығып, қалаған сөйлемдеріңді мақсат

бағыныңғы сабақтасқа айналдырыңдар. (топтық жұмыс)


147-жаттығу Мәтіндегі мақсат бағыныңқы сабақтас пен қимыл - сын бағыныңқы

сабақтас сөйлемдерін тауып, қалай жасалғанын түсіндір

(жұптық жұмыс)


Буриме” әдісі

І топ ... жаңа біз ІІ топ ... боламыз

... санамыз ... табамыз

... үйрендік ... жақсы оқып

... табамыз ... аламыз

ІІІ топ ... болыпты

... толыпты

... ережесінен

... алыпты


«РАФТ» әдісі


Р –өл тіл маманы
А-удитория сынып
Ф-орма І топ “баяндама”, ІІ топ “ертегі жазу”, ІІІ топ “өлең шығару
Т-апсырма Мақсат бағыныңқы сабақтас



«Әр қалыпты жазу» стратегиясы


І “Президентке хат”

ІІ “Министрге ұсыныс”

ІІІ « Бір сөзден бірнеше сөз шығару» әдісі

1 Мақсат

2 Бағыныңқы

3 Сабақтас

4 Құрмалас

«Стакан» ойыны

7 . Бекіту кезеңі. Тест тапсырмасы (12 сұрақ)

    1.Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. /Жамбыл/.

    а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

    2. Оқуға уақт аз бола тұра, олар жақсы үлгерімге жетті.

    а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

    3.Жауын көп болғандықтан, биыл егін бітік шықты.

    а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

    4. Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды./ І. Жансүгіров/.

    а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мақсат бағыныңқы                 в/ қимыл-сын бағыныңқы

   5. Абай үлкен үйге кіретін есікке жақындай бергенде, оның қарсы алдынан Қазақбай жүгіре шықты. /М. Әуезов/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   6. Істің аяғы тәтті болу үшін, басы қатты болу керек.

   а/ мақсат бағыныңқы           ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   7.Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеме келмейді./С. Мұқанов/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   8.Әкесі ұрысса балаға, о да- достық./Абай/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   9.Шахтаға түспестен бұрын, Еркін кішкене бөлмесіне келіп енді.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   10. Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық./З.Шашкин/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   11. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді./С.Мұқанов/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ қимыл-сын бағыныңқы

    б/ мезгіл бағыныңқы                 в/ қарсылықты бағыныңқы

   12.Оқытушы беделді болу үшін, ол ғылымды меңгеру керек. /С.Көбеев/.

   а/ себеп салдар бағыныңқы     ә/ шартты бағыныңқы

    б/ мақсат бағыныңқы        в/ қарсылықты бағыныңқы

Жауап кілті

1 Ә, 2В, 3А, 4В, 5Б, 6А, 7В, 8Ә, 9Б, 10А, 11Ә, 12Б

Бағалау критерийлері

12 -10 «5» 6 - 4 «3»

9 -7 «4» 3 -0 «2»



Мұғалімнің бағалау парағы

тапсырма

Аты

Жөні

Үй жұмысы

Жаттығу жұмысы

«Буриме» әдісі

Тест

РАФТ

Әр қалыпты жазу

Стакан

Жасұлан








Рәбия








Рауан








Жансая








Қайруддин








Анель








Мұсабек








Жұлдыз








Айдана








Айдос








Толқын








Перизат








Барлық ұпай








Өзін – өзі бағалау парағы

Сыныбы:________ Топтың аты ________________________

бағалар


тапсырмалар

5

10

15

Үй жұмысы




Жаттығу жұмысы




«Буриме» әдісі




Тест




РАФТ




«Әр қалыпты жазу»




Стакан ойыны




Барлық ұпай




100 – 85 ұпай 5 85 – 70 ұпай 4 70 – 0 ұпай 3





Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»



8.Үйге тапсырма: 148-жаттығу, тест құрастыру (5-8 сұрақтан)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
ма?сат ба?ыны??ы саба?тас

Автор: Бижанова А?маржан Н?рлан?ызы

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299305


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства