Де?гейлік тапсырмалар "Кереку ??іріні? тарихи т?л?алары"
Де?гейлік тапсырмалар "Кереку ??іріні? тарихи т?л?алары"
Кереку ??іріні? тарихи т?л?асы
1-тапсырма. М?тінді о?ы?дар. М?тін бойынша ?ш де?гейлі тапсырмаларды орында?дар.
Б??ар жырау Х?ІІІ ?асырда?ы ?аза? ?дебиетіні? е? к?рнекті ?кілдеріні? бірі. Павлодар облысыны? Баянауыл ауданында ??мыр кешкен, ата?ты Абылай ханны? т?стасы. ?кесі аты а?ыз?а айнал?ан ?ал?аман батыр.
Жыраулы? д?ст?рді? к?рнекті ?кілі, ?о?ам ?айраткері. ?зіні? ?за? ?мірінде бірнеше ханды к?ріп, талай-талай тарихи о?и?аларды басынан ?ткізген. «А?табан ш?бырынды…» ж?не одан кейінгі ?илы-?илы замандарда т?уелсіздік пен ел бірлігін са?тап ?алу?а айры?ша к?ш сал?ан.
Б??ар жырау ?ал?аман?лы жасынан елге танылып, ал?ыр жырау ретінде ата?-да??ы алты алаш?а жайыл?ан?а ??сайды. Б??ар жырау арабша сауатты адам бол?ан. Жыраудан ?ал?ан мол м?радан бізге жеткені 1200 жыл шамасында. Олар ХІХ-ХХ ?асырларда ел аузынан жинал?ан. Б??ар жырау шы?армалары ?ткір ?леуметтік мазм?нымен суарылып отыр?ан. ?аламызда Б??ар жырау атында м?ражай, ескерткіш бар.
С?здік
К?рнекті – видный ?кіл – представитель
??мыр – жизнь ?илы заман – трудные времена
М?ра – наследие Ата? – слава
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Де?гейлік тапсырмалар "Кереку ??іріні? тарихи т?л?алары"»
Кереку өңірінің тарихи тұлғасы
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Бұқар жырау ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр.
Жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері. Өзінің ұзақ өмірінде бірнеше ханды көріп, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды…» және одан кейінгі қилы-қилы замандарда тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтап қалуға айрықша күш салған.
Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елге танылып, алғыр жырау ретінде атақ-даңқы алты алашқа жайылғанға ұқсайды. Бұқар жырау арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жыл шамасында. Олар ХІХ-ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған. Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған. Қаламызда Бұқар жырау атында мұражай, ескерткіш бар.
Сөздік
Көрнекті – видный Өкіл – представитель
Ғұмыр – жизнь Қилы заман – трудные времена
Мұра – наследие Атақ – слава
III деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақтар құраңдар. (5-6 сұрақ)
2. Мына сөз тіркестерінің мағынасын ашыңдар:
Ғұмыр кешкен, мол мұрадан, ел аузынан, әлеуметтік мазмұн, суарылып отырған.
II деңгей
1. «Мазмұнымен» сөзінің емлесі туралы не айта аласыңдар.
2. Мәтінді пайдалана отырып , сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығына баға беріңдер.
1 Бұқар жырау Баянауыл ауданында туған.
2 Әкесінің аты Қарасай батыр.
3 Бұқар жырау арабша сауатты адам болған .
4 Бұқар ХХ ғасырда өмір сүрген.
5 Жыраудан қалған мұра жоқ.
Дұрыс
Бұрыс
I деңгей
Мәтінге берілген дерекке сүйене отырып, өздерің Бұхар жырау туралы тағы не білетіңдерің жайлы әңгімелеңдер.