kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан-мені? Отаным

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып са?аты "Мені? елім - ?аза?стан

Ма?саты:

1. О?ушыларды елін с?юге, Отан?а деген ма?таныш сезімін арттыру?а, елімізді? т?уелсіздігіні? паш ететін т?рлі тарихи о?и?аларды зерделей отырып, егемен елімізге ?ам?ор болу, мемлекетімізді одан ?рі н Патриотты? ы?айту, елімізді? ерте?і жастарды? ?олында екенін ??ындыру.

2. т?рбие беру, ?з елін, Отанын с?юге, ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру.

3. Мемлекеттік р?міздерді ??рметтеп, ?астерлеу, т?уелсіздігімізді? т??ырын биік ?стау?а ?лес ?осу?а атсалысуымыз керектігін т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан-мені? Отаным »

Сынып сағаты "Менің елім - Қазақстан

Мақсаты:

1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, Астана, рәміздер суреттері, сызбалар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:-

Ертеңгісін көзімізді ашып, терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз? Әрине, күнді, күннің нұрын көреміз. Егер жарқырап, нұрын шашып тұрса, қалай   қуанамыз?

Қуан!Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн де бүгін!

-Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

-Балалар, Отан деген не?

Отан дегеніміз не, кәне жауап беріп көрейік.

1-бала: Отан отбасынан басталады.

2-бала: Отан біздің туып-өскен жер.

3-бала: Отан –сенің ата-анан,

4-бала: «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Балалар, біз қандай ел, мемлекетте тұрамыз?

-ҚР тұрамыз.

-Дұрыс айтасыңар.ҚР ел, осы біздің елімізді басқарып отырған Елбасы кім деп ойлайсыңдар?

-.Хормен:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев./инт. тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/

-Мұғалім:

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Астана қаласы.

Мұғалім:

-Балалар, Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болған?

Хормен:

Орынбор қаласы.

Мұғалім:

-Қазақстанның екінші астанасы қай қала болған?

Қызылорда қаласы.

Мұғалім.

Қазақстанның үшінші астанасы қай қала?

Алматы қаласы.

Мұғалім:

Қазақстанның төртінші астанасы қай қала?

Астана қаласы.

Мұғалім.

Астананың бұрынғы атауы қалай аталған?

Ақмола қаласы.

Мұғалім:

Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті?

1997ж

Мұғалім:

Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

1998ж.

Мұғалім:

Балалар, Сиқырлы сандар не дер екен?

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Интерактивті тақтадан Астананың суреттерін көрсету.

Мұғалім:

-Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?

-Хормен: Тәуелсіз мемлекет.

Мұғалім. Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

Хормен:

1991ж. 16 желтоқсан.

Мұғалім: Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келді ме?

Балалар: жоқ.

Ендеше , қалай алдық?

Мәлік Жасұлан: ( Қысқаша айтып береді)

1986ж желтоқсанда Алматыдағы жастар көтерілісі жайлы айтады.

Мұғалім.

-Тәуелсіздік құрбандары жайлы кімдерді білеміз?

Оқушылар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова

Мұғалім:

«Таңбасыз ел болмайды ,

Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды.Кім атап береді?

-Гимн, елтаңба, жалау.

Оқушылар: (қысқаша сөйлейді)

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

- Өте тамаша, енді жалау туралы кім айтып береді?

Аружан: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы

  • Балалар, кім елтаңба туралы өлең біледі?

Алтынай:Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

 Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғыма

Екі жақтан көмкерген.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны

Интерактивті тақтадан рәміздерімізді, оның авторларының суреттерін көрсетіп, қысқаша түсінік беру.

Мұғалім:

Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар.

  • Балалар енді біз бұл қалалардың елімізде қандай ерекшеліктеріне, несімен атақты екендігіне тоқталайық.

Астана-бас қалам.

Атыраудан мұнай шығады, каспи теңізі бар.

Семей – Абай атаның туған жері.

Қызылорда да, -бидай, Шымкентте – мақта өседі.

Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтан басқа 130-дай ұлттар тұрады.

  • Міне балалар,көрдіңдер ме Қазақстанда тұратын бүкіл адамның Отаны-Қазақстан.

  • Балалар біздің Республикамыз көп ұлтты мемлекет.Орыс халқынан басқа қандай ұлтты білесіңдер? (өзбек,татар,шешен,ұйғыр,тәжік,дүнған т.б)

Қазақстан жері - ұлан байтақ.Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-ге созылып жатыр.Жер көлемі бойынша – Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай.Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.

Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық.

Қорытынды.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік?

  1. Астана символы Бәйтеректің ұзындығы не себепті 97м ?

/ Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997ж көшірілуіне байланысты./

  1. Жаңа көпірдің ұзындығы?/ 214м/

  1. Жаңа көпірге қандай ат берілді?/ Сарыарқа/

Мұғалім.

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екнімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар :

Еңбек етуіміз керек.

Мұғалім:

Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар:

Оқу.

Мұғалім :

Оқу, білім туралы қандай мақал –мәтел білеміз.

«Жалғастыр» ойынын ойнайық.

1. Отан –оттан да ... / ыстық/

2. Отансыз адам,

Ормансыз ... / бұлбұл/

3.Кітап білім .... / бұлағы/

4.Оқу .... құдық қазғандай

Тәрбие сағатын Әбдіқадір Рахманның орындауындағы ″Менің елім″ әнімен аяқтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза?стан-мені? Отаным

Автор: Ибраева Асылтас Калиаскаровна

Дата: 29.08.2015

Номер свидетельства: 227689


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства