-??рметті ?стаздар мен о?ушылар!Б?гін біз ?аза?стан Республикасы т?уелсіздігіні? 24 жылды?ы ?арса?ында ?ткізіліп жат?ан тарих-география п?ндері бірлестігіні? 10 к?ндігіне арнал?ан жоспарлы іс – шараларыны? бірі ретінде «Мені? елімні? ?алалары» атты саяхат – са?атымызды баста?алы отырмыз.
-Сонымен, ?алаларды о?ып-уйренуді?, ?рбір ?аланы? тыныс-тіршілігін танып-білуді? міндеті – біздерге – 9- сыныпты?тар?а ж?ктелген екен, сол міндетті орындау?а біз дайынбыз!
2 – ж?ргізуші:
-Ел т?уелсіздігіні? 24 жылды?ына орай ?йымдастыр?алы отыр?ан Отанымызды? 24 ?аласына, 24 к?ндік сапар-саяхат?а шы?у?а мектебіміз бізді? сынып?а ерекше сенім артыпты, ол сенімді біз а?тау?а у?де береміз! Босатыл?ан саба?тарды уа?ытпен санаспай, ?осымша ізденіп, о?ып - уйренеміз!
1 – ж?ргізуші:
-Біз мінген «?аза?стан» ж?рдек поезы Т?ркістан-Сібір темір жол магистраліні? бойында?ы алып ша?ар?а табан тіреді, жолбасшымыз география п?ніні? м??алімі Мансура Шекеновна ж?не бізбен бірге сынып жетекшіміз – Динара Н?рса?атовна!
2 – ж?ргізуші:
-«Лондоннан, Нью-Йорктен т?ман бас?ан, Алматым мы? есе арты? к?ркі? ас?ан»- деп Тайыр Жароков а?амыз жыр?а ?ос?андай, ?лемні? алыптарымен иы? тірескен алып ша?ар ?ніне ??ла? т?релік:
(Алматы ?аласы туралы – Досжан айтады)
1 – ж?ргізуші:
-Кезінде, 1997 жылы елорда Алматыдан А?мола?а к?шірілгенде елбасы Н.?.Назарбаев:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? ?алаларына саяхат»
1 – жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан тарих-география пәндері бірлестігінің 10 күндігіне арналған жоспарлы іс – шараларының бірі ретінде «Менің елімнің қалалары» атты саяхат – сағатымызды бастағалы отырмыз.
2 – жүргізуші:
-Себебі, кең-байтақ елімізді, туған Отанымызды жан-жақты танып – білудің кезекті сериясы – оның қалаларына арналмақ.
1 – жүргізуші:
-Сонымен, қалаларды оқып-уйренудің, әрбір қаланың тыныс-тіршілігін танып-білудің міндеті – біздерге – 9- сыныптықтарға жүктелген екен, сол міндетті орындауға біз дайынбыз!
2 – жүргізуші:
-Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ұйымдастырғалы отырған Отанымыздың 24 қаласына, 24 күндік сапар-саяхатқа шығуға мектебіміз біздің сыныпқа ерекше сенім артыпты, ол сенімді біз ақтауға уәде береміз! Босатылған сабақтарды уақытпен санаспай, қосымша ізденіп, оқып - уйренеміз!
1 – жүргізуші:
-Біз мінген «Қазақстан» жүрдек поезы Түркістан-Сібір темір жол магистралінің бойындағы алып шаһарға табан тіреді, жолбасшымыз география пәнінің мұғалімі Мансура Шекеновна және бізбен бірге сынып жетекшіміз – Динара Нұрсағатовна!
2 – жүргізуші:
-«Лондоннан, Нью-Йорктен тұман басқан, Алматым мың есе артық көркің асқан»- деп Тайыр Жароков ағамыз жырға қосқандай, әлемнің алыптарымен иық тірескен алып шаһар үніне құлақ түрелік:
(Алматы қаласы туралы – Досжан айтады)
1 – жүргізуші:
-Кезінде, 1997 жылы елорда Алматыдан Ақмолаға көшірілгенде елбасы Н.Ә.Назарбаев:
«Біз асқақ Алатаудың баурайынан сыймай кетіп бара жатқан жоқпыз, қайта оны қимай қимай кетіп барамыз» - дегендей бізде ару Алматымен қимай-қимай қоштасып кете бардық!
2 – жүргізуші:
-Бағытымыз Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалалардың бірі – Тараз
(Гүлнұр қала туралы айтады, слайдта қала көрінісі)
1 – жүргізуші:
-Тянь – Шаньның Батыс сілемдері – Талас Алатауы мен Қаратауды артқа тастап жүрдек көлігіміз жүйткіп келеді, бағытымыз – Шымкент
(Мұхамед қала туралы айтады)
2 – жүргізуші:
-Оңтүстікті сапарлай келе «2-Меккке» атанған бұл қаланы көре алмай, аттап өту біздерге сын, ендеше – Түркістан шаһары
(Ералы айтады)
1 – жүргізуші:
-Келесі аялдаған қаламыз Сырдың бойын ән мен жырға бөлеген – Ырысты, күрішті – Қызылорда
(Әділбек Даулет айтады)
2 – жүргізуші:
-Жер жәннаты – Жетісуды кейінге қалдырып, ілгері жылжып келеміз, бағытымыз мұнайлы өлке – Батыс, әрі балықтың «базары» да осында!
1 – жүргізуші:
-Айта кетуіміз керек, Шымкент пен әрі Түрксиб темір жолы еліміздегі ең көне, әрі аса маңызды 3 теміржолдың бірі – Орынбор Ташкент магистралімен түйісіп, сол желімен зымырап барамыз, бетке алған шаһарымыз – Ақтөбе
(Еркежан айтады)
2 – жүргізуші:
-Иә, егер сізден әлдекім: Қазақстанда Еуропалық қала бар ма? – десе, онда біліңіз, білгеніңіз жөн.
1 – жүргізуші:
-Келесі қалаға жету үшін біз Қазақстан шекарасынан өтіп, біраз шақырымды көрші Ресей арқылы айналып өтуге тура келді, аз уақыт олса да көрші елді де көрдік, «Еуропалық» қала – Оралға да жеттік.
(Серікбай Дәулет айтады)
2 – жүргізуші:
-Бізде нағыз Еуразиялық қала да бар, иә дәл солай екені рас, тыңдайық, Серікжанды! Атырау!
1 – жүргізуші:
-Қарт Каспиидің жағасындағы Ақтау – теңіз порты
(Еркебұлан Ахметқалиев айтады)
2 – жүргізуші:
-Мұнайлы өңірден – астықты өлкеге! Қостанай қаласы!
(Ербол айтады)
1 – жүргізуші:
-Петропавл – елдің «солтүстік қақпасы»
(Күнболат айтады)
2 – жүргізуші:
-Петропавлдан меридиан бағытындағы елдің 3 – маңызды теміржол ТРАНСҚАЗАҚСТАН басталды Көкщетау
(Зарина айтады)
1 – жүргізуші:
-Жүрегі бол, тілегі бол – Отанымның бас қала,
Ел таныды, әлем білді бүгін сені – АСТАНА
(Перизат айтады)
2 – жүргізуші:
-Кеншілер шаһары – Қарағанды
(Майра айтады)
1– жүргізуші:
-Бүгінгі елбасындай көреген басшыны еңбек жолының алғашқы баспалдақтарында шыңдап, болашағына шамшырақ жаққан қала – Теміртау
(Тыныбек Еркебұлан)
Жезқазған – (Назарбек)
2 – жүргізуші:
Павлодар – (Раушан)
Шығыстың қос шырайы – Семей мен Өскемен
(Семей – Мөлдір)
(Өскемен – Айжан)
(Талдықорған – Еламан)
1 – жүргізуші:
Міне, біздің Отанымыздың қалаларына жасаған саяхатымыз да аяқталды. «1000 естігеннен 1 көрген» дегендей жақсы әсер алып, рухани күшпен оралдық. Осындай тамаша сапардың біздің тарапымыздан өтеуі: алдағы мемлекет аралық бақылауды 4– 5 ке тапсырып, 9 сыныпты сапалы біліммен аяқтау, оқу жылының соңына дейін өзіміз оқитын 212 кабинетті жайқалған жасыл кабинетке айналдырамыз деп сенім білдіреміз.