kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Есіңе мені алғайсын" әдеби сазды кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кештің мақсаты

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу

Кештің көрнекіліггі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған видео сюжеттер.Сазды музыка.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Есіңе мені алғайсын" әдеби сазды кеш»

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш 

«Есіңе мені алғайсың »

Кештің мақсаты

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу

Кештің көрнекіліггі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

          Ендеше ақиық ақынның шығарашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)

  Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
       Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
        Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 

Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның Туған күн

Али оқиды:

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тілі/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең»  өлеңдері оқылады/

Ізтұрғанов Әли «Туған күн»

Абаева Меруерт «Ана сен бақыттысың»

Ислямова Асылай «Фаризаға»

Әсетұлы Бақтияр «Отан»

Саматов Арсен «Фантазия»

Бектұрсын Аружан « Барлығы да сендердікі»

Торғын «Шеше сен бақыттысың»

Сұңғат «Қара өлең»

Амангелдиев Қырымбек

Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

Жүргізуші:   Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.

  «Пай,пай өмір»/

2. Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)

Көрініс Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз. 
Дәрігер: Туған жеріңіз? 
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
Дәрігер: Туған жылыңыз? 
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің. 
Дәрігер: Шыққан тегіңіз? 
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
Дәрігер: Білімің ше? 
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын. 
Дәрігер: Ана тілің? 
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар. 
Дәрігер: Қайда істейсің? 
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар. 
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге? 
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде. 
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба? 
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ. 
Дәрігер: Мекен - жайың? 
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін. 
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек. 
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің. 
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.) 



Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.

Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

3. Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)

 /«Диалог» , «Ақ шағала»,  «Ақ қайың»,

Ән: «Саржайлау» Досымбек , Диана

Ән: « Есіңе мені алғайсың» Асығат



Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

 Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.

Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.





Қаратөбе мектеп - гимназиясы жанындағы «Дарын» интернаты























Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына

арналған «Есіңе мені алғайсың» әдеби сазды кеш





















2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Есіңе мені алғайсын" әдеби сазды кеш

Автор: Ізімғалиева Жұлдыз Ізімғалиқызы

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства