kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Макатаевты? "Сарыжайлау" ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али Ма?атаевты? «Сарыжайлау» ?ле?і.(графика, гротаж) туралы ?аза?ша ашы? саба?

 Саба?ты? та?ырыбы: М??а?али Ма?атаевты? «Сарыжайлау» ?ле?і.(графика, гротаж)

 Саба?ты? ма?саты: М??а?али Ма?атаевты? «Сарыжайлау» ?ле?іні? мазм?нын ме?гере отырып, сурет салу ар?ылы о?ушыларды? ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін оятып, патриотты? , отаншылды? ?асиеттерін ?алыптастыру.

Дамытушылы? ма?саты: о?ушыларды ?з бетінше іздене білуге, ойлау ?абілетіні? арттыру?а саба?.

 Саба?ты? ?дісі: С?ра? – жауап, ?ле?ге байланысты композиция ??растыру, топты? жарыс, та?тамен ж?мыс.

Пайдаланалатын к?рнекіліктер: Плакат, карточкалар,кітап, журнал, иллюстрациялары т.б.

 Саба?ты? барысы: 1) да?дыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Макатаевты? "Сарыжайлау" ?ле?і »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық-педагогикалық колледжі











Ашық сабақ

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі.















Құрастырған: Қазақ тілі мен әдебиеті пән

оқытушысы: А.А.Байгулова













Ақсукент-2014ж

Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі.(графика, гротаж) туралы қазақша ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңі.(графика, гротаж)

Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың «Сарыжайлау» өлеңінің мазмұнын меңгере отырып, сурет салу арқылы оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық , отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өз бетінше іздене білуге, ойлау қабілетінің арттыруға сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, өлеңге байланысты композиция құрастыру, топтық жарыс, тақтамен жұмыс.

Пайдаланалатын көрнекіліктер: Плакат, карточкалар,кітап, журнал, иллюстрациялары т.б.

Сабақтың барысы: 1) дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: жасөспірімдерді қайырымдылыққа, жанашырлыққа, төзімділікке, табандылыққа , қайсарлыққа баулу.

Сабақтың түрі:Аралас

Ұйымдастыру кезеңі. А)Сәлемдесу, Ә)оқушыларды түгелдеу,Б) үй тапсырмасын сұрау.

2) Жаңа сабақты түсіндіру. 3) Топтық жарысты ұйымдастыру. 4) Қорытындылау. Биыл тойланып жатқан Мұқағали ағамыздың сексен төрт жылдық мерей тойына байланысты көркем сөз шеберінің, тілінің өміршеңдігін дәріптеп, сол өлеңнің сюжетін ашып, бейнелеу өнерін графика арқылы суреттеу. Мұқағали Мақатаев қасиетті Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз өңірінде дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Артына мол мұра қалдырған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Туған жер», «Қыстың күні», «Көктем», «Қыстауда» т.б. Сол өлең шумақтарының ішінде «Сарыжайлау» бұрынғы заманда ата-бабаларымыз бір жерден екінші бір жерге қоныс аударып, көшіп-қонып мал бағып, жайлау да киіз үй тігіп, ауысып жүрді. Қазақтар мал бағып, үш ай, үш күн болатын өлкеге дейін малын бағып барған. Шырайлы – шөбі шүйгін жерді жайлау деп атаған. Ақын сол жерлерді өз өлеңінде суреттейді.

Жазира, жасыл кілем өрнектелген,

Туған жерге, дариға, жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.

Қайырмасы:

Саумал бұлақ-балдай дәрім,

Салқын самал-баурайларың.

Саялаған, беу, туған жер,

Сағындырған Сарыжайлауым! – деп Ақын тебірене жырлайды. Ақынның бойындағы туған жерге деген сағыныш исі аңқиды.

Туған жердің бұлағының дәмін дәріге балап, жайлауына ешбір жерді теңестіре алмайтынын ашық айтады.

Армысың, ата қоныс, жасыл мекен,

Ұланыңмын, мен сенің қасында өтем.

Басқаның жер ұйығын неғылайын,

Жер ұйығы өзімнің қасымда екен! -деп айтуы да тектен – тек емес. Осы өлеңге атақты күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиев ағамыз ән де жазған. Енді сол әнге құлақ түрелік. Мұқағали Мақатаевтың қандай жырын оқысаң да, оның өлеңінің бойынан қарапайымдылық пен қатар қайсарлықтың, ұлт жандылықтың екпіні естіледі.

Су сұрасам сүт берген, айран берген,

Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем.

Қарғаның балетіндей бедірейіп,

Қасыңа мына бәле қайдан келген?!-деп жарын соғыс жалмаған жеңгесіне жолыққандағы жырында да өрлігі байқалды. Қайсарлық оның қанында да бар. Себебі, оның атасы көкпаршы болған. Қартайған шағында да көкпардың қызығына тоймаған. Ол бірде аттан құлап, аяғын тізесін сындырады. Содан достары үйіне киізге салып, алып келеді. Жақын маңда емші де жоқ екен. Сол кезде кемпірі аяғын көріп сүйегі майдаланып сынғанын байқаған ол: - Шал-ау мына аяғың кәдеге жарамайды-ау,-дейді. - Енді не істейсің? - Аяғыңды жіліншігіңнен балтамен шаба салайын, – дейді. - Шал мейлің,-деп келісімін береді. Кемпір көйлегінің етегін беліне іліп, даладан балтасын өткір етіп қайрап, жаңқаны әкеліп, шалының сынған аяғының астына қояды да тізесін балтамен бір-ақ шабады. Сонда шалы «ыңқ», – деген дыбыс қана шығарады. Кемпірі емші келгенше шалының аяғының қанын тоқтатып, матамен орап, байлап тастапты. Міне, атаның қайсарлығы! Міне, әженің ерге бермеген жүректілігі! Атадан дарыған қасиет, Мұқағалиді аспанға көтереді. Жоғары да атасы туралы айтылған оқиға Мұқағали Мақатаевтың «Шолпан» атты кітабында баяндалады.Сынып жұмысында оқушылар тақырып бойынша графика және гротаж тәсілдерімен жұмыс жасайды. Магнитафоннан «Сарыжайлау» әні ойналып тұрады. Оқушылар әнді тыңдай отырып, тақырып бойынша сурет салады. Сабақ барысында берілген мәліметтер , балалардың бойына ерекше жігер бітіріп , қанаттандыра түседі. Жұмыс бағаланып болған соң, сыныпты «Шаңырақ», «Жайлау» деп екі топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырма беріліп, жауабы бағаланады. 1. «Шаңырақ» тобына тапсырма. Мұқағали Мақатаев ағамыз туралы көркем қысқа әңгіме немесе өлең жазу. 2. «Жайлау» тобына. Кесте сөз «Мақатаев», кесте сөз «Кереге» М А Қ А Т А Е В 1. Ақынның аты? (Мұхаммедқали) 2. Ән жазылған өлеңі? (Фариза) 3. Туған жері? (Қарасөз) 4. Жарының есімі? (Лашын) 5. Мұқағалиға ыстық ауыл? (Шибұт) 6. Қызының аты? (Майгүл) 7. Ақын тоқтаған колхоз? (Энгельс) 8. Поэмасының аты? (Мавр) К Е Р Е Г Е 1. Шаңырақтың төбесін жабатын зат? (Түндік) 2. Әйелдердің еншісіндегі бұйым? (Кебеже) 3. Киіз үйдің бөлігі? (Шаңырақ) 4. Ат әбзелін жасаушы? (Ерші) 5. Кілем тоқуға қажетті құрал? (Кергі ағаш) 6. Киіз үйде көп қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі? (Өрнек) 3. Әр топ: Тақтаға «Жайлау» тақырыбына байланысты дайын элементтерінен композиция құрастыру. Бұл жарыстың негізгі мақсаты оқушы бойында тапқырлық, байқағыштық, жылдамдық ептілігін арттыру. Өз тобы үшін үлкен жауапкершілік міндетін сезіне білу дағдысын қалыптастыру. Қорытындылау: Жаңа сабақ барысындағы үш түрлі жарыс нәтижелерін, қорытындылай келіп, оған «Сарыжайлау» өлеңінің сюжетіне байланысты салынған суреттерді бағалау. ***

Үйге тапсырма: «Сарыжайлау» өлеңін жаттап келу






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
М.Макатаевты? "Сарыжайлау" ?ле?і

Автор: Байгулова Акерке Асанбековна

Дата: 22.12.2014

Номер свидетельства: 146641


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства