"Экономикалық тапқырлар клубы" ойын сабақ. Сыныптан тыс іс-шара. Сабақта білімалушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін, логикалық есептер, ЭССЕ, домино ойыны, сұрақ-жауаптар әдіс-тәсілдері қолданды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Экономикалық тапқырлар клубы»
№7 Бетқайнар колледжі
Ойын сабақ:
«Экономикалық тапқырлар клубы»
Пәні: Нарықтық экономика негіздері.
Пән мұғалімі: Жуманова А.Д.
«Экономикалық тапқырлар клубы» ойын сабағы. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Білімгерлердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, интеллектуалдық қабілетін дамыту. Өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау. Дамытушылық: Әртүрлі іскерлік ойындарға қатыса отырып, кішігірім топтарда жұмыс істеуге қажет іс тәжірибені дамыту, ойлануға үйреніп, дұрыс шешімдер қабылдауға баулу. Тәрбиелік: Білімгерлердің ұйымшылдығын, нақты пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге қалыптастыру. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Сабақтың типі: Ойын түрінде Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,үлестірмелі қағаздар, теңгелер, қоржын асықтарымен. Сабақтың барысы:Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың мақсаты хабарланады. Жоспары: 1. Әр топ өзін таныстыру. 2. «Білім аукционы»(ұяшықтар таңдау) 3. «Экономикалық домино»(кесілген экономикалық сөздің жалғасын табу) 4. «Қас қағым сәт» (топқа сұрақ) 5. Тапқырлар сайысы (логикалық есептер) 6. «Мен кәсіпкер болсам» тақырыпқа эссе жазып келу. Ойын сабағымызды бастамас бұрын, сайысқа қатысушы оқушыларымыздың білімін саралап, әділ бағасын беретін сарапшыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сарапшылар әр тапсырма бойынша топтарды бағалап отырады.Топтарға сәттілік тілейміз. Таза мінсіз, асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз, асыл сөз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, - Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз. 1-тапсырма. Өз тобын таныстыру. «Болашақ» дарындылар тобы. Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз колледжде алған білімді. «Асыл тас» білгірлер тобы. Ұраны: Асыл тастан шығады ұранымыз, Колледждің көкке шырқар қыранымыз. Сарапшылар топ бағасын береді. 2-тапсырма. «Білім аукционы». Сұрақ оқылмас бұрын әр топ сұрақтың оқылуына өз ставкасын ұсынады. Ол теңге бойынша жүреді. Өз капиталын көбейту өз қолдарыңда.Сұрақтың бастапқы бағасы 2000 теңге, жоғарғы бағасы 10000 теңге.Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі. Аукцион - көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б.зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Ал біз өткізгелі отырған аукцион тым ерекше, өйткені бұл – «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім» деп шығыс ғұламасы Әл- Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукцион. Олай болса, іске сәт, аукционымызды бастаймыз.Осы кезде интерактивті тақтадан ұяшықтар көрсетіледі. 2000 теңгелік сұрақтар: 1. Несие беретін мекеме (банк) 2. Кәсіпорын ашу үшін не жасайды? ( бизнес жоспар) 3. Нарық дегеніміз не? (сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар айырбасы) 4. Серіктестік деген не? ( бірігіп бизнес жасау) 5000 теңгелік сұрақтар: 1. Экономиканың үш сұрағын атаңыз? ( нені өндіру керек, қалай, кім үшін?) 2. Барлық түсімнен өндіруге кеткен шығынды алып тастағандағы қалдық? (пайда) 3. Жарнаманың түрлерін ата. ( баспалық, тікелей пошталық, радио мен теледидардағы, сыртқы, дүкен сөрелеріндегі жарнама) 4. Менеджмент дегеніміз не? (алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу) 10000 теңгелік сұрақтар: 1. Тауар мен қызмет көрсетуге төленетін көрсеткіш (ақша) 2. Несие үшін төленетін төлем (пайыз) 3. Адамның тұтыну қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет (өндіріс) 4. Арнайы заң негізінде заңды және жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлем. ( салық) 3-тапсырма. «Экономикалық домино» ойыны. Біле бер, қанша білсең-тағы тіле, Жетесің мақсатыңа біле-біле, - деп домино түрінде дайындалған карточкалар бойынша бір буыннан жазылған сөздің екінші буынын табу керек. Қай топ экономикалық мәнді сөздерді көбірек жинайды, сол топ жеңіске жетеді. (Уақыт – 1 минут) 4-тапсырма. «Қас қағым сәт» сайысы. Көңілін халқыңның таптың бүгін Елес қой мынау бізге жат күн бүгін. Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық, Байқайық білімгердің тапқырлығын. Болашақ тобына: 1. Банкир – банк жұмысын басқарушы 2. Импорт – басқа елдерден сатыпалатын тауарлар 3. Бәсеке – өндірушілер арасындағы бақталастық 4. Валюта –әр елдің ақша бірлігі 5. Инфляция – ақшаның құнсыздануы 6. Сыртқы сауда – басқа елдермен сауда жасау Асыл тас тобына : 1. Экспорт – басқа елдерге сататын тауарлар 2. Бартер – затты ақшасыз айырбастау 3. Рента – жерді пайдалануға төленген баға 4. Жалақы – еңбекке төленетін баға 5. Тауар – сатуға арналған зат 6. Өндіріс факторлары – жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік 5-тапсырма. Тапқырлар сайысы. ( логикалық есептер ) Қоржыннан әр топ кезекпен асық алады. Асықтың номері қанша болса, тақтадан сол номерлі есеп шығады. 1. Түлкі аралардан 100 кг балды 10000 тг сатып алды, ал базарға апарып 1 кг-ын 130 тг сатты. Барлық балды сатып болғанда түлкі қандай пайда табады? (3000 тг) 2. Тауық пен қоян нешеу? Жұмбақ айтам сенсеңіз, Қоянда бар төрт аяқ. Қоян, тауық он сегіз , Сонда қанша қоян бар?Аяқтары қырық сегіз, Сонда қанша тауық бар? Тауықта бар екі аяқ, Тапқыр болсаң тауып қал.(12 тауық, 6 қоян) 3. Маржан, Ләйла, Камила, Іңкәр Тоғжанның туған күніне сыйлық әкелді. Екі қыз Тоғжанға қуыршақ, ал екеуі аю сыйлады. Егер: а) Маржан мен Ләйланың сыйлығы бірдей болса, ә) Маржан мен Камиланың сыйлықтары әр түрлі болса, б) Іңкәр аю сыйласа в) Камила не сыйлады? (аю) 4. Бір үйде 3 ұл бар.Кім неше жаста екенін сұрағанда үлкен ұл былай дейді: Үшеуміздің жасымызды қосса-29. Менімен Қайраттың жасын қоссақ 18-ге тең, ал Қайрат пен Мараттың жастарының қосындысы 16-ға тең болса, әрқайсысының жасы нешеде? (Марат-11, Қайрат-5, үлкені-13-те) 5. Әжейдің 28 конфеті бар. Ол өзінің немерелеріне 5 конфеттен бергенде 3 конфет артық қалды. Әжейде неше немере бар? (5 немере) 6. Костюм 110 $ тұрады. Егер франкінің долларға қатысты бағамы 5,5 болса, костюмге қанша франк төлеу керек? 1 $ =5,5 франк 7. Немересі атасынан сұрайды: * Ата сіздің жасыңыз нешеде?* Өзің нешедесің?* 15-те* Ендеше бұдан 3 есе және оған оның 1/3 қоссаң менің жасым шығады. Атасы нешеде? (Атасы-60-та) 8. Әкесі әрбір дұрыс шығарылған есептер үшін 12 тг беріп отыратынын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін ұлы 10 тг қайтару керектігін айтты. 20 есеп шығарылғаннан кейін ұлында 86 тг болды. Ұлы неше есепті дұрыс, неше есепті қате шығарды?(13 есеп дұрыс, 7 есеп қате) 6- тапсырма. «Мен кәсіпкер болсам» тақырыпқа эссе жазу. Әр топ жазған эсселерін оқиды және өнімдерін жарнамалайды. Қорытынды: Сабақты қорытындылаймыз. Сарапшылар топтарды барлық тапсырмалар бойынша алған барлық балдарының жиынтығын қосып, жеңімпаздарды жариялайды.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банкі. Сабақтың мақсаты: 1) білімділігі: Қазақстан Республикасының банк жүйесі және Ұлттық банк туралы ұғымды
түсіндіру, білімді қалыптастыру.
2) дамытушылығы: Білімгерлерге банк жүйесін таныстырып және олардың қызметі мен
міндетін үйрете отырып олардың ақыл-ойын, рухани дүниетанымын дамыту. 3) тәрбиелілігі: Білімгерлерді шапшаң болуға, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың көрнекіліктері: Видео фильм, слайд, ақшалар, қоржын
II. Үй тапсырмасын тексеру ( Ұяшықтар арқылы сұрақтарға жауап беру)
Айырбас дегеніміз не?
Ақшаның пайда болуы
Ақша дегеніміз не?
Ақшаның қасиеті
Ақшаның қызметі
Инфляция дегеніміз не?
Инфляция себептері
Инфляцияның сыртқы себептері
III. Жаңа сабақ : Қызықты қаржы « №13 Банк жүйесі»
Банк дегеніміз-
Біздің елдің банк жүйесі екі деңгейлі. Бірінші деңгейлі банктер- ҚР-ның Ұлттық банкі, екінші деңгейлі банктер-өз қызметін ҚР-ның аумағында жүзеге асыратын коммерциялық банктер
1995 ж 30-наурызда «ҚР-ғы Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің №2155-ші заң күші бар жарлығы жарық көрді
Екі қатарда білімгерлер отырады. Бірі – «Ұлттық банк», екіншісі – «Коммерциялық банк». Жалпы сабақ төрт турдан тұрады. Әр турға 25 ұпай беріледі. Соңында ұпай саны 100 болу керек. Ұпайлар ақшамен алмастырылып екі жақтың қоржынына яғни кассасына салына береді. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
1. Таныстыру. Яғни әр топ өз топтарының атын таныстырып өтеді. Өз банктерін таныстырады.
2. Полиглот. Қалып қойған сөзді табу. Банк жүйесіне байланысты сөйлемдер оқылады, сол сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына сөз қойып, оның орысша, ағылшынша баламаларын табу керек.
Орталық банк бірінші деңгейдегі … банк. (мемлекеттік)
Банк жүйесі сегменттелген және (әмбебап) банктік құрылымдардан құралады.
Қазақстанда эмиссиялық банк (Ұлттық) банк болып табылады.
Өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Олардың бірі (инвестициялық) банк.
Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің (көтерме) операциялардан (бөлшек) операцияларға өтуін атап көрсетуге болады.
(Еншілес) банк – жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
(Басқарма) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін (жинақ) кітапша береді.
Белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражат (салым) деп аталады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір (шығындар) шығарады.
3. «Пеш жағу» ойыны.
Қай топ бірінші болып сұрақтарға жауап беріп, бірінші мұржаға жетсе, сол пеш жаққан болып есептеледі.
Банктік қызмет түсінігі.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк дегеніміз не? Оның мәртебесі қандай?
Банк ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банк өз қызметін қалай тоқтатады?
Банк өз қызметін – құрылтайшылардың шешімімен, Ұлттық банкінің лицензияны қайтарып алуымен, соттың шешімімен тоқтатады.
ҚР Ұлттық банктің қызметі қандай?
ҚР Ұлттық банктің негізгі қызметтері мыналар:
– айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу.
– Ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру және Республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру.
– Инвестициялық қызмет.
– Екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау.
ҚР Ұлттқы банкінің «банктердің банкі» роліндегі қызметі.
ҚР коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметі қандай?
Банк филиалы дегеніміз не және Ақтау қаласындағы банк филиалдарын ата.
ҚР қандай банктік жүйе құрылды?
Қазақстандағы банктердің ұйымдастырылу құрылымы қандай?
Тәуекел деген не? ҚР қандай банктік тәуекелдерді білесіздер?
4. Сөзжұмбақ шешу.
Қарызды ұсынушы. (Кредитор)
Клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беру немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. (овердрафт)
Ұлттық банк қандай операциялар арқылы несие береді? (репо)
Өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату.(факторинг)
Ұлттық банк тек қана кімге есеп береді? (Президент)
ҚР Ұлттық банкі қандай банк? (эмиссиялық)
Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін қандай котегориялардың бірін ескеру керек. (жоғалтулар)
Бағалау: . Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Үйге тапсырма: ҚР банк жүйесін оқып келу. Кроссворд құрастыру.