Просмотр содержимого документа
«Ерлігі елге м?ра.?.Байтасов»
Түймекент орта мектебі
Тәрбие сағаты
Ерлігі елге мұра
(Халық қаһарманы Ғ.Байтасов жайында)
Сыныбы: 2 «Ә»
Сынып жетекшісі: Б.Е.Нурпейсова
2015 - 2016 оқу жылы
1971 жылы 3-сәуірде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Түймекент ауылында дүниеге келді.
Мектепті бітірген соң, арман қуып үлкен өмір жолына аттанды. Ол әскери борышын адал атқарып, сержант шенімен оралды. Екі жоғарғы оқу орнын бітіріп, білікті маман болды. Өзінің жастайынан армандаған мамандығы бойынша қызмет атқарды. Өзіне лайықты жар таңдап, екі баланың әкесі атанды.
Ішкі Істер бөлімінде қызмет жасаған 20 жыл ішінде 25 рет марапатталып, капитан шеніне ие болған. Оның елім деп соққан жүрегі, елінің тыныштығын қорғау жолында, ештеңеден тайынбайтын, нағыз азамат екенін көрсетті.
Ғазиз Байтасов 2011 жылдың 12 қарашасында
қаруланған аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза
тапты.
Айында қарашаның Тараз жақтан
Естілді суық хабар қарғыс атқан
Халқының амандығын сақтау үшін
Ерлікпен Ғазиз аға қаза тапқан
Ізін кесіп лаңкестің соңынан
Жараланды сол жауыздың қолынан
Жарылғышты жарды өзінің қолынан
“Жаныңда неге қидың” - деп
Келеді ойға сан сұрақ
Тірегінен айрылып
Жанұяң қалды шырқырап.
Ғазиз Байтасовтың жасаған ерлігі ел жадында ұмытылмастай болып сақталып қалды. 2011 жылы желтоқсанның 14 жұлдызында ең жоғарғы мемлекеттік марапат “Халық Қаһарманы” атағы және “Отан” ордені берілді. 13 желтоқсанда мектебіміздің мақтанышы батыр Ғазиз Байтасовты еске алу жиыны болды.
Тараздың Тектұрмас зиратында 2011 жылдың 12 қарашасында қаруланған аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан “Халық Қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың бейітіне ескерткіш орнатылды.