kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру ?йымдарын ?о?ам с?раныстарына с?йкес іскерлік да?дыларды ?алыптастыра отырып бас?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Білім беру ?йымдарын ?о?ам с?раныстарына с?йкес іскерлік да?дыларды ?алыптастыра отырып бас?ару" баяндама. ?лтты? б?секелестік ?абілеті оны? білімділігімен ?лшенетінін басты назарында ?стайтын елбасымыз Н.?.Назарбаев: «?андай байлы?  болмасын,оны? т?бі бір сар?ылатыны ха?. Сар?ылмайтын, тере? бойла?ан сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлы? бар, ол-білім. Ал білім негізі –мектепте»-деп сапалы білім беруде мектепті?  ма?ыздылы?ына ерекше м?н берген болатын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру ?йымдарын ?о?ам с?раныстарына с?йкес іскерлік да?дыларды ?алыптастыра отырып бас?ару»










Баяндама

Білім беру ұйымдарын қоғам сұраныстарына сәйкес іскерлік дағдыларды қалыптастыра отырып басқару















Дайындаған: Байназарова.Ж.А.

Мұнайлы ауданы

«№3 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-нің

директоры







2016 жыл








Байназарова Жанар Асылбекқызы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

3 жалпы білім беру орта мектебінің директоры

[email protected]



.

Білім беру ұйымдарын қоғам сұраныстарына сәйкес іскерлік дағдыларды қалыптастыра отырып басқару



Ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білімділігімен өлшенетінін басты назарында ұстайтын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қандай байлық болмасын ,оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол-білім. Ал білім негізі –мектепте»-деп сапалы білім беруде мектептің маңыздылығына ерекше мән берген болатын. (слайд 2)

Қазіргі мектеп –ұдайы даму үстінде болатын мектеп, себебі әрбір елдің болашағы мектебінде шыңдалады. «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің жастарына қара» - деп ғұламалар айтқандай, еліміздің негізгі тірегі- білімді, білікті жастар. Жас ұрпақтың бойындағы табиғат берген қабілеттілікті тани білу, жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

«ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? » деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол - сағат сайын қарыштап дамып бара жатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүру мен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Бұл жұмыс мұғалімнен кәсіби білімді болумен қатар жоғары кәсіби мәдениетті, өз мамандығына беріліп еңбек етуді талап етеді.

Сондықтан мұғалім  беделін  көтеруді, оқу  үрдісіне  жаңа  әдіс-тәсіл  енгізуді,  ұстаздарды  еңбекке жігерлендіре   ынталандыруды  да   көздеген педагогтардың біліктілігін деңгейлік бағдарламалар аясында көтеру - ұстаздарға керекті   бастама болғаны рас.

Осы бағдарлама бойынша өзім күні кеше ғана желтоқсан айында екінші бетпе-беттен келдім, заман талабына сай оқу білім үдерісіне көшбасшылық ету үшін теориялық алған мәліметімнің негізінде өзім басшылық етіп отырған мектебіме өзгерістер енгізу және заманға сай жаңа бағытқа өзгерту, жетілдіру қажеттілігін түсіндім.

Әрине, бұл аз уақытта жүзеге асатын іс емес, жылдар бойы қалыптасуы, жүргізілуі мүмкін. Өйткені, қалыптасып қалған сана-сезімді, берік ұстанымды бір күнде өзгерту мүмкін емес .

Мұнайлы ауданы,Баянды селосында орналасқан «№3 жалпы білім беру орта мектебі» 64 сынып жиынтығында 1471 оқушы дәріс алып, 120 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде ҚР Білім беру ісінің үздігі-2, Ы.Алтынсарин төсбелгісі иегері-1, сапалық құрамы : жоғарғы санатты-11,бірінші санатты-30,екінші санатты-34, жас мамандар-42 . Мұғалімдеріміз аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде түрлі сайыстарға, іс-шараларға қатысты.(слайд)

Мұғалімдеріміз де оқушылар да КИО т,б қашықтықтан өткізілетін сайыстардан да 1,2 орындар иеленді.Мысалы тарих пәні мұғалімі Қ.Қамысбай ,география пәні мұғалімі А.Имашева 1,2 орындарды иеленді.

Ұстаз мәртебесі-шәкіртінің дарынымен, даңқымен биік, біздің оқушылар жеткен жетістіктерді сараласақ өткен оқу жылына қарағанда биылғы оқу жылындағы табыстарымыздан –жүйелі жұмыстың нәтижесін көруге болады, пәндік олимпиаданың аудандық,облыстық қорытындысына назар аударсақ, жалдағы нәтижеге қарағанда өсім бар. Және ғылыми жоба сайысына мектептен биыл 5 оқушы облыстық дәрежеде орын алса, бір оқушымыз (11-сынып оқушысы Әлімжанов Әнуар) халықаралық ғылыми жобаға жолдама алды. Республикалық «Ақбота» марафонынан 1 оқушы 1 орынға, 1 оқушы 2 орынға,6 оқушы 3 орынды иеленді.

Жылдағы дәстүрлі өткізілетін «Жарқын болашақ», «Атамекен» слеті сайыстарынан жүлделі орындарды иеленіп келеміз. Кешегі өткен «Жарқын болашақ» сайысынан –сынып оқушысы Шомақ Мөлдір 1-орын, Нұрболатова Алуа 2-орын, Мұхамбет Сандуғаш 3-орын иеленіп келді.

Соңғы 3 жылда мектептен «Үздік куәлік» болғанымен «Алтын белгі» болмаған еді, енді міне, биылғы оқу жылында 2 «Алтын белгіге», 2 Ерекше аттестатқа үміткер дайындап жатырмыз.

Қазір мектепте itest.kz(айтест) онлайн тестілеу орталығы- Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының серіктестігі. Бұл орталықпен байланыс жасай отырып, 9 және 11- сыныптарды ағымдағы бақылаулар алынды. Нәтижесінде оқушылардың біліміне статистикалық анализ жасалып отыр. Ол мұғалімнің еңбегін жеңілдетті сонымен қоса оқушыға қатемен жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік беріп, білім сапасының артуына үлес қосты. Білім сапасын тексерудің басқа да түрлері осы орталық арқылы жыл аяғына дейін жалғасын табады. (слайд 21)

І және ІІ деңгей бағдарламасын меңгерген 5 мұғалім және өзгеріс тобы мүшелері, яғни бөлінген көшбасшылар пән циклдері бойынша шығармашылық топтармен жұмыс бастады. Жаңа форматтағы семинарлар,коучингтер өткіздік, әрбір пән бірлестігі өткен оқу жылына SWOT талдау жасады,жетістіктер мен кемшіліктер сараланды, бұл бастама әр тоқсан сайын жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз. Осы деңгейлік оқу бағдарламасын бітірген мұғалімдермен «Ұлағат» шығармашылық тобы құрылып,даму жоспарын жасадық. Даму жоспарына алдын-ала анықталған негізгі басымдықтар мыналар болды:

1. Сабақ үрдісінде критериалды бағалау негізу арқылы білім сапасын арттыру.

2.Мектеп пен ата-ана арасындағы бірлескен жаңаша жұмыстарды жетілдіру.

«Оқыту мен оқу әдістемесіне өзгерістерді енгізу қажеттігін негіздеу» атты дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелді ұжымда ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру мақсатында және оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдермен таныстыру үшін өзім өткіздім. Нәтижесінде сабақ үдерісінде оқушының қабілетін шектеуге әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтап, оқушының белсенділігін арттыру жолдары, сабақты тиімді, қолжетімді жоспарлау, жаңа әдіс –тәсілдер туралы бірлесе отырып талданды,ортақ ұстанымға келді. Мұғалімдердің жаңалықты қабылдауға қызығушылығы қолдау көрсетуі менің алдағы жоспарлаған жұмысымның жүзеге асатынына сенімділік ұялатты. Мектептің даму жоспарындағы басымдық критериалды бағалауды енгізу арқылы білім сапасын арттыру болатын. Осы бағытта «Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушылардың белсенділік қабілетін ашу» тақырыбында коучингте сабақ үрдістерінде критериалды бағалаудың элементтерін енгізу үлгілері көрсетілді,талданды,мұғалімдер критериалды бағалаудың оқушылардың білімін бағалауда және оқушылардың өзін-өзі бағалауының тиімді әдісі екенін түсінді.

«Балаға өз бетімен мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деген Питер Клайнның пікіріне мән берсек, сабақта оқушы белсенділігіне қол жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді үйрету мақсатында «Сабақ үдерісінде оқушы белсенділігін арттыратын тапсырмаларды енгізу» тақырыбында семинар өткізілді.Бұл семинарда да өткізілген ашық сабақтарда оқушыларды бағалау критерийлерінің үлгілері көрсетілді. Дәстүрлі оқытудағы бағалау мәселесіне келетін болсақ, бұл тек мұғалімнің құзіретіне жататын сабақтың ең бір жауапты кезеңі болатын. Және оқушылар көбіне өздеріне қойылған бағаға келіспеушілік білдіріп, өз реніштерін білдіріп, әсіресе тоқсан соңында олардың ата-аналары да мектепке келіп дауласып, баға мәселесіне байланысты үлкен шу шығып жататыны жасырын емес. Бүгінгі таңда осындай проблеманы шешудің бір жолы-оқушы жетістігін критерий арқылы бағалау.Бағалау критерийлері ата-аналарға да, оқушыға да түсінікті болуы керек. Кейде белгілі бір тапсырманы орындауда оқушылар критерийді өздері де ұсынып жатады, бұл-олардың оқуға деген қызығушылығының оянғаны. Міне, біздің көздеген мақсатымыз да осы, яғни оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Жалпы мұғалімдерге SMART мақсат туралы өткізген коучингтен,бірлестікте және фокустік топта «БЛУМ таксономиясы-оқытудың тиімді жолы» тақырыбындағы шеберлік сыныптан, өздеріне берілген тапсырмаларды орындау барысында қажетті түйін алды деп ойлаймын.

Мектепте ұйымдастырылып жатырған түрлі семинарлар, ашық сабақтар,дөңгелек үстелдер т.б. шаралардың мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

МДЖ-ғы басымдықтың бірі-мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында да біршама нақты қадамдар жасалды. Тұлғаны қалыптастыруда отбасы басты рөл атқарады-бұл баланы әлеуметтендіру және сана сезімінің алғашқы сатысы. Сол себепті оқушылардың отбасын зерттеп тану педагогикалық ұжымның жалпы міндеттері мен кәсіби мүдделерінің маңызды құрылымы болып табылады. Отбасылық атмосфера мектеп тарапынан араласуды талап ете ме? Әрине,иә. Алайда,бұл араласу мектептің отбасына көмегі,педагогтардың ата-аналармен жемісті түрде ынтымақтастығы жалпы істе балаларды оқыту және тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара іс-қимылы түрінде болуы тиіс. Мектепте бала тәрбиесіндегі отбасы ролі, ата-аналардың өз балаларына деген сенімдерін арттыру, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыбында семинар өтті. Нәтижесінде мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыруға қол жеткіздік. Семинарда «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері», «Отбасы махаббаты», «Отбасы тәрбиенің басты ошағы», «Теріс әрекетке итермелейтін не?» «Мен және менің жасөспірім балам», «Шаңырақ шаттығы», «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын» деген тақырыптарда дөңгелек үстел, тренинг, спорттық шара, пікірталас тар өткізіліп ата-аналар тарапынан жоғары бағаланды. (слайд)

Тұлғаны мақсатқа сай тәрбиелеу үшін ата-аналарды қалай іске тарту керек? Сұрағы әрбір педагогикалық ұжымның алдында тұрған өзекті мәселе, себебі олар көптеген ата-аналардың жиналысқа қатысуға,сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігінің шақыртуынан кейін де мектепке келгісі келмейтін жағдайлармен ұшырасады. Осы орайда ата-аналармен жұмыста табысқа қол жеткізу үшін ата-аналармен байланысты интернет арқылы жүзеге асыруды қолға алдық.

*мектепте «e learning» электрондық оқыту жүйесі арқылы кез-келген ата-ана сынып жетекшісінің немесе пән мұғалімінің көмегінсіз баласының оқу үлгерімі туралы ақпарат ала алады.

*мектептің арнайы сайтынан да мектептегі өткізілген шаралар туралы мәліметтерді алады.

* қазіргі ақпарат құралының бірі ұялы телефоннан watsap арқылы әрбір сынып жетекшісі өз сыныбының ата-аналарынан топ ашып ортақ мәселелерді талдай алады. Бұл олардың мектепте өтіп жатқан барлық жағдайларға қызығушылығын арттырады,баласының оқуы мен тәрбиесі мәселелері жөнінде анағұрлым тығыз қатынасты тудырады, ата-аналармен байланысты көп қырлы және табысты ете түседі.

Қорыта келгенде, қазіргі мектеп-бұл ұдайы даму үстінде болатын мектеп.Еліміздегі оң өзгерістерді,әлемдік тәжірибелерді ескере отырып,білімнің басты күш екендігін ескергеніміз абзал. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзінің орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне,даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзіреттілігінің мәні зор десек,ал оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз өсуінің оқушы шығармашылығының қалыптасуына,дамуына жауапкершілікпен қарау ,қызметін ұйымдастыруға ықпал ету,үніне үн қосу мектеп басшысының бірден-бір міндеті болмақ.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. БАН, екінші басылым,2014ж.

  2. «Мектеп директоры» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал,№6,2015ж.

  3. Білім мекемесін басқару: ізденіс, тәжірибе., Алматы 2013ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Байназарова Жанар Асылбек?ызы

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства