1.О?ушыларды адамгершілікке, ?арапайымды-
лы??а, кішіпейілділікке, ?дептілікке, жаман
?деттерден аула? болу?а т?рбиелеу.
2. О?ушыларды? бойында ?деп ?ліппесін дары-
ту, таным белсенділігін арттыру.
3. ?з хал?ыны? салт-д?ст?рін ?йрене отырып,
сыпайылы??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«?дептілік - т?рбие бастауы »
Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымды-
лыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман
әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың бойында әдеп әліппесін дары-
ту, таным белсенділігін арттыру.
3. Өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып,
сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, өсиет сөздер, мақалдар.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе бөлім.
1.Құпия хаттарға жауап беру.
-- мектептен келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықса не істер едің ?
-- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
--- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғандане істер едің ?
--- Сөзге араласпаймын.
--- Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің ?
--- Асықпай түсіндіріп беремін.
--- Көлікте егде адамдарды көргенде не істеймің ?
--- Әдайым орын беремін.
-- Сонымен, әдептілік дегеніміз не ? Ол- адамдардың жүріс-тұрысы
мен өзара қарым-қатынасының ережелері. Бұған елгезектік, тіл
алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады.
3.Негізгі бөлім.
Ақыл әліппесі:
Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің.
Адамдықтың белгісі,
Адал болып өскеніәң.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре-сарсаң әлегің.
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде ,
Сыйлы болмақ өзі де.
Әдептілік әлемі: Атам маған әманда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.
Сәлемдесу түрлерін атау:
--- Сәлеметсіз бе?
--- Армысыз, әже?
--- Ассалаумағалейкум, ата!
--- Амансыз ба
(Сәлемдесу түрлерінен көрініс көрсету)
«Жалғастыр» ойыны .
Не істеуге болмайды ?
Үлкендердің алдынан...
Құстарды .... болмайды
Кішкене баланы ... --
Қыз баланы ...
Оқулықты ...
Сыныпта ...
Сыпайылық туралы қандай сөздерді білесіңдер?
-- Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Осы сөздердің мән-
мағынасын ашып көрсетсек, сыпайылық сөздеріәдептілікке,
кішіпейілділікке үйретеді. Сондықтан осы сөздерді әр күнде
пайдаланып жүрсек әдепті болып өскеніміз.
(Рұқсат етіңіз, мүмкін болса, ренжімесеңіз, мақұл, қалауыңыз
білсін, кешіріңіз)
Осы сөздерді пайдаланып, көрініс көрсету.
Сабақты қорытындылау.