Методическая разработка урока предназначена дисциплине профессиональный казахский язык для будущих программистов. Через игровые методы настраиваем студентов на рабочую атмосферу, где после заданных заданий студенты легко переключаются выполняют разноуровневые заданя. Этап закрепления был через Таксономию Блума и модульное обучение студентов. На каждом этапе проводится рефлексия, за закрепления этапов. Особый интерес вызвает задание логически не законченные предложения.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютерлерді? негізгі ??рыл?ылары »
Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің негізгі құрылғылары»
сабақ №
пәні: Кәсіби қазақ тілі
күні: 04.11.2014ж.
тобы: ИС-27
Білімділік мақсаты:студенттерге компьютер және оның құрылғылары тураы нақты білім беру.
Дамытушылық мақсаты: қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу. Мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:кубизм әдісі,Блум таксономиясы, Ревин әдісі, ойлау қалпағы, сұрақ-жауап әдісі, іскерлік ойын, сын тұрғысынан ойлау, миға шабыл әдісі, әңгімелеу, жаттықтыр әдісі, кластер жасау әдіс.
Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қайталау кезеңі
ІІІ. Жаңа материалды игерту
ІV. Бекіту кезеңі
V. Рефлексия
VІ. Бағалау кезеңі
VІІ. Үй тапсырмасын беру
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу. Сәлеметсіңдер ме?
ә) старостамен сұхбат жүргізу. –Топта неше студент бол керек? Кім жоқ? Қай себеппен?
б) сабаққа дайындығын тексеру.
в) стикер бойынша екі топқа бөліну
г) әр стикерге сабаққа келген студенттің көңіл-күйі жазылады.
ІІ. Қайталау кезеңі (кубизм әдісі)
ақпарат дегеніміз не?
ақпарат сөзі қай тілден енген?
алгоритм ұғымын кім енгізген?
бірінші компьютер нешінші жылы ойлап шығарылды және қалай аталған?
компьютер не үшін арналған?
компьютердің неше буыны бар?
комьютердің буындарын атаңыз:
ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу
Әр топқа монитор және пернетақтаның қиылған суреттері таратылады.
-Ненің суреті шықты? (монитор және пернетақта)
-Қалай ойлайсыңдар бұл қажетті құрылғылар ма, әлде қажетсіз құрылғылары ма? (қажетті)
-Сонымен компьютердің қажетті құрылғыларын негізгі деп атайды. Бүгін сабақтың тақырыбы «Дербес компьютердің негізгі құрылғылары». Дәптерді ашып бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар.
Жаңа материалды игерту
Қазір тақтада кілтті сөздер берілген, әр тотың мақсаты кілтті сөздерге сүйене отырып қиылған мәтінді жинақтау. (5 абзац)
Кілтті сөздер
сыртқы құрылғылары
ішкі құрылғылары
электронды-сәулелік түтікше
басқарушы блок
бейнелеу түсі
мониторлардың жіктелуі
сұйық-кристалды матрица
пернетақта
ернелердің жіктелуі
Мәтіні
Компьютер дегеніміз бір ғана аспап емес, ол бірнеше өзара байланысқан құрылғылардан тұрады. Негізгі құрылғылары: монитор, жүйелік блок, пернетақта. Бұл құрылғылары сыртқы құрылғылар деп атайды. Өйткені олардың барлығы жүйелік блокқа жалғанып тұрады. Ал жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар ішкі деп аталады.
Компьютердің сыртқы құрылғыларының бірі – монитор немесе дисплей. Дисплей компьютердің экранына мәтіндік және графикалық ақаратты шығарады. Дислей электронды-сәулелік түтікшіден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Мониторлар екі белгісі бойынша жіктеледі. 1. Бейнелеу түсі бойынша 2. шығаратын ақпараты бойынша: монохромды (қара, ақ, сұр), символдық, түрлі-түстік, графикалық. Монитордағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден немесе сұр нүктелерден тұрады. Соңғы кезде сұйық-кристалды матрица негізінде жасалған жұқа, жалпақ мониторлар көптеп қолдануда.
Пернетақта (клавиатура) – компьютерге әріптік-сандық ақараттарды енгізуге арналған құрылғы. Қазіргі тақталарда 101 немесе 105 перне болады. ерелер бірнеше блокқа бөлінеді:
«Дербес компьютердің негізгі құрылғылары» тақырыбына диалог құрастыру (топтан бір студент сұрақ қояды, қалғандары жаап береді) 2-3 минут
Іскерлік ойынын ұсыну. (5 минут)
1-ші топқа «Сулпак» дүкенінен компьютер сатып алу
2-ші топқа «Сириус» дүкеніне компьютерді жөндетуге тапсыру
Кластер-өрнек сызу «Қазіргі компьютер мен болашақ компьютердің айырашылығы» (5 минут)
Карт ойыны әдісі (1-2 минут)
1-ші топ сұрақ қояды, ал 2-ші топ жауап береді. кейін керісінше 2-ші топ сұрақ қояды, ал 1-ші топ жауап береді.
Рефлексия
«Ойлау қалпағы» әдісі (5 минут)
ақ қалпақ – сандық деректер береді
қызыл қалпақ – эмоция арқылы беру
сары қалпақ - жағымды тұстары
жасыл қалпақ – креатив, сіздің жаңа идеяларыңыз
қара қалпақ –жағымсыз жақтары
көк қалпақ – мен не аштым? өз ойы
Бағалау кезеңі
Студенттер компьютерге отырып, тест арқылы бағаланады.
Тест сұрақтары:
Компьютер сөзі ағылшын тілінен қандай мағына береді?
баяндау
есептеу
есептегіш
ЭЕМ не үшін арналған?
ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару
басқару
есептеу
Алғашқы компьютер қашан айда болды?
1946 ж.
1945ж.
1944ж.
Монитор дегеніміз не?
компьютер экранына мәтіндік және графикалық ақаратты шығарады.
компьютерге әріптік-сандық ақараттарды енгізеді.
жылжыту құрылғысы
Монитодың түрлерін көрсет:
жалпақ, жұқа, сұйық-кристалды
монохромды, символдық
бәрі де дұрыс
Монитордағы кез келген көрініс неден тұрады?
көк нүктелерден
сұр нүктелерден
ақ нүктелерден
Пернетақта қалай аударылады?
дисплей
клавиатура
экран
Компьютердің неше буыны бар?
5
6
4
«Ақпарат» сөзі қандай мағына береді?
баяндау, түсіндіру
әңгімелеу
хабарлау
Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар:
монитор, принтер
экран, жүйелік блок
монитор, пернетақта
Бағалау критерийі
«5» - 1 қате
«4» - 2-3 қате
«3» - 4 қате
«2» - 5 қате
Үй тапсырмасын беру
Дербес компьютердің негізгі құрылғысы тінтуір туралы зерттеу жұмысын жүргізу. Тінтуір қашан қолданысқа енді, кім ойлап шығарды және болашақта қандай жаңа моделін ұсынар едіңіздер.