Просмотр содержимого документа
«конспект на тему "Мені? Отаным - ?аза?стан"»
Менің Отаным – ҚАЗАҚСТАН
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, атаулы мерекелер туралы түсінік қалыптастыру; өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті,
«Қазақстан» энциклопедиясы, Қазақстан картасы,видео «Астана»
Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлық «Арман»
Күй «Ерке сылқым»
Жүргізуші: Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
Жүргізуші: «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Мереке қарсаңында «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық сынып сағатымызды бастаймыз.
Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
(оқушылар пікірі)
Жүргізуші: Ассоциация «ҚАЗАҚСТАН»
Тақырып бойынша топтастыру
Жүргізуші: Викториналық сұрақтар
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Тәуелсіздік күні қай күн?
Біздің елбасымыз кім?
(Елбасы туралы айту)
Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Жүргізуші:
Астанамыз қай қала?
«АСТАНА»
Астана туралы не білеміз? (сұрақ-жауап)
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Сергіту сәті: Астана туралы видео
Жүргізуші:
Рәміздерді ата.
Рәміздер жайлы не білеміз?
(Оқушылар мәліметі)
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды т.с.с.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
«ТЕҢГЕ»
«Теңге» туралы не білеміз? (Теңге туралы мәлімет)
Теңге- 1993 ж, 15-қарашада ҚР Ұлттық ақшасы - теңге айналымға енді т.с.с.
Жүргізуші: (АТА ЗАҢ туралы айту)
1995 жылы 30-тамызда тәуелсіз ҚР –ның «Ата Заңы» қабылданды.
Мақалды жалғастыр
Отан оттан ..........................
Отан үшін ...........................
Туған жердей.....................
Отансыз адам.....................
Отан ...................................
Жүргізуші: «сандар сөйлейді» атаулы күндер туралы түсінік