«Адам ?рпа?ымен мы? жасайды» – дейді хал?ымыз. ?рпа? жал?асты?ымен адамзат баласы мы? емес миллионда?ан жылдар жасап келеді. «Надан ж?ртты? к?ні – ?ара?, келешегі т?ман» – деп М.Дулатов айт?андай, егеменді елімізді? тірегі – білімді ?рпа?.Сонды?тан да, заман талабына сай о?ыту мен т?рбиені? со??ы т?рлерін жедел ме?геріп,к?сіби шеберлікті ?штап отыру ?стазды? басты парызы. Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? ?аза?стан Республикасыны? 2016 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасыны? жобасында:?азіргі білім берудегі басты м?селе –білім мазм?нына жа?алы? енгізуді? тиімді де жа?а ?дістерін іздестіру мен оларды ж?зеге асыра алатын болаша? мамандарды даярлау екені атап к?рсетіледі. ХХІ ?асыр – ?ата? б?секе ?асыры. Елімізді? білім беру ж?йесі ?лемдік білім беру ке?істігіне ба?ыт алуда. ?аза?стан Республикасыны? «Білім за?ында» «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау, о?ытуды? жа?а технологияларын енгізу,білім беруді а?параттандыру, халы?аралы? ?аламды? коммуникациялы? желілерге шы?у» делінген.Осы?ан байланысты, ?аза?стан Республикасыны? ?стаздарыны? негізгі ма?саты – ?о?ам дамуыны? ?азіргі кезе?іне сай жастарды? саналы ойлауын ?алыптастыру, шы?армашыл, ?з маманды?ын д?рыс та?да?ан, ой – ?рісі жо?ары жеке т?л?а дайындау.?азіргі заман а?ымына байланысты о?ушыларды? білімге ?ызы?уын арттыру ?шін м??алімдерге жа?а талаптар ?ойылуда.Сол себепті о?ытуды? ?р т?рлі технологиялары жасалып, мектеп т?жірибесіне енгізілуде. Жан – жа?ты ізденісті? н?тижесінде білім беру аясында жа?а педагогикалы? технологияларды? саны да, сапасы да ?сіп келеді. ?лы педагог Я.А. Каменский «М??алім – м??гі н?рды? ?ызметшісі, ол барлы? ой мен ?имыл – ?рекетіне а?ылды? д?нін сеуіп, н?р ??ятын тынымсыз лаула?ан жалын иесі» – деп ?стазды? е?бегіне ерекше ба?а беріп, ?немі ізденісте, шы?армашылы? ?рекетте болатын, жалындап ж?ретін т?л?а екендігін айт?ан. Ал шы?армашыл м??алімні? ш?кірті де шы?армашыл болуы керек. О?у процесі бас?арылатын процесс бол?анды?тан, жеке о?ушыны? ерекшелігін ескеру – м??алімні? міндеті. Шы?армашылы? ?абілеті ?р баланы? таби?атында болады. Бізді? міндетіміз о?ушы бойында жасырын жат?ан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«???Ы?ТАНУ САБА?ТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ Ж?НЕ А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУ»
УДК 899 (с 120)
ББК 24 56
ISBN 118/2-912-8113-59-3
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Тараз «Парасат» колледжінің
Мақтабай Аружан
жетекші: Молдабеков Б.Т
ҚҰҚЫҚТАНУ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сондықтан да, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе –білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап көрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 – ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялыққоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары,өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек.Ал азаматтарды оқытып,тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – білім ордалары – мектеп,колледж,ЖОО.Құқықтану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет.Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі(кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі(құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Менің студент ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Қазіргі кездегі білімгерлердің басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Құқықты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау
Өздерін – өздеріне бағалату
Іс – әрекет барысында білім алу
Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеңіз, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек.Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.
Бұл әдіс оқытушы мен студенттер тобы,шағын топ, жеке студент арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады.Оқытушы студенттерге өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс.
1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы оқытушы студенттердің білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда студенттер жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.
Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде студенттердің өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша студенттер өз білімін өздері бағалайды.Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Адам және заң» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым.Бұл студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды