Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"К?з ханшайымы"»
Күз ханшайымы.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі,күзде істелетін жұмыстар,күз молшылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиеші:Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы,алтын бесігі,құт-берекесі.Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерешелігі,жақсылығы,мерекесі мен берекесі бар.Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.Күз –адам баласына молшылық,береке әкелетін мезгіл.
Құрметті ұстаздар,ата-аналар мектепалды даярлық сыныбының «Күз ханшайымы» атты сайысына қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам,бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Жүргізуші:Әділ-қазы береді,
Өздеріңе билікті.
Сайыста кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,-деп байқауға төрелік ететін қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар.
1.М.М.Мұташева- қазылар алқасының төрайымы.
2. К.У.Кадешова-қазылар алқасының мүшесі.
3. Ұ.Т.Бекқалиева - қазылар алқасының мүшесі.
Ендеше көрермендер,бүгінгі мерекеміз қызықты өту үшін ортаға «Күз ханшайымдарын» шақырайық.
(сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін,аналары мойындағы алқаларын аруларға ұсынады)