Конспект урока казахского языка Таби?ат байлы?тары.
Конспект урока казахского языка Таби?ат байлы?тары.
Урок разработан для учащихся 6-го класса и соответствует возрастным особенностям учащихся данной категории. На уроке использованы различные методы, формы и приёмы для закрепления изучаемого материала. Учащиеся на данном уроке работали в группах, составляли стихотворения на основе картинки, добавляли недостающую лексику в предложения, изучив и отработав новую лексику, учащиеся составляли словосочетания и предложения, употребляя новую изученную лексику.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахского языка Таби?ат байлы?тары. »
13.02.15 Сынып: 6а Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Табиғат байлықтары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Табиғат туралы ұғымды кеңейту , грамматикадан алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін ,тіл байлығын дамыту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,аялауға,сүйе білуге баулу,экологиялық тәрбие беру.Әр оқушының жүрегіне өзінің туған жерін,Отанын бағалай білу,оны ардақтау сезімін ұялатуға жағдай жасау.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! /І слайд/ Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз. ІІ .Жаңа сабақ :
1/ Бейнефильмді көрсету. Әңгімелесу(сұрақ-жауап)
Қазір біз бейнефильм көреміз де ,сабақты жалғастырамыз./ 2,3,4,5,6 слайд/Мұқият болыңдар.Сонымен біз жаңа нелерді көрдік? (таулар,сулар,далалар,гулдер,ағаштар, т.б.) Сөйтіп,балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады,қалай ойлайсыңдар? -Табиғат туралы.
-Балалар, табиғат дегеніміз не ? Оған нелер жатады? Оқушылар: Ауа, с , өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар.
ауа
Табиғат
су
жер
ормандар
таулар
2/. Өте жақсы. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын тапсырма арқылы білеміз.
а/.Берілген әріптерден сандардың өсу ретімен сөзді құра /7 слайд/
4 7 3 6 5 1 2
и т б а ғ т а
ә/ .Енді сандардың кему ретімен сөзді құра
9 5 2 6 10 8 7 3 4 1
а қ р ы б й л а т ы
- Иә,дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Табиғат байлықтары» /8 слайд/
-Дәптеріне бүгінгі күнін,тақырыбын жазып алыңдар.
3/. Енді жұмбақтарды шешіп көрейік.
1.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа) / 9 слайд/
2.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан (күн) /10 слайд/
3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді (жер) /11 слайд/
- Енді жаңбырдың,өзеннің,көлдің,мұздың ортақ қасиеттерін айтып көріңдерші (су) /12 слайд/
4/ Балалар біз сабақтың алдында топқа бөліндік. Келесі тапсырмалар әрбір топқа беріледі..
1- тапсырма:
І топ: Сурет бойынша 4 жол өлең құрастырады
ІІ топ Өлең бойынша сурет салады;
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың, жаны — терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. ІІІ топ. Өлеңге жетпеген сөздерді қояды
... - үйіміз / Жер /
... - қазынамыз / Су/
... – жылуымыз / Күн /
... – өміріміз / Ауа /
5./ Өте жақсы . Енді мәтінмен жұмыс істейтін алдында біз жаңа сөздермен танысамыз. /13 слайд/
«Сөздік алқабы» жаңа сөздер:
Перзенті – дитя
Егіз - близнецы
Асыраушың-кормилец
Қамқоршың-защитник
Мәңгі-бақи - вечно
Борыш – долг
Сөздермен сөйлем,я сөз тіркес құрастырыңдар .
6./Мәтінмен жұмыс : «Табиғат және біз» мәтінді түсініп оқып,берілген тапсырмаларды орындау. / 14 слайд/
Адам – табиғат перзенті.Адам мен табиғат – әрқашан егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десен болады. Ақындар табиғатты анаға теңеген. Өйткені онда тіршілік өніп-өседі. Жер-ана – біздің тұратын, демалатын, тәрбиеленетін мекеніміз. Адамға қажетінің бәрі жерден шығады...
Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Ол- еліміздің болашағы, халықтың байлығы. Өзімізді қоршаған ортаны, табиғатты аялай,тани білейік.
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін елін де суйе алмайды. Әрбір адам Табиғат – ана алдында мәңгі-бақи қарыздар екен. Оны ешқашан естен шығармау тиіс.
Табиғатты қорғау – баршаның міндеті.
1- тапсырма: мәтінді тізбектеп бір сөйлемнен оқимыз.
2-тапсырма:
І топ- Мен мәтіннен сөйлемді бастаймын сендер жалғастырыңдар.
Табиғат байлықтарын...
ІІ топ- Орыс тіліндегі сөйлемнің қазақша аудармасын табыңдар
-Защищать природу- долг каждого
ІІІ топ- Сөйлемнің аяғын оқимын сендер басын табыңдар.
... қарыздар екен.
3 –тапсырма: Мәтін бойынша әр топ 2 сұрақтан құрастырып бір –біріне
ІҮ Сергету сәті «Қаражорға» биі.
4 –тапсырма : Әр топ берілген 2 сөйлемді етістікпен жалғастырады /15 слайд/
1.Адам баласы табиғатты ...
2.Бұлақ көрсең көзін ...
3.Су мол болса, астық та мол ...
4.Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ...
5.Біздің таза ауада ...
6. Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер...
5 –тапсырма : берілген сөздерді
І топ Азаматтық борыш сөз тіркесті тәуелдейді
ІІ топ Жер - ана сөз тіркесті жіктейді
ІІІ топ Табиғат байлықтары сөз тіркесті септейді
Ү. Қорытындылау : Балалар, өте жақсы жұмыстандыңдар.
-Енді сабақтың соңында ата-бабамыздың табиғатты қорғауда ескерткен тыйым сөздерін еске түсірейік , оқып шығайық./16 слайд/
«Обал болады» деп,егінді,шалғынды бастырмайды.
«Көктей соласың» деп,көкті жұлғызбайды.
«Киелі құс» деп,аққуды атқызбайды.
«Қарағай кессең , қаңғырып қал» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді.
«Қарғысы қатты» деп , жапалақ пен жарқанатқа тигізбейді.
ҮІ Қорытындылау:
Дұрыс па? Бұрыс па?
№
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек емес
2
Әрбір адам Табиғат – ана алдында мәңгі-бақи қарыздар екен.
3
«Көктей соласың» деп, көкті жұлғызбайды.
4
Аққуды «киелі құс» демейді.
5
«Обал болды» деп, егінді, шалғынды бастырмайды.
6
Табиғатты қорғау – баршаның міндеті емес.
ҮІІ Синквейн әдесімен 5 жол сөйлем құрастыру.
ҮІІІ . Рефлексия «Жүректен жүрекке» Оқушылар табиғатқа стикерге тілек жазып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі. Гүлдей бер, Жер-Ана! Аспаның ашық болсын! Аспаныңды бұлт торламасын! Тоғайың аң мен құсқа толсын! Суың мөлдір, таза болсын! Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! Күнің жарық болсын!т.б. Хормен : Табиғат сені сүйеміз, Басымызды иеміз!
ҮІІ.Үйге тапсырма: «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін» деген