Дебат (ойк?кпар) ?ткізу, оны? ережелері туралы т?сінік беру;
Баланы? тілін дамыту, ойк?кпар кезінде т?рлі та?ырыпта с?йлеуге, пікір таластыру?а, ?з ойын д?лелдеуге, бас?аны? пікіріні? ?ате екенін д?лелдеуге жатты?у ар?ылы шебер с?йлеуге жатты?тыру, да?дыландыру.
О?ушылар ?з ойларын тияна?ты жете айта біліп, сахнада ?здерін сабырлы ?рі т?ртіпті ?стауды ескеріп, ?арастырылатын м?селені ты?дай білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: дебат саба?
Саба?ты? ?дісі: С?ра? – жауап /ситуация ту?ызу, шешу жолын айту, на?ты д?лелдер келтіру/ Саба?ты? к?рнекілігі: Та?ырып?а сай дидактикалы? материалдар / слайд /
1.«Пікірталас м?дениеті» дегенді ?алай т?сінесіздер?
2. Пікірталас т?рлерін ата 3.?аза? ж?не орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен ж?птап жазы?ыздар (Экраннан «С?зталас, круглый стол, ойтал?ы, полемика, дебат, ойк?кпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, д??гелек ?стел, диспут, пікіралмасу» с?здері к?рсетіледі) 4.Пікірталасты? ?о?амда?ы орны, ма?ызы, ?ажеттігі жайлы не айтасыздар? 5.Пікірталас м?дениетіні? талаптарын ата. 6. Д??гелек ?стелді? ?зіндік ерекшелігі 7. Ойтал?ы дегеніміз не? 8. Пікіралмасу (дискуссия) ?ай тілден аударыл?ан?
б) Жа?а саба?ты т?сіндіру:
Ойк?кпар («дебат» - француз тілінен аудар?анда – «талас», я?ни бір м?селені к?пшілік алдында тал?ылау дегенді білдіреді) белгілі бір м?селе т??ірегінде пікір таластыру. Б?л на?ты м?селе ж?нінде ойды, пікірді жобаны ?олдау не жо??а шы?ару сипатында ж?ргізіледі. Ойк?кпарда бір-біріне ?арама-?арсы пікірді ?олдайтын екі топ сайыс?а т?седі.
Ойк?кпар ?стінде с?йлеушілер тек на?ты дерек к?здерін пайдалануы тиіс.?р топты? м?шелері спикер деп аталады. Ойк?кпарда жа?таушы да, а?таушы да ?з критерийін – ма?сатын бір-а? с?йлеммен на?ты, т?сінікті, та?ырып?а сай етіп айтады. Сол пікірге ?атысты ай?а?-д?лелдер келтіреді.
Ойк?кпарда, ?детте, жа?таушы топ бірінші с?йлейді. Шы??ан спикер с?зін ая?тап бол?ан со?, о?ан ?арсы топ с?ра? ?ояды. О?ан спикер ?олма-?ол жауап беруі тиіс. Егер с?ра? болмаса орнына отырады.
Ойк?кпарда топтар бір-біріні? ойын, пікірін жо??а шы?ару?а, ?з пікірін ?ор?ау?а м?дделі болатынды?тан, ?арсыласына со??ы жасауды?, тойтарыс беруді? т?рлі амал-т?сілдері ?олданылады. Біра? м?нда сыпайылы? пен ?стамдылы?, тап?ырлы?, шешен м?дениетіні? к?рсеткіші болып саналады.
Ойк?кпарды? н?тижесін арнайы белгіленген сарапшылар ?орытындылайды. Сонымен ?атар ойк?кпар?а ?атысушы топтарды? же?ісі аудиторияны? дауыс санымен есептеледі.
?азіргі «ХХІ ?асыр білім мен ?ылымны? ?асыры болады» - деп Елбасымыз Н. ?. Назарбаев айт?андай, ?о?амымыз, жастарымыз заман талабына сай жа?а а?паратты? технологиямен ж?мыс жасау?а бет б?рып келеді. Соны? ішінде, Интернет пен агентті? алатын орны жо?ары к?рсеткіште т?р. Б?гінгі жас?спірім о?ушылар ж?не ?лкенді- кішілі адамдар интернет ж?не агент ар?ылы хат алысып, танысып, тіпті агент ар?ылы ?йленіп, отбасын ??рып жатыр. «Тая?ты? екі ?шы бар» дегендей интернет пен агентті? де жа?сы- жаман жа?тары бар. Біз осы жайында ?з ой- пікірімізді таразы?а салып к?рейік.
Просмотр содержимого документа
«Дебат (Ойк?кпар) »
Сабақтың тақырыбы: Ойкөкпар (дебат)
Сабақтың мақсаты:
Дебат (ойкөкпар) өткізу , оның ережелері туралы түсінік беру;
Баланың тілін дамыту, ойкөкпар кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойын дәлелдеуге, басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге жаттығу арқылы шебер сөйлеуге жаттықтыру, дағдыландыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттырып, олардың топ алдында өзін- өзі талдай білуге, басқаны тыңдай білуге, өз көзқарасын дәлелдей білуге, сауатты сөйлей білуге үйрету.
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарастырылатын мәселені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дебат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/ Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд /
Пәнаралық байланыс: информатика
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1.«Пікірталас мәдениеті» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Пікірталас түрлерін ата 3.Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (Экраннан «Сөзталас, круглый стол, ойталқы, полемика, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, пікіралмасу» сөздері көрсетіледі) 4.Пікірталастың қоғамдағы орны, маңызы, қажеттігі жайлы не айтасыздар? 5.Пікірталас мәдениетінің талаптарын ата. 6. Дөңгелек үстелдің өзіндік ерекшелігі 7. Ойталқы дегеніміз не? 8. Пікіралмасу (дискуссия) қай тілден аударылған?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ойкөкпар («дебат» - француз тілінен аударғанда – «талас», яғни бір мәселені көпшілік алдында талқылау дегенді білдіреді) белгілі бір мәселе төңірегінде пікір таластыру. Бұл нақты мәселе жөнінде ойды, пікірді жобаны қолдау не жоққа шығару сипатында жүргізіледі. Ойкөкпарда бір-біріне қарама-қарсы пікірді қолдайтын екі топ сайысқа түседі.
Ойкөкпардың мақсаты– қарсылас топтың ой-пікірін жоққа шығара отырып, өз көзқарастарын дәйектеу арқылы жеңіске жету.
Ойкөкпар үстінде сөйлеушілер тек нақты дерек көздерін пайдалануы тиіс.Әр топтың мүшелері спикер деп аталады. Ойкөкпарда жақтаушы да, ақтаушы да өз критерийін – мақсатын бір-ақ сөйлеммен нақты, түсінікті, тақырыпқа сай етіп айтады. Сол пікірге қатысты айғақ-дәлелдер келтіреді.
Ойкөкпарда, әдетте, жақтаушы топ бірінші сөйлейді. Шыққан спикер сөзін аяқтап болған соң, оған қарсы топ сұрақ қояды. Оған спикер қолма-қол жауап беруі тиіс. Егер сұрақ болмаса орнына отырады.
Ойкөкпарда топтар бір-бірінің ойын, пікірін жоққа шығаруға, өз пікірін қорғауға мүдделі болатындықтан, қарсыласына соққы жасаудың, тойтарыс берудің түрлі амал-тәсілдері қолданылады. Бірақ мұнда сыпайылық пен ұстамдылық, тапқырлық, шешен мәдениетінің көрсеткіші болып саналады.
Ойкөкпардың нәтижесін арнайы белгіленген сарапшылар қорытындылайды. Сонымен қатар ойкөкпарға қатысушы топтардың жеңісі аудиторияның дауыс санымен есептеледі.
243- тапсырма. Өздеріңізді толғандырып жүрген мәселе төңірегінде ойкөкпар ұйымдастырыңыздар.
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде, Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі жасөспірім оқушылар және үлкенді- кішілі адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізді таразыға салып көрейік.
Сайысымыздың бөлімдері: І. Кіріспе 1. Екі фракцияда үш спикерден болады. 2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін) таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім 1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады. 2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары. 3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Қорытынды 1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады. Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды. 2. Қорытынды.
Сайысымыздың ережесі: 1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу. 2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма 3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды. 4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану. 5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық: 11 «Б» сынып оқушысы Құрбан Қырмызы – «Парасат» тобының сарапшысы 11 «Б» сынып оқушысы Кемелова Жансая - «Ақиқат» тобының сарапшысы Төрешіміз - 11 «Б» сынып оқушысы Акимов Алмас Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады.
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі.
Жүргізуші: Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері ендігі кезек сіздерде. Уақыт шектеулі – 3минут.
Жүргізуші: Жақтаушы жақ – «Парасат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде. Уақыт шектеулі - 3минут.
Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут
Қарсы жақ: Ұсынысы –
Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?
Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3минут. Ұсыныс
Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ
Қосымша айтар болса уақыты – 2 минут
Жүргізуші: Келесі «Парасат тобы» Қосымша хабарлайды
Сұрақтарға жауап:
Жүргізуші: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, сайысқа қатысушы екі команда арасында лайықты жарыс өтті. Командалар тақырыпты сауатты баяндады, салмақты дәлел келтіріп, салыстырмалы саралау жасай алды деп ойлаймын. Енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.
Олай болса, Жақтаушы жақтың«Парасат» тобының сарапшысы мектебіміздің 11 сынып оқушысы Құрбан Қырмызы өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз шектеулі.
Қарсы- даттаушы жақтың «Ақиқат» тобының сарапшысы, Кемелова Жансая, сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз шектеулі.
Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің «тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер» төрелік сөздеріне тоқтаған, ендеше, қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз; мектебіміздің 11 сынып оқушысы Акимов Алмасқа береміз.
Жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі осы заман айғағы ретінде бейнелеген. Қажу бар ма сұңқарға, Талу бар ма тұлпарға, Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда Мен жастарға сенемін – дегендей, ХХІ ғасыр – жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше, ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар –дейміз.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Дебат дегеніміз не?
Ойкөкпардың пікіралмасудан қандай айырмашылығы бар?
Спикер деген кім?
Ойкөкпардың мақсаты не?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ойкөкпар (дебат) 244 –тапсырма.
Кулбасова Рая Серікқызы информатика пәнінің мұғалімі, Б. Атыханұлы атындағы №36 Гимназия.
Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты 7 сыныптар арасындағы дебатта бас қосып отырсыздар. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол – өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күнімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Бүгінгі дебат тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдасы және зияны»
Сабақтың түрі: Дебат /пікір – талас/
Сабақтың мақсаы:
Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ексеріп, қарастырылатын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/ Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /
Таныс болыңыздар бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар құрамында 7 «А» сынып оқушылары Назарова Ұлфараби, Қамин Бекзат,Әбілбаева Айнұр Компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар 7 «Ә» сыныбының оқушылары Бердібекова Ақнұр, Серғалиева Айдана, Бегалы Ельназ
Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.
Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса. ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар айтыстыра неше бір Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Топ жетекшілеріне сөз беріледі: Топтың аты: «Намыс» «Мұрагер» Топтың ұран Топ мүшелері: 1. Жүргізуші ашық пікір – таластың ойын – шартымен таныстырады. Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады. Регламинт 5 – 7 минутты сақтау Ашық дауыс беру / көрермендер мен жюрилер/
2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі. 1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы «Намыс» тобының мүшесі 7 «А» сыныбының оқушысы Назарова Ұлфарабиханымғабереміз. Естеріңізге сала кетейін регламинт 5-7 минут. Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор». Компьютердің маңызын, оның пайдасы туралы толық мағлұмат алу үшін ең алдымен «компьютер» сөзіне толық мағына беріп алайық. Ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп -қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен.Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Сақтансаң құдайсақтайда деген мақал бар ол өзіңе байланысты.Әрине барлық нәрсе шегінен асса зиян келтіреді. Ал күнделікті пайдананып отыру зиян емес. Қазақстанда компьютер адам денсаулығына зиянды деген қате ұғым бар, осыны мен ойлаймын, әдейі Қазақтарға таратқан көпдеген теріс ағымдардың бірі ма деп. Компьютерден қашпау керек, бүкіл дүниені жүргізіп жатқан компьютер, біз Қазақтарда осы саланы меңгеруіміз керек, бала кезіннен компьютедір үйрету керек, ақшаң жетпесе де нашар болса да алу керек, бала кезіннен үйренсе нағыз маман болып шығады деп ойлаймын. Бізге компьютер коп болса сонгы 10-15 жылда келді? ал Жапонияда ол бурыннан бар. Солар да жур гой?? Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
2. «Мұрагер» тобының мүшесі 7 «Ә» Бердібекова Ақнұрханым сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:
Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Сонын нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал буған екі есе уақыт кетеді. Мысалы сақталған құжаттың көшірмесін жасау керек дейік? Ал біз ол құжатқа қандай атымен сақтанғанымыз ұмытып қалдық дейік, сонда ол құжатты таба алмаймыз және оны қайтадан теруге тура келеді. Қарап тұрсаңыз бұған да уақыт кетеді. Ал сіздер «Компьютер талабы» компьютерде уақытты үйнемдейді, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады дейсідер? Қалай уақытты үнемдейміз?
Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында (“компьютер -көрермен синдромы” (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың зиянды жақтарына тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар: • компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру; • монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері; • көзге салмақ түсуі, • шаршау; • білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі; • мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы. Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді. Микрожарақаттану – бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі. Барлық компьютер қолданушылар өз мәлiметiнiң резервтiк көшiрмелерiн сақтап отырады. Кейде компьютерлік вирустардың кесірінен сақталған мәліметтер жойылып та кетеді. Мұндай жағдай көп адамдарға қатты соққы болып тиеді. Қатты соққының әсерінен адамдар инфаркт алып қалатын жағдай да болады. Шаң және компьютердегi кiр уақыт өте келе бiраз шоғырланады және де олар күрделi болады. Кiр болған жерде бактерия, шаң, микроб, шаң-тозаң кенелерi болады . Бұның барлығы әртүрлi ауруларды қоздырады.
Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы көп достар таптым. ”
Жоғарыда аталып өткен оқиға компютерге тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
3. «Намыс» тобының мүшесі 7 «А» сыныбының оқушысы Қамен Бекзат жолдас сөз кезегі өзіңізде.
Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания / құрылғысы қосылып туру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20-30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет. Ал енді жоғалған құжатқа келмек болсақ, компьютерде Іске қосу – Табу – Файлдар және бумалар осы тізбектен кейін құжаттың атымен, жазылу күнімен табуға болады. Сол кезде компьютер сізге іздеген құжатыңызды тауып береді. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар атап өттіңіз, спикер мырза! Ал мен сіздерге компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын. Компьютерде жұмыс істеу үшiн 14 кеңес. 1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз. 2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз. 3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек. 4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз. 5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз. 6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз. 7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек. 8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады. 9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз. 10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз. 11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз. 12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi. 13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз. 14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.
4. «Мұрагер» тобының Бегалы Елназ жолдас сіздің ойыңыз.
Армысыздар аса қадірлі көрермен. Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме? Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы ауырады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге зиян әсер етеді. Бала ұдайы отырғаннан түрлі ауруларға шалдығады. Таза ауа қажет. Сонымен қатар адамдардың компьютерді қандай мақсатта пайдаланатынын анықтау мақсатымен интернет клубқа барып, бақылау жасадым. Бақылау барысында қаламыздағы интернет клубтардың көптігіне қарамастан, келушілердің санының күніне 200 адамнан асатындығы туралы мағлұмат алдым. Есенберлин көшесінде орналасқан интернет – клубтың меғгерушісі Зарина Тұрлыбекқызымен сұхбаттаса отырып, төмендегідей көрсеткіштерді анықтадым: Клубқа күніне 200 адамға жуық келеді. Оның көпшілігі 10-16 жас аралығындағы балалар Көпшілігі 3 сағат шамасында үзіліс жасамай ұзақ отырады. Ең кіші келушілердің жас шамасы 5- 6 жаса арлығында. Олар сабақтан кейін бірден осында келеді және түрлі компьютерлік ойындар ойнайды. Интернет клубқа келулерінің басты себебі, үйде компьютерде көп отыруға ата –аналары рұқсат бермегендіктен екен. • Ересек адамдар көбіне жұмыс ретімен келеді. Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз. Қорыта келе айтар болсақ, компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. 1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады; 2. Көздің көру ,құлақтың есту қабілеттері төмендейді; 3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды. 4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды. 5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.
Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.
5. «Намыс» тобының мүшесі Әбілбаева Айнұржолдас сөз кезегі сізде.
Мектептегі жалпы оқушылар денгейлі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Мысалға сіздерге мына газет қиындысы «Өмірге құмар бала» атты мақала «Жетісу» газетіне шыққан, мұнда компьютерлік ойындарды сүйіп ойнап, компьютерлік клубта жұмыс атқаратын мүгедек бала туралы жазған. Біз мектебіміздегі компьютерге енгізілген «Косынка», «Черви», «Солитер» және т.б. ойындары оқушы тышқанды толық меңгеріп, онымен еркін жұмыс жасауға, қолын жаттықтырып, жақсы көмектеседі. Әрене мен атыс-шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс-шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым-шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп-артылады
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.
6. «Мұрагер» тобының мүшесі Серғалиева Айдана ханым сөз кезегі өзіңізде Естеріңізге сала кетейін регламинт 3-5 минут.
Сәлем бердім көрерменге. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Менің ойымша, компьютерлік ойындардың жасөспірім балаларға кері әсері көп. Мұны батыстың, Жапонияның ғалымдары әлдеқашан дәлелдеген де. Біріншіден, мұның денсаулыққа зияны үлкен. Яғни физикалық тұрғыдан алып қарағанда, көздің майын жейді, радиациясы бар деген сияқты. Мұның сыртында, сана-сезімі жаңа қалыптасып келе жатқан балалардың ойлау жүйесіне, қабілетіне тигізетін зияны зор. Себебі олардың көпшілігі, тіпті 99 пайызы – біреуді біреудің өлтіруіне, қысым жасауына, қатыгездікке, басқа да толып жатқан өрескел қылықтарға үйрететін ойындар. Сонымен қатар «неге балалар компьютерлік ойындарға құмар, неге сонымен әуестенеді?» дегенге келгенде, олардың бос уақыты мәселесі пайда болады. Сөйтіп, бос уақытын қайда жіберерін білмеген балалар, компьютерлік клубтарды маңайлайды, үйдегі компьютерді айналдырады. Себебі, басқа балама жоқ. Бұл – балалардың кінәсі емес, бұл ересектердің, қоғамның, мемлекеттің кінәсі, тасада қалып қойған үлкен проблема. Өйткені бұл – келешек ұрпағымызға қатысты мәселе. Құлақ қойып тыңдағандарымызға көп рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көтеген мағлұмат алдық деп ойлаймын. Оның бағасын әділ қазылар бере жатыр. Келесі үй тапсырмасын көңіл бөлейік. Әр топ шығарған газет, дайындаған презентацияларын қорғауға дайын болар. Ортаға «Мұрагер» тобын спикерлерін шақырамыз.
2. Келесі кезек «Намыс» тобына беріледі.
4. Сұрақ – жауап Осы тақырыпта байланысты өз ойларын сұрақтар арқылы толықтатар деген ниетпен екі топқа сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.
5. Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.
Бүгінгі ашық пікір – таластан шыққан қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе. Бірінші кезекте «Намыс» тобы. Келесі сөз «Мұрагер» тобына берілсе.
І топ ұсыныстары 1. Компьютер сабағы аптасына екі рет болса 2. Компьютер алдында киіп отыратын ақ халаттар оқушыларға жететіндей алынсын 4. Компьютердің алдында отырған бала уақытты тиімді пайдаланса
ІІ топ ұсыныстары:
1. Информатика сабағында техника қауіпсіздік ережесі сақталса 2. Оқушылар сабақтан қалмай, білмегендерін сұрап білсе 3. Әр оқушы компьютерде еркін жұмыс жасай алса 4. Әр пәнге электронды оқулықтар алынса
ІІІ Қорытынды.
Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.
1. Жюридің пікір – таласқа деген көз қарасы.
Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!