Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? спорт са?ла?тары »
Қазақстанның спорт саңлақтары
Cабақтың тақырыбы:Қазақстанның спорт саңлақтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:бос уақытты тиімді өткізудің ерекшелігі мен Қазақстанның даңқты спортшылары мен спорттағы жетістіктері туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: білім,білік дағдыларын,ойлау қабілетін, сауатты жазу,диалогтік, монологтік сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:олимпиада ойындарын таныта отырып, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:дәстүрлі емес
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:талдау,тұжырымдау,салыстыру, баяндау, шығармашылық жұмыс, аударма,сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,кубок, жетондар
Пәнаралық байланыс: тарих,география, дене шынықтыру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ.
— Балалар, бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр.Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын. Білімдерімізді жүйелеп, сарапқа салу үшін , біз екі командаға бөлініп жұмыс істейміз. «Білім кубогы» жақсы жұмыс істеген командаға беріледі. Команда әрбір дұрыс жауабы үшін жетондар алады.Көп жетон жинаған топ жеңіске жетеді.
( жетондар жеңіс медалі орнына беріледі.)
І команда «Барыс» командасы
ІІ команда «Алау» командасы
I тур: Интеллектуалды марафон
2011 жылы қысқы Азия ойындары қайда өтті? (Қазақстанда)
Қазақстанда тұңғыш рет өткен Азияда ойындарында қанша спорт түрлерінен спортшылар бәсекеге түсті? (14 спорт түрінен)
Азияда ойындарына қанша спортшы қатысты? (800 спортшы)
Қысқы Азия ойындары 2011 жылы қай уақыт аралығында өтті? (Қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы)
Қысқы Азия ойындары қай мемлекеттерде өтті?(Жапония,Қытай,Корея)
Азия ойындарына алғашқы кезде неше мемлекет қатысқан?(4 мемлекет)
Азияда ойындарында алтын, күміс және қола медаль саны қанша? (32 алтын,21 күміс, 17 қола)
2011 жылғы Азияда ойындарының бойтұмарына айналған жануар(Ирбис)
Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не? ( негізгі белгісі – бес шығыршық )
Қысқы Азия ойындарында қанша медаль сарапқа салынды?(59 медаль)
Алғашқы Азия ойындары қай қалада өтті?(Жапонияның Саппоро қаласында)
Азияда 2007 жылы қай елде болды? (Чан-чун)
Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (олимпиада)
1980 жылы олимпиада қай қалада өтті?(Мәскеу)
Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
Спорт саңлақтарына құрылған слайдпен таныстыру.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Тұңғыш олимпиада чемпионы - первый олимпийский чемпион.
Грек – рим күресі – греко - римская борьба.
Жеңімпаз – победитель.
Жеңіп алған – победил.
Белгілі – известный.
Зілтемірші – штангист
Еркін күрес –вольная борьба
Жеңіл атлетика – легкая атлетика
Ауыр атлетика – тяжелая атлетика
Екі дүркін – дважды
Әлем чемпионы – чемпион мира
Сергіту сәті «Қара жорға»
I. Интеллектуалды көкпар Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып жазыңдар.