тере?ірек ??іле т?су, ерліктерін о?ып ?йрену. ?ле?, жыр о?ыту
ар?ылы, шы?арма, сурет ар?ылы шы?армашылы?ын дамыту. ?лы
адамдарды? ?мірінен ?лгі алу?а, оларды ?адірлей білуге
т?рбиелеу.
К?рнекілік: ?лы Отан со?ысына арнал?ан суреттер, ?анатты с?здер,
журналдар.
?дісі: Конференция-зерттеу саба?ы.
Саба? барысы:
?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гимні орындалады.
?скери жетекші:
Б?гінгі т?рбие са?аты ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсетіп, аттары ел аузында ж?рген батыр апаларымыз?а арналады. Б?л со?ысты? сал?ан жарасы ?лі к?нге дейін барлы? ?лтты? ж?регінде жазылмады, ?лі де са?талуда. Осы жар?ын ?мір сыйла?ан ?ке, а?а, апаларымызды? ерлігі м??гі ?лгі. ?ай со?ыста болмасын елін, жерін, Отанын ?асы? ?аны ?ал?анша ?ор?а?ан батырлар бол?ан. Оларды д?ріптеу, ??рмет т?ту, елге таныстыру, келешек ?рпа??а м?ра етіп ?алдыру ма?сатында конференциялы? саба? ?ткізгелі отырмыз.
Ж?ргізушіні? с?зі: Алтын ?аза?, нар ?аза? барыс мінгін
Жетті бізге м??алмай алыс к?ннен
Нар ?аза?пен- намысы бар ?аза?пен
Сонау ы?ылым заманнан таныспын мен!
Ешкім де, еш?ашан да, ешн?рсе де ?мытылма? емес.
Тарихшы: 1939 ж. 1-?ырк?йекте фашистік Германия Польша?а шабуыл жасады. Ал 3- ?ырк?йекте Англия мен Франция Германия?а со?ыс жариялады. Осылайша екінші д?ниеж?зілік со?ыс басталды. Фашистік Германияны? ма?саты- Ке?ес Ода?ын жаулап алу еді. Осы ма?сатын орындау ?шін «Барбаросса» жоспарын жасады.
Хиуаз ?айыр?ызы Доспанова ?лы Отан со?ысы жылдарында майданда ерлікпен шай?ас?ан ?аза?ты? ?ш?ыш ?ызы. Ата?ты орыс ?ш?ышы Марина Раскова бас?ар?ан 46-гвардиялы? т?нгі бомбалаушы-?ш?ыштар полкінде штурман ?ызметін ат?ар?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? т???ыш ?ш?ыш ?ызы »
Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы.
Мақсаты: Халқымыздың ерлік тарихынан тағылым бере отырып, баланың
бойындағы патриоттық сезімнің оянуына, Отанды қорғау, сүю
қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова ерлігіне
тереңірек үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену. Өлең, жыр оқыту
арқылы, шығарма, сурет арқылы шығармашылығын дамыту. Ұлы
адамдардың өмірінен үлгі алуға, оларды қадірлей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ұлы Отан соғысына арналған суреттер, қанатты сөздер,
журналдар.
Әдісі: Конференция-зерттеу сабағы.
Сабақ барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Әскери жетекші:
Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, аттары ел аузында жүрген батыр апаларымызға арналады. Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Осы жарқын өмір сыйлаған әке, аға, апаларымыздың ерлігі мәңгі үлгі. Қай соғыста болмасын елін, жерін , Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған батырлар болған. Оларды дәріптеу, құрмет тұту, елге таныстыру, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру мақсатында конференциялық сабақ өткізгелі отырмыз.
Жүргізушінің сөзі: Алтын қазақ, нар қазақ барыс мінгін
Жетті бізге мұңалмай алыс күннен
Нар қазақпен- намысы бар қазақпен
Сонау ықылым заманнан таныспын мен!
Ешкім де, ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Тарихшы: 1939 ж. 1-қыркүйекте фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Ал 3- қыркүйекте Англия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Фашистік Германияның мақсаты- Кеңес Одағын жаулап алу еді. Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда ерлікпен шайқасқан қазақтың ұшқыш қызы. Атақты орыс ұшқышы Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған.
Кезінде Қазақстан ғана емес, кең-байыр Кеңес Одағына да аты кеңінен әйгілі болған «қанатты қыздың» әкесі Қайыр Доспонов Астрахань балық кәсіпшілігіндегі жұмысшылар арасынан шыққан алғашқы совет-партия қызметкерлерінің бірі еді. Ол төрт баланың үлкені Хиуазды талабын тұсамай қайсар ғып өсірді. Жасынан бірбеткей , алғырлығымен көзге түскен өткір қыз, бала кезден әкесінің қызмет бабына байланысты республикамыздың талай қиырын танып, туған даласының кеңдігімен сұлулығына сүйсініп өскен. Жеміс жидекке бай оңтүстіктің мәуелі бағы, Сырдың салқын суы, Алатаудың әсем қойнауы, Жайықтың майса шалғыны бәрі-бәрі бал дәурен балалық шақтың көп қызықтарымен бірге көз алдында жатталып қалған мекендер еді. Мына үндестікті қараңыз: кішкентай кезінде Орал қаласында Мәншүк Мәмбетованың үйімен бір көшеде тұрыпты. Ел басына күн туған кезеңде ерен ерліктерімен есімдері аңызға айналған қос батыр қыз ойнап өскен сол бір көше қандай қастерлі орын еді десеңізші?!
Географ. Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша мен Германияны фашистерден азат ету жолында жау тылына 300-ден аса әуә щайқасына қатынасып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», II-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. Соғыстан кейінгі еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Әдебиетші:
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса көзден шығар жас
Тар қолтықтан оқ тисе,
Тартып алар қарындас.
Қарындасың жоқ болса
Жауда қалар әзиз бас.
Еуропаға сыймастай ісіп-кеуіп,
Тәкаппарсып кетіп ең басып, теуіп.
Құладындай жүзіңді ішке тығып,
Енді неге бұғасың бүкшірейіп?!
Өлтіре соқ фашисті, ұр желкеден,
Ғасырлар мен жылдардың салмағымен.
Өртенген үй, қираған атамекен,
Қан мен жастың кегі үшін аянба сен!
Тарихшы: Ұлы Отан соғысы басталғанда Хиуаз Москвадағы бірінші медициналық институттың алғашқы курсының соңғы емтихандарын тапсырып жатқанды. Кенеттен соғыс басталғанда Хиуаз да астана жастарымен бірге Москвадағы қорғаныс объектілерін салуға қатысады. Өзінің ұшқыш болғысы келетінін айтып, майданға кетуге қаншама рет тілек білдірсе де, аудандық комсомол комитеті рұқсат бермеді. Ақырында қайсар қыз ВЛКСМ Орталық Комитетіне барады. Дәл сол кезде мұнда алғашқы ұшқыш қыздар полкын жасақтау жүріп жатқан. Сол кезде атағы жер жарған Кеңестік ұшқыш әйел Марина Раскова үміткерлерді өзі іріктеп, қаршадай қазақ қызын өзі қабылдап алыпты. Хиуаз Доспанова штурмандар тобына қабылданады. Өңшең өзі секілді жастар. Ертеңіне жаттығуды бастап кетті. Мұның бақытына қарай үйретушісі М.М Раскованың өзі болып шықты. Кішкене ғана домаланған қазақ қызының алғырлығына қызықты ма, мұны үнемі қасынан шығармайтын. Бар білгенін үйретіп, ерінбей-жалықпай ұшу өнеріне баули берді. Майданға дайындық емтиханын Саратов әскери-авиация училищесінде тапсырып, ұшқыш Хиуаз Доспанова түнгі бомбалаушылар штурманы атағын алды. Жеңіл бомбалаушы ПО-2 нің міндеті алдын ала барланған жаудың тірі күші мен техникасының шоғырланған жерлерін түнде тұтқиылдан бомбалап, жау есін жинағанша кетіп үлгеру болатын.
Жүргізуші: Ару қыздар-алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар-алаулап от кешкендер
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты отқа жүрегін
Әскери жетекші: Жау әскерін бомбалауға ұшқан алғашқы сәті күні бүгінге дейін көз алдында. Хиуаздың звено командирі Екатерина Пескарева болатын. Түн ішінде аэродромнан ұшып шықты. Өңшең ұшқыш қыз бір-бірімен радиобайланыс арқылы қысқа ғана тілдесіп қояды. Бәрінің де ұшу машинасы сенімді ПО-2. Белгілі бағытты ұстай отырып, фашистердің атыс ұясына жетті. Тынығып жатқан шығар, құзғындар тып-тыныш. «Бірер минутта бомбылай бастаймыз, дайын болыңдар»- деген полк командирінің үні естілді. Алдымен жарық бергіш бомба тасталды.Айнала күндізгідей жап-жарық. ПО-2 ні ұршықтай үйірген бұлар жау техникасына шүйлікті. Әншейінде әуә шабуылын тек күндіз ғана күтетін фашистер үнін шығарып үлгірмеді. Қапелінде абдырап қалған фашистер есін жинаймын дегенше бұлар жарқ еткен найзағайдай түн құшағына сіңіп үлгерді. ПО-2 ұшақтарымен қараңғы түсе жаудың талай базаларымен әскери техникасын күл талқан етіп, елеулі шығынға ұшыратқан бұл полктың қыздары туралы соғыс кезінде де кейін де көп жазылды.
300 рет аспанға шабуылға ұшып , 14 рет ұшағымен жерге құлаған. 4 рет ауыр жараланды. Ауыр жараланғанына қарамастан қайсарлықпен ұшақ штурвалына қайта оралып отырды.
Майданда шығып тұратын қазақ газетінде басылған сол кездегі әскери тілші, кейін белгілі жазушы Сағынғали Сейітовтың «Қанатты қыз» очеркінен кейін ұшқыш Хиуаз ерлігі аңыз боп тарап, туған елге жетті. Ақындар өлең жазды, қазақ халқы батыр қыз өсіргенін мақтаныш тұтты.
Соғыстың соңына қарай 10 майданның құрамында 600 мың әйел қатысты, оның 80мыңы офицер болды. 100 мыңнан астам әйелдер ордендермен, медальдармен марапатталды. 91 әйел Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Әскери жетекші: Балалар, бүгінгі өткен «Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы» атты тәрбие сағатымызда біз сіздермен Хиуаз Доспонава апайымыз жайлы деректер келтіріп әңгімеледік. Батырларымыз Отан үшін аянбай тер төгіп, қасық қаны қалғанша жаумен арпалысқан.Келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай ерлік жасаған. Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегеніне бәріміздің де көзіміз жетті деп ойлаймын. Батырларымыздың ерліктері- олардың Отанына деген сүйіспеншіліктері.