Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:25.02.2016жыл.
Тобы:«Ертөстік»
Тәрбиеші:Жардемова Ж.С.
Тақырыбы:Күн сәулесі.
Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Мақсаты: Күн сәулесінің жылуының пайдасы туралы түсінік беру, ертегі мазмұнын тыңдай білуге, түсіне білуге баулып, педагогтың сұрақтарына жауап беріп, оқу іс-әрекетін талдай білуді үйрету. Табиғатты қадірлеуге баулу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Күн туралы әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер. Видеотаспа. Күн сәулесі макеті. Үлгі күн сәулесі суреті, қиылған жіптер, желім.
Көптілділік компонент:Күн – Солнце – The sun.
Сөздік жұмыс: Күн.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі
Шаттық шеңбер.
Күннен жылуды аламын.
Жүрегіме саламын.
Досыма мен сыйлаймын
Жақсылықты тілеймін.
Балалар, бізге қонаққа Күн келді.
(Жарқыраған Күннің суретін көрсетемін)
Күн сәулесі: Сәлем, достар!
Кәне, бәріміз амандасайық.
Армысың, ашық Күн!
Күн сәулесі: Көзімді таңмен ашамын,
Әлемге нұрын шашамын.
Мен алтын күннің сәулесімін.
Сендер маған қуаныштысыңдар ма?
Тәрбиеші: Әрине, қуаныштымыз. Солай ма, балалар? Сен «Күн» әлемінен келіп, біздерге жылулық пен мейірімділік сыйлайсың.
Балалар, күн өз сәулесін шашып, айналаны жарқыратып жіберді. Күн көзі оқу іс-әрекетіміз біткенше бізді өзінің жылуымен жылытып тұрады.
Кәнекей, орындарымызға жайғасайық.
Шаттық шеңберге тұрады.
Балалар Күнмен амандасады.
Тыңдайды.
Иә, қуаныштымыз.
Әрине.
Орындықтарына отырады.
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
Балалар мен сендерге «Күн сәулесі» туралы ертегі айтып берейін. Мұқият тыңдаңдар.
Ертеде аспанда Күн сәулесі өмір сүріпті. Күн сәулесі аспанда жалығып, жер бетіне түсуді ойлайды. Жерге түсіп, жылаған гүлді көріп, оған жылуын сыйлайды. Гүл қуанып, күлімсіреп, рақметін айтады. Ұшып бара жатып, қанатын сулап алып ұша алмай жүрген араны көреді, шуағымен қанатын кептіріп, араның ұшуына көмектеседі. Ара да оған ризашылығын білдіреді.Тағы ұшып келе жатып, солып қалған гүлдердің арасынан шыға алмай жатқан көбелекті көреді. Гүлдерге сәулесін түсіреді. Олар бастарын көтергенде олардың арасынан көбелек ұшып шығады. Көбелек күн сәулесіне рақметін айтады. Күн сәулесіне аспанға оралатын уақыт келеді. Қиын сәтте басқаларға көмектескеніне өзі риза болады.
Сендерге ертегі ұнады ма?
Балалар қайталайықшы.
Күн – Солнце – The sun.
Сергіту сәті:
Видеотаспадан «Көңілді күн» қимылмен орындау.
Балалар мына жұмбақтың жауабын тапсаңдар.
Сендерге Күн сәулесі қандай тапсырма әкелгенін айтамын.
Жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Тамаша! Тапқыр екенсіңдер. Жарайсыңдар.
Балалар, Күн сәулесі сендерге мынадай тапсырма беріп жіберіпті.
Суреттегі күн суретін мына қиылған жіппен желім арқылы әдемілендер депті.
Әдемілейміз бе?
Ендеше, алдымен қалай желімдеу керектігін сендерге көрсетейін.
Қағаздағы күн сәулесінің ортасындағы дөңгелекке желім жағып, үстіне қиылған жіптерді саусақтарымыз арқылы себелеп, жәй басамыз.
Сосын Күннің бірінші сәулесін желімдеп, оның да үстіне қиылған жіптерді саусақтарымыз арқылы себелеп, жәй басамыз.
Әрі қарай қалған сәулелерінде тап осылай әдемілейміз.
Іске сәт!
(Әрқашан күн сөнбесін әні қосылады. Балалар тапсырманы орындайды)
Жарайсыңдар! Тамаша! Өте әдемі!
Шамшырақ, күннің түсі қандай?
Күн сәулесі сендерге несін шашып тұр?
Балалар ертегіні тыңдайды.
Иә, ұнады.
Қайталайды:
Күн – Солнце – The sun.
Видео таспаға қарап, қимылмен орындайды.
Күннің көзі.
Иә. Әдемілегіміз келеді.
Мұқият қарап, тыңдайды.
Тапсырманы орындайды.
Іс-әрекетті
бақылау кезеңі
Күн сәулесінің тіршілік үшін қандай пайдасы бар екен, балалар?
Күн сәулесі қандай екен?
Күн сәулесі, бәрін жылытып тұрғаның үшін саған рақмет!
Балалардың жауаптары.
Күн сәулесімен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Күн сәулесінің пайдасы туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы;
Қандай түсініктерді игерді:Күн нұры (сәулесі) жерге жарық және жылу беретінін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жарық пен жылу тіршілік үшін қажет екендігі, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.