Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу. «Сәлемдесу» ойын әдісі: Мұғалім:- Күн шығады әнімен. Оқушылар: - Қайырлы таң, Күн! (бәрі қолдарын жоғары көтеріп, асқа жібереді). - Аспан көрінеді көгімен. - Қайырлы таң, Аспан! (бәрі қолдарын жоғары көтеріп, асқа жібереді). - Мектеп білінеді оқушыларымен. - Қайырлы таң, Мектеп! (бәрі қолдарын алға көтереді). - Оқушылар мықты достарымен. - Қайырлы таң, Достарым! (бәрі қолдарын жан- жаққа көтереді.) Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қайталау. «Түртіп оқу» әдісі. Мен көңілді мерекеге қатыстым.Бұл мереке қала алаңындаөткізілді. Мереке қалай жүргізілді? Мерекеге біз отбасымызбен бардық. Онда киіз үйлер тігілген. Киіз үйлерді кімдер тіккен екен? Есімдік деген не? Есімдіктің түрлері қандай? Сұрау есімдігі дегеніміз не? Қандай сұрау есімдіктерін білесіңдер? Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қандай? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? «Қара - есіңе сақта - жаз» әдісі арқылы жаңа сөздерді еңгізу: Алаң –площадь Қызықты- интересный (-ая,- ое,- ые) Көңілді – весёлый (-ая,- ое,- ые) Құттықтадық -поздравляли Тілек –пожелание Тілеймін – желаю Сыйлық – подарок Қуаныш - радость
1-тапсырма: Төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар. Жеке жұмыс –деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей:Берілген есімдіктердің қазақша баламасын атаңыздар: Сен (какой?) мерекеге қатыстың? Бұл мереке ( где?) өтті? Сахнаға (кто?) шығып, ән салды. Сіз Жаңа жыл мерекесін (как?) өткіздіңдер? Балаларды қорғау күні (когда?) болады? 2-деңгей: Сәйкестендіріңіздер: Кім? | | Кеше, қазір , жазда | Қашан? | Қызық, көңілді, мерекелік | Қайда? | Көрші, оқушы, ата-анам | Қалай? | Алаңда, дүкенде, киіз үйде | Қандай? | Тез, жақсы, жаяу |
3-деңгей:Сөйлемдерге дұрыс сұрау есімдіктерін қойып жазыңыздар: Жаңа Жыл мерекесі ... өткізіледі? Кешегі мереке ... өтті? Бұл мерекеге ... сынып оқушылары катысады ? Сен Наурыз мерекесіне ... барасың ? Көктем мезгілінде ... мерекелер болады ?
Балалар кілт бойынша өзін - өзі тексереді, әр дұрыс жауапқа смайлик беріледі . 1-деңгей: Берілген есімдіктердің қазақша баламасын атаңыздар: Сен қандай мерекеге қатыстың? Бұл мереке қайда өтті? Сахнаға кім шығып, ән салды. Сіз Жаңа жыл мерекесін қалай өткіздіңдер? Балаларды қорғау күні қашан болады? 2-деңгей:Сәйкестендіріңіздер: Кім? | | Кеше, қазір , жазда | Қашан? | Қызық, көңілді, мерекелік | Қайда? | Көрші, оқушы, ата-анам | Қалай? | Алаңда, дүкенде, киіз үйде | Қандай? | Тез, жақсы, жаяу |
3-деңгей:Сөйлемдерге дұрыс сұрау есімдіктерін қойып жазыңыздар: Жаңа Жыл мерекесі қашан өткізіледі? Кешегі мереке қалай өтті? Бұл мерекеге нешінші сынып оқушылары катысады ? Сен Наурыз мерекесіне кіммен барасың ? Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады ? Дескриптор 1.Сұрау есімдіктерін білді – 1 балл 2.Сұрау есімдіктерін орынды қолданды-2балл Бағалау формасы: смайлик арқылы, әр дұрыс орындалған тапсырма үшін бір смайлик беріледі.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
2-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып,сөйлем құрастырыңыздар. Жұппен жұмыс («Сиқырлы сандықшадан» әр оқушы бір кескіндеме таңдап алады. Үш түрлі-түсті кескіндемелерде түрлі тірек сөздер жазылған. Оқушылар түс бойы жұптасып, тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрастырады). Кескіндемелер түрінде берілген тірек сөздер: киіз үйлер, қуаныш, тілек , көңілді, бата, сыйладық, алаң, тілек, қатыстық, әйелдер, көже, Шығыс, құттықтаймын, тілеймін. «Серпінді доп» әдісі арқылы тексереміз.
Дескриптор 1.Тірек сөздерді орынды қолданды. 2балл 2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырды. 2балл Бағалау формасы: «Бас бармақ» әдісі бойынша барлық оқушылар жұпты бағалайды.
3-тапсырма: Берілген тірек сөздерге сүйене отырып, суреттерді сипаттаңыздар. Топпен жұмыс Оқушылар 2-тапсырмадағы кескіндемелер түсі бойынша топтасып, үш топқұрайды, иллюстрация таңдайды. («Наурыз мерекесі», «Жаңа жыл мерекесі», «Халықаралық әйелдер күні» суреттері жабылып тұр, тек нөмері қойылған. Жеке парақта тірек сөздер жазылып таратылады.). Иллюстрация тақырыбына сай тірек сөздерді таңдап алып, «Мен көңілді мерекеге қатыстым» тақырыбы бойыншасипаттайды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы тексереміз. Дескриптор
1. Тірек сөздерді дұрыс таңдады. 2 балл 2. Иллюстрацияны тірек сөздер арқылы сипаттады. 3 балл
Бағалау формасы: «Шапалақтау» бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Кері байланыс: Кері байланыс Қолымнан бәрі келді! Талпындым, бәрі жақсы! Өкінішке орай, ... Стикерлерге өз аттарын, пікірлерін жазып, тақтаның қажетті бөлігіне іліңіздер. Бағалау парағы: Бағалау парағы | № | Аты-жөні: | 1-тапсырма | 2-тапсырма | 3-тапсырма | Жалпыбалл | | | Дескриптор | Дескриптор | Дескриптор | | | | Сұрау есімдітерін білді | Сұрау есімдікте-рін орын-ды қол-данды | Тірек сөздерді орынды қолдан-ды | Сөйлемдерді дұрыс құрастырды | Тірек сөздерді дұрыс таңдады | Иллюстрация-ны тірек сөздер арқылы сипаттады | | 1 балл | 2 балл | 2 балл | 2 балл | 2 балл | 3балл | | | | 3 балл | 4 балл | 5 балл | 12 балл | 1 | | | | | | | | | 2 | | | | | | | | | 3 | | | | | | | | | Жинаған балл саны | Бағасы | 10 -12 балл | «5» | 7- 9 балл | «4» | 4-6 балл | «3» | 0-3 балл | «2» |
|