Просмотр содержимого документа
«?ош келді? Наурыз!»
Қош келдің,Наурыз!
І-ші жүргізуші:
Құрметті қонақтар,дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын!Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.
ІІ-жүргізуші:
Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен қарсы алады.Ұлы мерекеңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық,жанұяларыңызға бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз!
І ж.
Уа,жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
ІІ ж.
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерде бар сан ғұрып.
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
І ж.
Наурыз келсе-құт келгені халайық,
Есік ашып,шашу шашып!
Ел боп қарсы алаайық!
(Әжелер Наурыз шашуын шашады)
ІІ ж.
Жиналдық наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен-кіші,жасымыз кәріміз де.
Ән мен күйді,жыр мен биді шалқытып,
Өнерлермен інжу-маржан шашайық,-дей отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Көрініс (сахнада ауыл көрінісі)
Кейіпкерлер:Ата,әже,келін,немере,қаладағы қонақ балалар.
Атасы:Оу,кемпір,оның-мұның дайын болды ма?Жақсы хабар жетісімен сасып қалма.
Құрметті
Сізді Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты ертеңгілігімізге шақырымыз.
Күні : 19.03.2012 ж.
Сағат: 10.00.ж.у.
Ембі қаласы. «Жұлдыз» балабақшасы
«Наурыз келді ауылға»
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар,ата-аналар және балалар!Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз келді ауылға» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Наурыз мерекесі құтты болсын!
Құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Ғалия Болатқызына береміз.
Ж.: Уа,жараңдар,келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Текке қарап тұрмаңдар,
Тойға шашу шашыңдар.
Әже келіп шашау шашады.
Ж.: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай.
Бізде қарап қалмайық,
Ән салайық,шырқайық.
Ән: «Атамекен»
Орындаушылар: Арай,Айкүн,Аяжан,Ағлен.
Би: «Қара жорға»
Ж.: Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірген үш жүздің әз билерін еске алайық.
Ортамызға Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би келеді.
Төле би: Біз үш жүз-
Қазақтың ағайынды үш ұлымыз
Сіздерге қонаққа келдік біз.
Үш би бірге: Біз үш жүз керіспейік,келісейік,
Халқымыз,ұрпағымыз аман болып,
Ауызбіршілікпен жүздесейік.
Ежелгі заманымыздың қазақ халқы үш жүзден тараған.Одан тайпа,руға бөлінген.Бүгінгі мерекемізге үш жүздің жұрты жиналып,мереке тойлауға келіп отыр.Міне, бүгін солардың өнерлерін тамашалаймыз.
Таныстыру.
Қонақ күту (Дастархан)
Өз өнері.
Салт-дәстүр (көрініс).
Ендеше осы үш топтың өнерлерін тамашалап,әрі әділ баға беріп отыратын әділқазылар мүшесін таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
4.
Сайыстың 1-ші шарты: Таныстыру
Ж.: Ерке өсіп,ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап,жүректен біз.
Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
Тақпақтар:
Миржан: Наурыз көктем,наурыз той,
Жылдың басы біліп қой.
Шаттанайық қуанып,
Шашу шаш та,қойыңды сой.
Еркемай: Наурыз келді жар салып
Қуаныңдар қарсы алып.
Наурыз көктем,береке.
Тойлайықшы ән салып.
Ж.: Қонақжайлық салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз
Ата-салтын сақтасақ,
Арта берер даңқымыз.
Сайыстың 2-ші шарты: «Қонақ күту».
Тақпақтар
Арай: Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Махаббат: Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық
Думандатып бақшамды
Наурыз тойын тойлайық!
Сайыстың 3-ші шарты: «Өз өнері».
Тақпақтар
Аделя: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Еркебұлан: Басталады міне тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз.
Наурыз бақыт әкеліп
Тойға ұлассын тойымыз!
Нұрислам:
Ж.: Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп,
Салт-дәстүрді еске алып
Қол соғайық бәріміз.
Сайыстың 4-ші шарты: «Салт-дәстүр».
Қырқынан шығару.
Бесікке салу.
Тұсау кесу.
Ж.: Той тойға ұлассын!
Қазақ халқы жасасын!
Тойға келген қонақтар,
Аямасын батасын!
Бата
Ж.: Келді міне бүгін сын ауылға,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортаға
Берер деп әділқазы әділ баға
Сөз кезегін әділқазыларға берелік.
Қонақтарға сөз беру. Балабақша әдіскері Шолпан Убайтжанқызына сөз беру.
Қыздарымыздың орындауында «Айгөлек » биі.
Ж.: Қош демейміз,әлі талай сайыс бар,
Өнерің шындай берсін, қалыспаң.
Көрермендер көбейсін күннен-күнге,
Келе берсін қонақтар жан-жақтан- дей отырып осымен ертеңтеңгілігіміз аяқталды.Қонақтарды мерекелік дастарханға шақырамыз.