Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Оқушылармен амандасу, ежелгі қалалар суретін құрастыру арқылы топқа бөлу. Үй тапсырмасын сұрау. «Тізбектеу» әдісі. М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп жатқа оқу, өзіндік талдаулары. «Менің анам» тақырыбына шағын шығарма,оқушылардың пікірі. Жаңа сабақ. (мақсатын түсіндіру). М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңі - Балалар, бүгін сабағымызды бастамас бұрын мен сіздермен мынадай психологиялық тренинг жүргізгім келіп отыр.Қазір, оқушылар біз бір сәтке көзімізді жұмып алдымызға түнгі аспанды елестетейікші. Сұрақ: -Біз не көріп тұрмыз, балалар? -Түнгі аспан, жарық жұлдыздар т.б Олай болса, қазір барлығымыз сол қою қара аспаннан өз жұлдызымызды таңдап алайықшы және оны алақанымызды соза отырып, жүрегімізге жақын тартып, сонан соң жай ғана босатайық. Сол сендер таңдаған жарық жұлдыздарың болашақта сендарге анық жол көрсетіп, сендерді жақсылыққа жетелеп, арман-мақсаттарыңа жеткізеді деген сенімдемін. Сұрақ: - Балалар, «Жарық жұлдыз» - деген сөзді қалай түсінесіңдер? Қазақтың маңдайына біткен «Жарық жұлдыздардың бірі –Мағжан» Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі болған. Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға. Интервью (жаңа түсінік беру) «Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. Түркістан қаласы- тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі.(тарихпен кіріктіру) - Түркістан туралы не білеміз? - Түркістанның ескі атаулары қандай? Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр. Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсетіледі. 1 тапсырма 1-топ М. Жұмабаев өмір деректері 2-топ М. Жұмабаевтың шығармашылығы; «Жеті сөйлем» әдісі 3-топ М. Жұмабаев туралы айтылған даналық ойлар. «Зерттеушілік әңгіме» әдісі 4-топ Мағжан Жұмабаев туралы берілген мәтінді түсініп оқып, тірек сызба құру. «Кластер» әдісі 2-тапсырма 1-топ Ежелгі қала Түркістанның географиялық орны және тарихы жайлы «дәйектеу» әдісі; 2-топ Өлеңді мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою. «Шеңбер бойымен» әдісі 3-топ Өлеңге сатылай кешенді талдау: 4-топ Өлеңдегі тарихи тұлғалар, географиялық атаулар. «Постер қорғау»
| Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Өлеңді 3 оқушы мәнерлеп, тізбектей айтып, 4 оқушы түйінді пікір айтады. Шығармаларын оқып, ойларын түйіндейді. Оқушылар сабақтың мақсатын анықтауға талпынады. Оқушылар слайдтарды көріп,тапсырма барысында пайдаланады. |