Көрнекі-құралдар:үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Жаңа материалды өткен сабақпен салыстырып, биіктерін салыстырған ағаштардың жуандықтарын салыстырумен сабақты бастайық. Ағаш діндерін салыстырып. Жуан-жіңішке ұғымдарымен таныстырамыз.
III. Жаңа сабақ. Кеңістікті бағдарлай алу жуан-жіңішке ұғымдармен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын терең түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Суретке қарап жуан-жіңішке салыстыру.
Суретпен жұмыс.
Альбом парақта берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жіңішке екенін ажыратады. Енді сол ағаш кескінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кескінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі -жалпақ, екіншісі- жіңішке екендігін анықтайды. Жіңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақты мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызғыштың жалпақтығы салыстырылады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде көрсетілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттарды қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшерімен, әрі тор көзбен есептеп жетілдіреді. Ойындар. «Өз пәтеріңе жайғас », «Өз үйінді тап», «қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді. 4 - тапсырма: Мына қарындаштардың қайсысы жуан жіңішке екенін ажырату керек.(төрт қарындаш)
1. Бала суреттегі екі ағашты салыстырады. Мұғалімнің қойған сұрақтары арқылы екі ағаштың айырмашылықтары айтылады. Екі ағаштың біреуі-жуан, әрі биік, екіншісі-жіңішке, әрі аласа екендігі туралы айтылады.
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен , түрлі-түсті қарындаштармен бояу.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қызықты өтсін бүгінгі күн!
"Өз үйіңді тап" ойыны
Бұл ойын жуан-жіңішке, биік - аласа, үлкен - кіші, оң жақта - сол жақта деген ұғымдарға жаттықтыру мақсатында етіледі.
Мұғалім балаларды екі топқа бөліп, әр топтың ойнайтын орнын немесе "үйін" тағайындайды. Екі топқа да өсіп тұрған бірі биік,жіңішке, бірі аласа, жуан ағашты көрсетеді де, 1-топтағы балалардың үйі биік әрі жіңішке ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйі аласа әрі жуан ағаштың сол жағы" - деп белгілейді. Қай топ өз үйлеріне тез барады (тез табады), ойын 2 рет қайталанады. Бұдан кейін бірінші топ аласа әрі жуан ағаштың сол жағы, 2-топ биік әрі жіңішке ағаштың оң жағын үй етеді де, ойынды алғашқыдай 2 рет қайталайды. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
IY апта
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр, құйсын,
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Тапсырма: тапсырманы орындау кезінде «жуан, жіңішке» сөздерін дұрыс қолдануға дағдыландыру керек .
Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.
V. Бекіту.
"Үй тұрғызайық" ойыны.
Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері жуан, жіңішке (төбесі, есігі, терезесі т.с.).Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.
Тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.
Ойынның мазмұны.Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөліктерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үй мен оның бөліктері арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік "ағаш ұстасын" атайды.
Сұрақ-жауап, ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
VI. Қорытынды.
Жуан, жіңішке деген ұғымдармен танысып, сурет бойынша суреттеп айтып, көрсетіп беруді үйрендік.
-Жиһаздардың шаңдарын сүртемыз-Дұрыс балалар, яғни күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды. Жылу мен күн көзінен жиһаздар қисайып түстері өңіп кетеді. Тазартатын жиһазды алдымен сабынды жылы сумен жуып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртеді. Сурет көрсету. Суреттерге қарап жиһаздың түрлерін атап, көрсетіп беру.
IY.Сергіту сәті: Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар!
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсың,
Саналарың тынықсын.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ойын: «Не жетпейді?»
Ойынның шарты: Мұғалім балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін суреттерді көрсетеді. Балалар жиһаздың қандай бөлігі жетпейтінін көрсетеді, айтады.
-Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?
-Жиһазды қалай күту керек?
IY.Сергіту сәті: Ормандағыаюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Орнымызға барайық.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Балалар-гүлім менің
Балалар-күнім менің
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын! -деп бүгінгі сабағымызды бастайық.
III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы-адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.
-Бөлме ішін айналып шық, ал мен алақан соғып тұрамын. (бала ритм бойынша қимылдауы қажет).
-Менің тапсырмамды орында:
Қолыңды алға, жоғары, төмен.
Оң қолыңды - оңға, сол қолыңды – солға.
Оң қолыңды - белге, сол қолыңды - басыңа.
Оң аяқты -алға, сол аяқты -қасыңа
Қармақ –ұлттық ойын. Ойынға он шақты бала қатыса алады. Ортаға «балықшы» шығады. Қолында бір ұшына доп байлаған ұзын жіп болады. Балалар жіп жететін қашықтықта «балықшыны» айнала тұрады. «Балықшы» допты төбесінен айналдыра үйіріп бір баланың басына тигізуі тиіс. Балалар «балықшының» қармағына ілікпес үшін суға сүңгіп, немесе тез жүзіп кетуі керек. Бірақ жіп жететін қашықтықтан алыстауға болмайды. «Қармақ» басына тиген бала «балықшы» болып ортаға шығады. Осылай ойын жалғаса береді.
IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады.
Кіші бөбек былдырлады.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта
Ойнайық та күлейік.
«Қомағай» саусақ жаттығуы:
Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.
Қарным менің қомағай
Бәрін-бәрін жұтады.
Қомағайдың қарны енді
Сусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта
Ойнайық та күлейік.
Саусақ ойындары: -бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақпен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды, екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.
IY.Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Боялармен жұмыс (саусақпен сурет салу)
Балалардың шаршағаны байқалған жағдайда “Cылақшы” атты сергіту сәтін жүргізуге болады. Балалар сылақшыларға айналып, оң қолдары қылқаламның рөлін атқарады. Саусақтары қылқаламның қылдары болады, олар жұмсақ және тығыз. Сонан соң қылқаламды бояуға малып алып, толқынды қимылмен қабырғаны жоғары-төмен бояп, бейнелейді. Қолдары шаршаған кезде қылқаламды сол қолға ауыстыру керек.
V. Бекіту.
«Орамалды жинау» саусақ жаттығуы.
Орамал үстел үстінде жайылып жатады.
Қолымызды орамалдың бір шетіне қоямыз.
1,2,3, дегенде орамалды алақанымызға жинап аламыз.
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық: Күн, ауа, жер, су, аспан
Маған, саған, біздерге
Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда әріп элементтерімен танысып, тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
«Батпырауық ұшырамыз»(батпырауықтар түрлі-түсті,балалар түстерін өздері таңдайды.)
«Алақанымызды жылытамыз»(бір деммен жылы ауаны үрлеу)
IY.Сергіту сәті: Қылқаламды қояйық,
Орнымыздан тұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді созайық.
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз.
Мимикалық гимнастика:
Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
IY.Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп -теріп алайық
Қалтамызға салайық.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Өткен тапсырма бойынша пішіндерді түрлі-түсті қарындаштармен сызықтарды бастырып үйренеміз. Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері:
А-а-а У-у-у-у
О-о-о-о И-и-и-и
IY.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш.
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап А әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. А-а-а-а қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
V. Бекіту.
«Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек.