Ақыл ой еңбегі иелері : оқушы, мұғалім, дәрігер, жазушы, ақын, жырау.
Дене еңбегі иелері: егінші, малшы, шахтер, кенші,спортсмен.
Еңбек туралы мақал- мәтелдер.
Бейнетің қатты болса, Еңбек адамды бүтіндейді,
Татқаның тәтті болар, Жалқаулық түтіп жейді.
Диқан еккенін жейді Еңбек өмірді ұзартады,
Жылқы тепкенін жейді. Ұят бетті қызартады
Еңбегің сайлы болса, Еңбек ширатады,
Жегенің майлы болар. Өмір үйретеді.
Маңдайы терлемегеннің, Еңбек деген байлық бар,
Қазаны қайнамайды. Ерінбеген жететін.
Би: Қамажай
Еңбек құралдары туралы жұмбақтар
Тап- тап тап жорға, Басы да екеу, аяғы да екеу. (қайшы)
Табаны жоқ боз жорға. Әжемнің қолында шыр айналар.
Желіп кетсе жеткізбес, Шыр айналса өзіне шыр байланар. (ұршық)
Жерге түссе таптырмас. (ине)
Толып жатқан тісі бар, Өзі жып етеді,
Ағашпенен ісі бар. (қол ара) Ізімен жіп өтеді. (ине)
Ойын: «Жалғасын тап»
Еңбек бәрін (жеңбек) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың (жаны) тәтті.
Еңбек түбі (зейнет) Ерінбеген (етікші) болар,
Еңбегі аздың (өнбегі аз) Еңбекпенен ел көгерер , (батаменен ер көгерер)
Елі байдың (жері бай)
Ән: Қош келдің әз- Наурыз!
Тұрмыстық ырым- тыйымдар,
Нан үстіне зат қойма Қауіптен сақтандыратын ырымдар
Нанды бір қолмен үзбе Отпен ойнама,
Сүтті төкпе Оттан аттама
Сыпырғышты тік қойма Пышақты шалқасынан қойма
Отқа түкірме Аяқ қолды жіппен байлама
Тұзды баспа Түнде суға барма
Мәдени гигиеналық ырым- тыйымдар
Шелектегі суға аузыңды салма Саусағыңды аузыңа салма
Бас киіммен ойнама Таңдайыңды қақпа
Басыңды шайқама Екі езуіңді керме
Шашыңды аяқ астына тастама Жағыңды таянба
Домбыра: Айнұр күй «Белеске»
Еңбектің пайдасы: тәрбиелейді, үнемшіл боласың, өмір сүруге үйретеді, жігерлендіреді,шынықтырады, қуантады, бақытты етеді.
Жергілікті жердегі еңбек орындары көрсетіледі (слайд).
Жергілікті жермен байланыс еңбек орындары аурухана, мектеп, ұн зауыт, сүт зауыт, халыққа қызмет көрсету орталығы, өнер мектебі, спорт мектебі, ұлутас шығатын карерь.
Сыйластық ережесі
Алдымен сәлем беру Автобуста орын ұсын
Сіз деп сөйлесу Уәде етсең орында
Үлкенге сәлем бер Ренішті сөз айтсаң кешірім сұра
Қорытынды: Бір шумақ еңбек туралы тақпақ өлеңмен тәрбие сағаты аяқталады.