Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? экологиялы? жа?дайы. »
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы.
Мақсаты: Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы білім қалыптастыру.
Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы.
Мазмұны: 1.Ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім.
Табиғат-бұл бізді қоршаған орта.Ол адам баласының санасынан тыс,өздігінен пайда болған дүние.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. «Табиғат дегеніміз-құбылыстар туралы білімдер негізі.Табиғатқа зиян келтіру жақсылыққа апармайды,адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды»- деген ұлы ғалым К.Д.Ушинский.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы қандай?
Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған тұрғындар өзінің туып-өскен жерінің экологиялық апаттылық құпияларынан ешбір хабарсыз болды.Үкімет оны жасырып келді.Қарапайым көпшілік қоршаған ортаның немен ластанып жатқанын,оның теріс әрекетін білмеді.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсті. Қазақстанда бұлардың қатарына Семей,Қызылорда/Арал/,Батыс Қазақстан /Нарын,Азғыр,Тайсойған/,Орталық Қазақстан/Саршаған,Байқоңыр,Балқаш/, Оңтүстік Қазақстан/Созақ/ аймақтары жатады.
Экологиялық проблемалардың пайда болуы,ең алдымен антропогендік факторға байланысты.
Қазақстандағы экологиялық ахуал егеменді ел болған кезде айқын білінді.
Елімізде тек қана Семей полигоны бар деп жүргенімізде,оған қоса Азғыр, Сарышаған,Сарыөзек,Нарын,Тайсойған полигондары туралы мәліметтер белгілі болды,біздің жерімізде 500-ден астам атом бомбасы сыналған екен.
Қазіргі бірінші экологиялық проблема-жер ресурстары.Қазақстан жерінің экологиялық жағдайы нашарлай түсуде.
Олар негізінен:
-Қазақстанның барлық жерінің 66% шөлге айналу үрдісіне ұшыраған;
-тың игеру кезінде өлкенің құнарлы топырағының қара шірігі 30-35% азайған
-Еліміздің өнеркәсіптер шоғырланған аймақтары ауыр металдармен,мұнай өнімдерімен,радионуклидпен және т.б.токсинді заттармен ластанған:
-30 млн.табиғи жайылымдар су мен жел эрозиясына ұшырап отыр.
Екінші экологиялық проблема-су ресурстары.
Қазақстан суға тапшы елдер қатарына жатады.Судың негізгі қоры-жер үсті және жер асты сулары.Негізгі таза қорлары 100,5шқ3 десек,оның 56,5 шқ3 ғана Қазақстан тер.құралса,қалғаны 44 шқ3 шетелдерден келеді.Таза су тапшылығы Шығыс Қазақстан,Қызылорда,Маңғыстау облыстарында сезілуде.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы жылдан жылға нашарлап отыр.Теңіздің тұздылығы 35-40 г/л жетті.Атмосфераға есепсіз тұзды шаңдар көтеріліп,елге зардабын тигізіп отыр.
Каспий экожүйесінің ахуалы да өте нашар.Мұнайды өндіру,өңдеу және тасымалдау кезінде теңіз суына араласып ластауда.
Үшінші экологиялық проблема-территорияның радиоактивті ластануы. Республикадағы радиоактивті қалдықтардың 118 үйіндісі 1412 га жерді алып жатыр.Семей полигоны республика жер көлемінің 25%-ын қамтығаны белгілі
Осы жерлер цезий,уран т.б. радиоактивті элементтермен ластануда. Қазір полигон болған жерлерде радиоактивті қалдықтар 1,11млн.тоннаны құрап отыр.
Төртінші экологиялық проблема-Қазақстан республик. ауа бассейнінің ахуалы.Ауа бассейнінің ластануы әлемдік экологиялық проблемаға жатады.
Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенсек,атмосферадағы оттегі мен көмір қышқыл газының арасындағы тепе-теңдік 15-20% ауытқығаны анықталған.
Бұл көрсеткіш жер шарының орташа температурасын +1˚С-ға көтерген. Болжамдар бойынша 2050 жылдары бұл көрсеткіш 20-25% өскен жағдайда жердің орташа температурасы +105-2˚С-қа өспек.Онда Арктика мен мәңгі мұздықтар еріп,әлемдік мұхиттар мен теңіздердің деңгейі көтеріліп, құрлықтың жағалауын су басу кезеңі басталмақ.Адамзат осы бір экологиялық апатты болдырмауы тиіс.Оның негізгі көздері әртүрлі өнеркәсіп орындары.
Ауаның ластануы жөнінен Риддер,Өскемен,Ақтөбе,Алматы,Зырян,Теміртау қалалары алдыңғы орынға шықты.
Табиғат адам баласының тіршілік-тынысы әрі таусылмас қазынасы.
Қорыта келгенде,біздің мақсат-Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларының болу себептерін білу,болдырмау жолдарын жүзеге асыру және табиғат байлықтарын болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізу басты міндет екендігін түсіндіру.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше заңдар мен құжаттар қабылданды.Оның ең маңыздысы «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі » тұжырымдамасы.