Достық - адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқы-сыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барса-ңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қыл-майды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.Достық-адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.Достықтың негізі-достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.
ДОС
Мейірімді
Сабырлы
Жомарт
Адал
Салмақты
ДОС
Адамгер-шілігі мол
Кек сақтамау
Кешірімді
Ақылды
Жағдаяттар
1
6
2
5
3
4
Жақсы досҚанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды
Алғашқы жауын жауғанша
Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота.
Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.
-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр.
Ол сенен көмек күтіп отыр.
Сен не айтар едің?
Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Мақалдарды толықтыр!
«Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».