kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Калашников автоматы ж?не пулеметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарау ІV. Атыс дайынды?ы.

                     Саба? та?ырыбы: 3 Калашников автоматы мен пулеметі.

        Саба? ма?саты:

        Білімділік:  О?ушылар?а ?аза?стан Республикасы ?арулы К?штеріні? атыс ?арулары ж?нінде ма?л?мат беру;

       Дамытушылы?: о?ушылар?а ?з бетінше ізденуге да?дыландыру, ой-?рісін, ойлау ?абілетін, о?у?а деген ынтасын арттыру;

     Т?рбиелілік: патриотты? сезімін арттыру, елін, Отанын ?ор?ау?а дайын болу, батылды??а, ерж?ректілікке т?рбиелеу.

    Саба?ты? т?рі: аралас саба?, СТО.

    Саба?ты? ?дісі: ??гімелеу, к?рсету, баяндау.

    ?тетін орны: А?Д кабинеті.

    К?рнекілік: экран, проектор, плакаттар, магазин, автомат макеті, слайдтар.

    ?дістеме ??ралдар: А?Д журналы, № 3,2013. № 6, 2006. № 1, 2012. № 2, 2010.

    Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру б?лімі:

1.О?ушыларды сап?а т?р?ызу.

2.Взвод командиріні? баяндауын ?абылдау.

3.О?ушылармен ?скери с?лемдесу.

4.О?ушыларды? сырт?ы келбетін тексеру.

ІІ. Негізгі б?лім. Жа?а саба?ты т?сіндіру.

Жа?а саба?ты? жоспары:

1.Тарихи аны?тама.

2.Автоматты? шы?у тарихы.

3.Аты а?ыз?а айнал?ан ХХ ?асыр ?арушысы.

4.Калашников автоматыны? хроникасы.

5.Автоматты? негізгі б?лшектері мен механизмдері.

6.Автоматты? ?рысты? ?асиеттері.

7.?ауіпсіздік шаралары.

ІІІ.?орытынды б?лім.

1.Бекіту.

2.?орытындылау.

3.Ба?алау.

4.?й тапсырмасы.

    1.Автоматты, атыс ?аруларын ойлап, тауып жасауда Ке?ес конструкторларыны? ?лесі зор. ?лемде автоматты? ?ару пистолет – автоматты ал?аш рет орыс ?ару жаса?ышы В.Г.Федоров 1916 ж.??рып шы?арды. Автоматты? ??руды? дамуына ?лес ?ос?ан Ке?естік конструкторлар:

  1. В.А.Дегтярев-бірнеше пулемет ж?не пистолет-пулемет ?лгілерін, оны? ішінде ППД 1940ж.
  2. Г.С.Шпагин – Дегтяревпен бірге ірі калибрлі пулемет ДШК 1938ж; пистолет-пулемет ППШ-1940ж. 1941ж.
  3. Ф.В.Токарев-автоматты винктовкаларды? бірнеше т?рлерін ойлап шы?арды, оны? ішінде ?зі о?талатын СВТ-1938ж. ?ол пулеметі  МТ 1925ж.пистолет ТТ -1930 ж.
  4. Драгунов – мергендік винтовка СВД.
  5. А.И.Судаев – тапанша- пулеметі ППС-43.
  6. М.Т.Калашников – АКМ, АК, РПК, ПК, ПКТ. Автомат ж?не пулеметтер.

      2.    Калашников Михаил Тимофеевич –Ке?ес ж?не Ресей атыс ?аруыны? конструкторы, Калашников автоматыны? авторы, техника ?ылымдарыны? докторы. Оны? баламасы – Калашников автоматы (КА) – «изобретение века» деп танылып, к?п елдерді? елта?ба мен туларында бейнеленген. Б?гінгі к?нде 100 -ден астам мемлекеттер   КА ?ару-жара?ын ?абылдап ?олдануда.

      Михаил Калашников 1919 жылы Алтай айма?ы, Курья кентінде д?ниеге келген. 1937 жылы Алматы облысына келіп, «Матай» бекетіне теміржол депосына ж?мыс?а кіреді. ?аза?станнан 1938 жылы ?скер ?атарына аттанады. Киев ?скери айма?ында ?ызметін ат?арып, танкі механик-ж?ргізуші курстарын о?ып бітіреді. Осы ?скери борышын ?теп ж?ргенде Калашников ?з ?нертап?ыш ?абілеттерін ж?зеге асырып, ол:

  • танк зе?бірегінен ату?а инерциялы? есептеуіш;
  • «ТТ» тапаншасына ?ондыр?ы;
  • танк ?оз?алт?ышыны? моторесурсын есептейтін аспап ойлап шы?арды.

      Атал?ан аспап-б?йымдарды ойлап шы?ар?аны ?шін 1941 жылды? ?а?тарында армия генералы Г.К.Жуков жеке ?олса?атпен марапатта?ан. Сына?тан ?ткеннен кейін Михаилды Ворошилов ат.Ленинград зауытына осы атал?ан б?йымдарды толы?тырып, ?ндіріске енгізу ?шін аттандырады.

      1941ж. ?лы Отан со?ысы бастал?анда Калашников танк командирі болып бастады. ?азан айында танкілерді? Брянск т?біндегі шай?асында М.Калашников ауыр жараланып госпитальге т?седі. Аурухана та?тасында жатып, автоматты? ?ару ойлап табуына ой туып, ?рт?рлі сызбалар мен суреттер салады. Емделуден кейін 6 ай?а демалыс алып, армия?а алын?ан жері Алматы?а келіп, депода?ы ж?мысын жал?астырады. Осы депо шеберханасында жолдастарыны? к?мегімен тапанша-пулеметін жасап шы?арады. Осы ?нер туындысына атыс ?аруыны? маманы А.Благонравов ?ызы?ушылы? танытып, оны 1942 жылы Жо?ары артиллериялы? бас?ару ?ылыми-зерттеу полигонына ?ызметке жіберіледі. Осында 1945 жылдан бастап Калашников ?зі ойла?ан автоматты? ?аруды жасап шы?аруды бастайды. 1947 жылы оны? автомат жобасы конкурста «жарамды» деп танылып, сына?тан ?теді. Автоматты батпа??а батырады, ??м?а к?меді, су?а салады, ?шінші ?абаттан бетон плита?а тастайды – автомат атады. С?йтіп сына?тан ?ткен ?ару АК 47 атымен лицензия алып, сериялы? ?ндіріске ?ойылады. 1949 жылы КА Ке?ес ?скеріні? негізгі ?аруы болып, ?олданыс?а алынады. Ал Михаил Калашниковты Ижевск ?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Калашников автоматы ж?не пулеметі»


Тарау ІV. Атыс дайындығы.

Сабақ тақырыбы: 3 Калашников автоматы мен пулеметі.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің атыс қарулары жөнінде мағлұмат беру;

Дамытушылық: оқушыларға өз бетінше ізденуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, оқуға деген ынтасын арттыру;

Тәрбиелілік: патриоттық сезімін арттыру, елін, Отанын қорғауға дайын болу, батылдыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, СТО.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрсету, баяндау.

Өтетін орны: АӘД кабинеті.

Көрнекілік: экран, проектор, плакаттар, магазин, автомат макеті, слайдтар.

Әдістеме құралдар: АӘД журналы, № 3,2013. № 6, 2006. № 1, 2012. № 2, 2010.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2.Взвод командирінің баяндауын қабылдау.

3.Оқушылармен әскери сәлемдесу.

4.Оқушылардың сыртқы келбетін тексеру.

ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Тарихи анықтама.

2.Автоматтың шығу тарихы.

3.Аты аңызға айналған ХХ ғасыр қарушысы.

4.Калашников автоматының хроникасы.

5.Автоматтың негізгі бөлшектері мен механизмдері.

6.Автоматтың ұрыстық қасиеттері.

7.Қауіпсіздік шаралары.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

1.Бекіту.

2.Қорытындылау.

3.Бағалау.

4.Үй тапсырмасы.

1.Автоматты, атыс қаруларын ойлап, тауып жасауда Кеңес конструкторларының үлесі зор. Әлемде автоматтық қару пистолет – автоматты алғаш рет орыс қару жасағышы В.Г.Федоров 1916 ж.құрып шығарды. Автоматтық құрудың дамуына үлес қосқан Кеңестік конструкторлар:

  • В.А.Дегтярев-бірнеше пулемет және пистолет-пулемет үлгілерін, оның ішінде ППД 1940ж.

  • Г.С.Шпагин – Дегтяревпен бірге ірі калибрлі пулемет ДШК 1938ж; пистолет-пулемет ППШ-1940ж. 1941ж.

  • Ф.В.Токарев-автоматты винктовкалардың бірнеше түрлерін ойлап шығарды, оның ішінде өзі оқталатын СВТ-1938ж. қол пулеметі МТ 1925ж.пистолет ТТ -1930 ж.

  • Драгунов – мергендік винтовка СВД.

  • А.И.Судаев – тапанша- пулеметі ППС-43.

  • М.Т.Калашников – АКМ, АК, РПК, ПК, ПКТ. Автомат және пулеметтер.

2. Калашников Михаил Тимофеевич –Кеңес және Ресей атыс қаруының конструкторы, Калашников автоматының авторы, техника ғылымдарының докторы. Оның баламасы – Калашников автоматы (КА) – «изобретение века» деп танылып, көп елдердің елтаңба мен туларында бейнеленген. Бүгінгі күнде 100 -ден астам мемлекеттер КА қару-жарағын қабылдап қолдануда.

Михаил Калашников 1919 жылы Алтай аймағы, Курья кентінде дүниеге келген. 1937 жылы Алматы облысына келіп, «Матай» бекетіне теміржол депосына жұмысқа кіреді. Қазақстаннан 1938 жылы әскер қатарына аттанады. Киев әскери аймағында қызметін атқарып, танкі механик-жұргізуші курстарын оқып бітіреді. Осы әскери борышын өтеп жүргенде Калашников өз өнертапқыш қабілеттерін жүзеге асырып, ол:

  • танк зеңбірегінен атуға инерциялық есептеуіш;

  • «ТТ» тапаншасына қондырғы;

  • танк қозғалтқышының моторесурсын есептейтін аспап ойлап шығарды.

Аталған аспап-бұйымдарды ойлап шығарғаны үшін 1941 жылдың қаңтарында армия генералы Г.К.Жуков жеке қолсағатпен марапаттаған. Сынақтан өткеннен кейін Михаилды Ворошилов ат.Ленинград зауытына осы аталған бұйымдарды толықтырып, өндіріске енгізу үшін аттандырады.

1941ж. Ұлы Отан соғысы басталғанда Калашников танк командирі болып бастады. Қазан айында танкілердің Брянск түбіндегі шайқасында М.Калашников ауыр жараланып госпитальге түседі. Аурухана тақтасында жатып, автоматтық қару ойлап табуына ой туып, әртүрлі сызбалар мен суреттер салады. Емделуден кейін 6 айға демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келіп, деподағы жұмысын жалғастырады. Осы депо шеберханасында жолдастарының көмегімен тапанша-пулеметін жасап шығарады. Осы өнер туындысына атыс қаруының маманы А.Благонравов қызығушылық танытып, оны 1942 жылы Жоғары артиллериялық басқару ғылыми-зерттеу полигонына қызметке жіберіледі. Осында 1945 жылдан бастап Калашников өзі ойлаған автоматтық қаруды жасап шығаруды бастайды. 1947 жылы оның автомат жобасы конкурста «жарамды» деп танылып, сынақтан өтеді. Автоматты батпаққа батырады, құмға көмеді, суға салады, үшінші қабаттан бетон плитаға тастайды – автомат атады. Сөйтіп сынақтан өткен қару АК 47 атымен лицензия алып, сериялық өндіріске қойылады. 1949 жылы КА Кеңес әскерінің негізгі қаруы болып, қолданысқа алынады. Ал Михаил Калашниковты Ижевск қ. (Удмуртия) зауытына жұмысқа жіберіліп, зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеп тұрды. Кейін Калашников пулеметі шықты. Соғыстан кейін М.Калашников семья құрды. Оның зайыбы Екатерина 1977 жылы дүниеден озды. Олардың ұлы Виктор, қыздары Нелли, Елена, Наталья бар.

Михаил Тимофеевич жұмыстан тыс поэзиямен, классикалық музыкамен айналысады, аңшылық, балық аулағанды ұнатады. Ол бірнеше естелік кітаптардың авторы, Ресей жазушылар Одағының мүшесі болып табылады және Ресей қаружасағыштар Одағының Президенті Генерал – лейтенант, техника ғылымдарының докторы , Ресей Батыры, 35 авторлық куәліктерінің иесі және 16 Ресей және Шетел академияларының акдемигі.

3. «Аты аңызға айналған ХХ ғасыр қарушысы» атты тірек-сызба арқылы түсіндіріп, М.Т.Калашниковтың дәрежелері мен атақтарына тоқталамын.

Слайд № 3.

4.Калашников автоматы шығуының хроникасына назар аударамын, слайд №5.

5.Калашников автоматы дербес қару, ал Калашников пулеметі – атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Бұл қарулар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын жоюға арналған. Сұңғы, пышақ – қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін бекітіледі. Түнде атуға және бақылау үшін автомат және пулеметке арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі. –НСПУ. Автоматтан тікелей және автоматты атыс жүргізіледі. Калибр- ұңғы арасында екі қарама-қарсы өрістер арақашықтығы. КА мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:

  • ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;

  • ұңғы қорабының қақпағы;

  • газ поршені мен бекітпе жақтауы;

  • бекітпе;

  • қайтармалы механизм;

  • ұңғы тапсырмасы бар газ түтігі;

  • соққы-ағытқыш механизм;

  • құндақ;

  • оқжатар;

  • сүмбі;

  • пенал жабдығы.

6.КА- ұрыстық қасиеттерін кесте бойынша слайд. № 7.

7.Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін мыналарға тыйым салынады:

  • қаруды адамдарға қарай бағыттауға, шүріппені басуға;

  • бұйрықсыз қаруды қолға алуға және оқтауға;

  • атыс алаңынан оқталған қаруды алып шығуға;

  • қаруды айналаға бағыттауға, қаруды тастап кетуге, бөгде адамға беруге;

  • қаруды бөлшектеуге, түсіріп алуға, соғуға, ұрысқа арналған патрондардың капсюлін түртуге;

  • бөгде адамдардың «ат» бұйрығынан «тоқтат» бұйрығына дейін ату алаңында жүруге.

ІV. Бекіту. Слайд № 8.

Бес жолды өлең.

Не? Автомат.

Қандай? Қарапайым.Дербес. Автоматты.

Не істейді? Қорғайды. Атады. Жояды.

Сөйлем құру. Автомат қарсыласты жоюға арналған қару.

Синоним. Қару.


Үш бөлімді күнделік толтыру. Слайд № 9.

Бұрыннан білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаңалық





V. Қорытындылау. Сөзжұмбақты шешу. Слайд № 10.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. § 1. 128-132 бет.

Автоматтың ұрыстық қасиеттерін, бөлшектердің атауларын жаттау.

Сөзжұмбақ құрастыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Калашников автоматы ж?не пулеметі

Автор: Шналиев Нуржан Урнгалиевич

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства