Жина?та?ан Е?бекші орта мектебіні? география п?ні м??алімі.
Сыныптан тыс саба?. (Слайд ар?ылы ?ткізуге болады)
?азіргі кезде д?ние ж?зіндегі мемлекеттерді? саны 224-ке жеткен. Сол ?лкенді-кішілі мемлекетті? барлы?ында бірінен-бірін ажырататын ж?не ?зіндік бет-бейнесін ай?ындайтын нышан-белгілері болады.
Р?міздерді? ?атарына елта?ба,ту,?н?ран жатады. ?р елді? р?міздеріні? ?зіндік тарихы бар. Жалпы,к?птеген мемлекеттерді? р?міз нышандарыны? тарихы тере?де жатыр. Елта?баларды зерттейтін ?ылымды Геральдика деп атайды.Б?гін біз Елта?ба, Ту, Гимн тарихы туралы с?з ?оз?ама?пыз.
Хал?ымызды? ?асиетті р?міздері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Cынып са?аты: "Елта?балы е?селі ел" »
Тақырыбы: Елтаңбалы еңселі ел
Ахметова Балжан
Жинақтаған Еңбекші орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Сыныптан тыс сабақ. (Слайд арқылы өткізуге болады)
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттердің саны 224-ке жеткен. Сол үлкенді-кішілі мемлекеттің барлығында бірінен-бірін ажырататын және өзіндік бет-бейнесін айқындайтын нышан-белгілері болады.
Рәміздердің қатарына елтаңба,ту,әнұран жатады. Әр елдің рәміздерінің өзіндік тарихы бар. Жалпы,көптеген мемлекеттердің рәміз нышандарының тарихы тереңде жатыр. Елтаңбаларды зерттейтін ғылымды Геральдика деп атайды.Бүгін біз Елтаңба, Ту, Гимн тарихы туралы сөз қозғамақпыз.
Халқымыздың қасиетті рәміздері.
Үш жүздің жүздеген руларынан тұратын қазақ халқының басқа ұлт, ұлыстардан өзіндік бір ерекшелігі күн жүйесіне қатысы бар, бейнесі мағынаға бай рулық жеке таңбаларының болуы. Ол жартастарға қашап жазылып, Ресейдің ғылыми мұрағаттық комиссиясының зерттеулерінде жинақталып, шежіреші, тарихшы ғалымдарымыздың қолжазбаларында сақталып бізге жетті. Әр тайпаның, рудың таңбаларына байланысты болжам, аңыз әпсаналар аз емес. Соның бәрі де таңбаның ерекше белгі, қасиетті рәміз екенін айғақтайды.
Таңба дегеніміз не?
Түркі ұлыстарында таңба ежелгі заманнан-ақ қолданылған. Зерттеушілер оны қазақ даласының әр түкпіріндегі жартастар мен үңгірлерден, өзен аңғарларындағы малта тастардан, дала төсіндегі балбалбардан, ескі қорымдардан тауып, мұнда қашап, егеп жазылған идеограммалар мен геометриялық түрлі белгілер арқылы оны бізге анықтап беріп отыр.
Тарихтағы таңбалар,белгілер деген не? 1946 жылғы күз айының бір күні еді. Сарыарқадағы Нұра өзені бойындағы Қаратұз деген жерге көп халық жиналып жатты. Бұл сол кездегі қазақ рулары мен тайпаларын басшыларының казақ хандығын құрі үшін тұңғыш бас қосуы болатын.Мұның басы қасында жүрген Жәнібек пен Керей сұлтандар.Жиналғандар барлық кқазақ тайпаларының басын қосатын қазақ хандығы құрылсын деп шешкеннен кейін келелі мәселеге көшті. Ол әр рудың өз таңбасын,белгісін анықтау.Мұндай белгі қажет еді.Ол кезде жайылым үшін,жер үшін,сауда жолдары үшін рулар арасында дау-жанжал жиі болып тұратын.Осындайда кімнің қай рудан екенін,кімнің дос,кімнің қас екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді: Халық жырауы Асан Қайғы әр рудың белгісі етіп таңба үлестірілді.Таңбаны анықтағанда әр рудың ерекшелігі,тыныс-тіршілігі ескерілді. Халқымызға жау тисе,еңалдымен атқа қонған жаужүрек Қыпшаққа айбалтаны таңба етелік,- деді қарт жырау.Үйсін руының таңбасы жалау болсын. Отырғандар бірауыздан маұлдады. Осындай дәлелдермен Асан Қайғы қазақтың сол кездегі қырық руына таңба таратты. Жалайырға- шылбырды, Найманға -бақанды,Арғынға- көзтаңбаны, Адайға- садақ пен оқты, Жаппасқа түйемойынды, Табынға –әліпті бейнелейтін таңбалар тиді.Бұл таңбалар бірер күнде-ақ Қаратұздың жанына қашалып түсірілді.Халық бұл жерді сол күнен бастап « Нұраның таңбалылығы» деп атады.
Ғалымдардың пайымдауынша, таңбалардың өзіндік эволюциялық даму жолы бар. Ол пиктографиядан басталып, ғылыми біртұтас жүйеге бағынған рулық таңбалардың руникалық тұжырымдамасына, бағзы түріктердің ортақ тұтынған руна жазу үлгісіне дейінгі мерзімді қамтиды. Таңбаларда көшпелі түркілердің дүниетанымы, дәстүрі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, ырымы мен ақыл-ой даналығы, білімі мен білігі, рухани мәдениеті мен тарихи тағлымы тұнып тұр. Бұл құндылықтардың бәрі де таңбаға көшіріліп, құпиясы жасырын сақталған. Сол себепті, ежелгі түркі мәдениетінің сыр-сипатымен танысқысы келген адам ең бірінші, таңбатану ілімін меңгеруге тиіс.
«Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының сегізінші томында таңба хақында былай деп жазылыпты: «Әлемдік хат мәдениеті тәжірибесінде құпия сақтау мақсатында туған код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды».
Сонымен, таңба дегеніміз не? Оған талантты ақын ағамыз Бақыткерей Ысқақтың «Таңба» деп аталатын мына бір жыр-толғауы нақты жауап қайтарғандай:
Әр тайпаның, сан рудың болған жеке таңбасы,
Сол таңбаның құлпытастан, Малға түскен жалғасы.
Жат халықтың таңбасынан, Жерін, малын қорғаған,
Жарлы болсын, арлы болған, ол заманның баласы.
Қиялымен өлшеп ойын, Топшылаған ақылмен,
Санасында шырағы бар адал жанның алды кең.
Келін алып, қыз ұзатып, батыс, шығыс, оң, солға
Жүрек шаншыр мұңын ғана, Тек бөліскен жақынмен.
Тағдыр - өзен тасығанда, Кеңге жаяр арқасын,
Жат мекеннен сауға сұрап, Жер, су, қоныс табарсың,
Құштарлықтың алапаты, көтерсе де билікке
қорқытып та, күшіңмен де ала алмайсың таңбасын.
Мөр, жалауда, анықтағыш, Таңбасы бар аңның да,
Өзен, тауы бояуымен, шыққан күн мен таңның да.
Елдің даңқын көтереді, Шоқтай зерлі жалаулар,
Патша, Батыр, Антын берген, тізе бүгіп алдыңда!
Ел таңбада – тарихы бар алмағайып ғасырдың,
Қол таңба да – Жан сыры бар, салт-өнері асылдың.
Ел таңбада – Ырыздығы, тірлік көзі, байлық бар,
Сүйегіме таңба салмай, Мен де намыс асындым.
Қасиетті, Ұлы – Бақыт, Қадыр, Атақ, Айбын да,
Махаббаты, Сұлулығы, аясында, бойында.
Ұлытауда, қашап салған, тұр Абылай таңбасы...
Көк ғарышта – Алла берген, Таңбасы бар – Айдың да!
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші,Мемлекет сыйлығын ың иегері,белгілі қоғам қайреткері.1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айытау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. 1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасы туралы құжат қабылданды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулетөнері факультетін бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнесі Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігі пен паспортына салынды.Мемлекеттік Елтаңба бедерленген Ұлттық банктің тиындарымен банкноттарын ұстап жүрміз. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесі мемлекеттік органдардың Президент, Парламент, соттар, министерліктер, мәслихаттар,прокуратуралар және басқа/ құжат қағаздарымен мөрленгенде кездеседі.Мемлекеттік шекарасына орнатылған шекера бағандарына бедендіріледі.Мемлекеттік Елтаңба авторлары – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Мемлекеттік Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,оны айнала күн шапағындай тарап,уықтар шаншылған,ол нышандарды ертедегі алып пырақтардың қанаты көмкеріп тұр, Елтаңбаның жоғарғы жағында көне түркі заманынан қастер тұтылған белгі – бес бұрышты жұлды жарқырайды. Ал,төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Елтаңбада екі түс алтын сары түс,көгілдір көк тұс қолданылған. Мемлекеттік Елтаңбаның барлық детальдары шеңбер ішіндегі негізгі элемент – уықпен ұсталған шаңырақпен үйлесімді бейнеленіп, жаһандық, ғарыштық сипат береді. Шаңырақ бейнесі – біздің ортақ үйіміздің образы ,барлық Қазақстандықтардың Отаны.
ТУ
Көк байрақ –туымыз халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден-ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде «уа, аруақ қолда! »деп ,туды елдің аруақтың киелі белгісі деп таныған . сол көк астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп , кең даласын , кемелді елін басқыншылардан қорғап қалған.
Көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы Чехословакияда өткізілген Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков
Туымыздың көк теңбіл -аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, тудың ортасындағы алтын түс халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр
Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп , ұшып бара жатқан ақиық қыран құс –ерлік белгісі!
Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқап тұрмыз. Мұныңөзі тудың ерекшелігін –қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді!
М емлекеттік Ту қай жерлерде ұдайы тігілуі керек?
Меммлекетік Ту Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Үкіметінің ,министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының Кониституциялық Кеңесінің , Жоғарғы Сотының және мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында , сондай-ақ еліміздің дипломатиялық сауда өкілдерінің, консулдық мекемелерінің орналасқан жерлерінде ұдайы тігіледі.
Мемлекеттік Гимн.
Мемлекеттік Гимн-елдің музыкалық –поэтикалық эмблемасы , әдеби-сазды төлқұжаты.
Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес.
Қазақ елінің әрбір ру-тайпасының таңба- белгілері , жалауымен қатар әнұраны да болған. Қытайлар гимнді «го-ге», мемлекет өлеңі ,мемлекет әні десе , араптар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі. Ал гректің «гимн» сөзін қазақшаласақ «ұран салу», «жар салу» деген ұғымды береді.
Жауға қарсы шапқанда сарбаздарды жігерлендіріп , күш-қайрат беруге алты алаштың ұраны «Алаш» болған . Ал жеке ру- тайпаларының аруақты көсем, не ержүрек батыр , беделді хан-билерінің атына байланысты өз ұрандары болған. Ол ұрандар сарбаздарға жоғары рух беріп , жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған.Қазақ халқының алғашқы гимн 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан болған «Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама» оқиғасына байланысты ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлының шығарған «Елім-ай » өлеңін айтамыз.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы-азаттық пен зайырлылықты бейнелейтің жаңа әнұран әзірлеу қажеттігі туындады.Соған байланысты 1992 жылы Республика Гимнінің мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста 4 атақты ақын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының 50 – ші жылдарындағы өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән – «Менің Қазақстаным». Бұл ән – жалынды жастықтың нағыз поэмасы болып танылған. 2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа әнұраны болып атақты ән – «Менің Қазақстаным» болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор – еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев.
Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа гимн 2006 жылғы 7 қаңтардағы «конституциялық заң күшіне ие Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қол қойған №112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілді. 2006 жылдың
10 қаңтары – ресми жариялау күні – тарихқа еліміздің жаңа гимнін туған күні ретінде жазылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ы. Сағынтаев, З. Сағынтаева, Қазақстан Республикасының рәміздері,
Алматы «Санат» 2001
2. Е. Ш. Шаймерденов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны, Алматы 2006