Жаңа сабақ жоспары: Әлемдегі кереметтердің бірі-Күлтегін жырлары жазылған Орхон Енисей ескерткіштері Интерактивті тақтадан көне түркі алфавитінің, тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі. «Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін... »(«Күлтегін»жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады. І топ 1. Орхон Енисей ескерткіштері қай жерден табылған? 2. Орхон Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш "кілтін" тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды? 3. Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасатып Қазақстанға әкелді? Бүгінгі күні ескерткіш қай қалада орналасқан? 4. "Рун" деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Негізгі түйіні- Руналық жазулар-қазақ жазу мәдениетінің ежелгі түрі. ІІ топ 1.Орхон жырларының негізгі ойы-ЕлдіңТәуелсіздігін,береке- бірлігін сақтауға шақыру 2. Күлтегін жырларының негізгі идеялық мазмұны 3. Күлтегін жырлары авторы 4. Күлтегін жырларындағы ел бірлігі, ерлікті жырлау, бақытты өмірді аңсау сарыны Негізгі түйіні - Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған, ал араб әліпбиін кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған.Әлемге әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған(VIII).Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII-XIXғғ.). Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды.Ол жазуларда VIIғ. іргелі мемлекеті - Түркі қағанатының құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі.Кейіннен Орхон Енисей ескерткіштері атанған жырлардың негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігі сақтауға шақыру. ІІІ топ 1. Күлтегін-түркі халықтарының ерлік туралы үғымының жиынтық бейнесі Қүлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр. 47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ ІУ топ Күлтегін-қазақтың батырлар жырына жақын үлгілердің бірі. Жырды салыстыру. «Алпамыс» жырында Қойға шапқан бөрідей, Талқандап қуып береді..., деген түрде кездессе Күлтегін жырында Әкем қағанның қосыны бөрідей, Жаулары қойдай болыпты деп ұшырасады. «Қобланды» жырында Қойға тиген қасқырдай,Сойып кетіп барады деп үш жырда да жау қойға, батыр бөріге теңелген Күлтегін жырында Бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды... «Қобыланды» жыры...... Айдарлысын құл қылды, Тұлымдысын тұл қылды........
Тапсырма І топ Не себептен ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ дейміз? ІІ топ Орхон ескерткішін не себепті «ерлік жыры» дейміз? ІІІ топ Тақырып бойынша қорытынды айтыныздар 2.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту. Дәптермен жұмыс У. Орхон жырларының тілі. Көңіл бөл Қазіргі қазақ тілі-көне түркі тілінің бір бұтағы. Сондықтан біздің тіліміздегі көптеген тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың дені сол көне тілден бастау алады. Осы ескерткіштерді оқудың кілті табылғанда, ең алдымен оқылған сөздер-тәңірі, түрік сөздері. Тәңірі-ұлы даланы мекендеген халықтың табынары. Күлтегін-түркі қағанатының кемеңгер басшысы. Ескертіштерде сөздердің басым көпшілігі ортақ тілде жазылған. Мысалы , ескерткіште: тағ,таш қазақ тіліндетау, тас. Үч-үш, қыш-қыс,алтун-алтын,көңүл-көңіл. Оның дәлелі Біріккен сөздер емлесін өткенде кездеседі. Мысалы: орхон-енесей ескерткіштері тіліндегі біріккен сөздер табиғаты жағынан қазіргі қазақ тіліне өте жақын.Ескерткіште бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін біріккен сөздер бар. Тонуқуқ( Тоныкөк), Ілтеріс (Ілтеріс), Кунтуз(күндіз)Йоқару (жоғары) |