kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?депті бала - арлы бала (т?рбие са?аты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: Балаларды кішіпейілділікке, ?лкендерді сыйлау?а, к?мектесуге ?йрету, жа?сы ?асиеттерді бойына сі?іріп, жаман ?асиеттерден жирену сезімін дамыту.Адам бойында?ы ?намды,?намсыз ?ылы?тарды айыра отырып,?деп ?ліппесін бойына дарыту, тіл байлы?ын, таным белсенділігін арттыру.О?ушыларды ?дептілікке, сыпайылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: Ма?ал-м?телдер, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, тірек сызбалар.

Саба?ты? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і

М??алім: Б?гінгі т?рбие са?атымыз ?дептілік та?ырыбында ?тіледі.

?дептілік – адамдарды? ?зара жа?сы ?арым-?атынасыны?, ж?ріс т?рысыны? ережесі.

Осы ?дептілік ережесін са?тау керек. Б?гінгі заман адамы сегіз ?ырлы, бір сырлы болып ?суі керек.

«?семпаз болма ?рнеге,

?нерпаз болса? ар?алан.

Сен де бір кірпіш д?ниеге

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?депті бала - арлы бала (т?рбие са?аты) »

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдепті бала-арлы бала

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды айыра отырып ,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды,еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата-анаңның,Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.


1-оқушы

Ата- ананың тілегі-адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің-әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің-әуре сарсаң әлегің.


2-оқушы

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.


3-оқушы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де


4-оқушы

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.


5- оқушы

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ табақты.


6-оқушы

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын

Салыр салақ болмағын.


7-оқушы

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде.

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.


8-оқушы

Атам маған қашан да,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.


9-оқушы

Атам маған қашан да,

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жүрем тура жолменен.


10-оқушы

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.


Ән: Домбыра


«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай жалғастырады.

1.Үлкендердің алдын-

2.Кішкене баланы-

3.Құстарды-

4.Қыз баланы-

5.Сабақтан-

6.Үлкен кісіні-

7.Үйге жүгіріп

8.Оқу-құралдарын-

9.Сыныпта айғайлауға –


Не істеу керек?

  • Үлкендерді сыйлау керек

  • Ата-аналардың тілін алу керек

  • Оқу құралдарын күтіп,таза ұстау керек

  • Сабақты жақсы оқу керек


Би: Қамажай


Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту.

1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.


2.Әдептілік белгісі

Иіліп сәлем бергені.


3.Ашу-дұшпан,ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос.


4.Сіз деген-әдеп.

Біз деген-көмек.


5.Ұлық болсаң-кішік бол.


6.Кішіден ізет-үлкеннен құрмет.


7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.


8. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.


9.Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса,өте шығар кекиіп.


Би: Ау, құрбым


Әдептілік туралы өлеңдер оқу


Көрініс: Әдепті және әдепсіз бала



Сұрақ-жауап: «Сен маған,мен саған»

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықса.Сен не істер едің?

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

3.Үлкен кісілермен қалай сөйлесуің керек?

4.Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?

5.Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Ата деп кімді айтамыз?

Әке деп кімді айтамыз?


Ән: Әке туралы жыр


Әже деп кімді айтамыз?

Ана деп кімді айтамыз?


Ән: Ана


Суретпен жұмыс


Ән: Ана туралы жыр

Қорытынды

Біз нені үйрендік, нені білдік?




Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Егизбаева Сания



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?депті бала - арлы бала (т?рбие са?аты)

Автор: Егизбаева Сания Кенесовна

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205241


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства