kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала т?рбиесі – бір ?нер!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Мектеп – интернат ш?кірттеріне ?ла?атты ?стаздарды  ма?тан т?ту?а ж?не осы білім ?ясында ?стазды? ?ызмет ат?ар?ан Жа?сыбаева Райхан Сызды?овна  мен Бекма?анбетова Роза М?житовнаны? е?бектерін ба?алау?а, адамгершілік пен с?йіспеншілікке т?рбиелеу                                                                                                                                                                                                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала т?рбиесі – бір ?нер!»

Бала тәрбиесі – бір өнер ...

Мақсаты: Мектеп – интернат шәкірттеріне ұлағатты ұстаздарды мақтан тұтуға және осы білім ұясында ұстаздық қызмет атқарған Жақсыбаева Райхан Сыздықовна мен Бекмағанбетова Роза Мәжитовнаның еңбектерін бағалауға, адамгершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу Фанфары (Жүргізушілер ортаға шығады)

1 жүргізуші: Жиналған мына қауыммен

Сауық-сайран салайық.

Басталды міне, кешіміз,

Армысыздар, халайық!

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, аяулы ұстаздар, ардақты тәрбиешілер, қадірлі де қымбатты қауым!

1 жүргізуші: Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Ал ұстаз-мектептің жүрегі, тынысы, үні.

2 жүргізуші: Шәкірттерін аманат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде,

Ұлағат боп, ұлылық боп қалады,- демекші, бүгінгі күнгі «Бала тәрбиесі – бір өнер ...» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Бүгінгі күні барша қазақ ұл-қыздарын бауырына басқан мектебімізге 80 жыл толып отыр. Мектебіміздің 80 жылдық мерейтойы бәрімізге құтты болсын! Бүгінгі кеш бәрімізге көңіл-күй әкелсін!

2 жүргізуші: Құтты болсын мерейтой,

Той өткізу керек қой,

Аялаған мектепке

Борыштысың біліп қой.

1 жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы - зейнеткер, оқу-ағарту ісінің үздігі, алтын ұя мектебімізде көп жылдар бойы еңбек етіп, осы мектепте құрметті демалысқа шыққан және оқушыларды тәрбиелеуге маңдай терін төккен ұстазымыз Жақсыбаева Райхан Сыздыққызы мен аяулы зейнеткер, бірнеше жүздеген шәкірттерді ұядан ұшырып, тәрбиелеген құрметті ұстазымыз Бекмаганбетова Роза Мәжитқызы келіп отыр.

Оқушы: Ертерек кеп мектептің шамын жағып,

Елпелектеп еңбектен жалын алып.

Істің сазын жастарға түсіндіріп,

Қысы-жазы көрмедің дамылданып.

Әр жүйенің еңбекте тірегісің,

Тәрбиенің мектепте жүрегісің.

Жасыл баққа сән берген, бағбандай-ақ,

Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

«Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй» демекші

Ән (мектебім)

1 жүргізуші: Бүгінгі күні білім ордасының өткені мен бүгінгісіне шолу жасап, тарих қойнауына тағы бір үңілсек артық етпейді.

Видео-ролик Мектеп тарихы

2 жүргізуші: слайд Жергілікті кеңес және партия ұйымының шешімімен 1928 жылы қаламызда 7 жылдық қазақ мектебі ашылды. Ол негізінен қала жұмысшыларының балаларын оқытты. 1935 жылы 1 қыркүйекте аталмыш жетіжылдық білім ошағы қазақ орта мектебі болып қайта құрылды.

1 жүргізуші:Мектеп тарихында 15 директор басшылық қызмет атқарды. Олардың әрбіреуі білім ордасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып, жаңалықтар еңгізді.

2 жүргізуші: 60-қа жуық түлек мектепті Алтын медальмен және «Алтын белгіге» аяқтаған.

1 жүргізуші: 1960-62 жылдары қаладан 25 шақырым жерде еңбек және тынығу лагері салынды, 250 орындық жатақхана іске қосылды.

2 жүргізуші: 1980 жылдары мектеп-интернат жанынан мұражай ашылды.

1 жүргізуші: 1985 жылы мектеп-интернатқа жерлесіміз Кеңес одаңының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың есімі берілді.

2 жүргізуші: 1987 жылы педагог Макаренконың жүйесі енгізілді.

1 жүргізуші: 1992 жылы республиканың «Сиқырлы қазан» байқауында біздің қара шаңырық жүлделі 1-орынға ие болды.

2 жүргізуші: 2002 жылы 2 компьютер сыныбы, мультимедиялық орталық, қазақ тілі мен әдебиет зертханасы ашылды.

1 жүргізуші: Талай академик, профессор, докторлар, ғылым кандидаттары, өнер, мәдениет қайраткерлері, актер-актрисалар, журналист, әдебиетшілер түлеп ұшты. Осы балалардың әр түрлі оқу орнынына тусуі – ең бірінші орында ұстаздардың арқасы. Сонымен қатар тәрбиешілердің де бала жүрегінде алатын орны ерекше.

2 жүргізуші: Осы алтын ұя мектептен ұшып өткен түлектердің біздің қонақтарға айтар алғысы шексіз. Олардың әр біреуі ардақты да аяулы Райхан Сыздыққызы мен Роза Мажитовнаны ерекше құрметтейді.

Оқушы: (Райхан Сыздыққызы өмірбаяны)

2 оқушы: ( Роза Мажитовнаның өмірбаяны)

Би 7- сынып қыздары.

1 жүргізуші: Қазір таңда гимназиямыздың барлық сыныптары бәсекеге қабілетті жастарды дайындауға арналған құралдармен, яғни, жаңа компьютерлер, интерактивті тақталармен және жаңаша бағдарламадағы кітаптармен жабдықталған.

2 жүргізуші: Жатақханада тұратын балалар үшін де бар жағдай жасалған. Олар үшін әр қаббата теледидар, монша, тегін шаштараз, жаңа жихаздар мен қоймалар бар.

1 жүргізуші: Әрбір дарын баласы,

Ұстардарды бір мақтар.

Қонақтарға қадірлі,

Қояықшы сұрақтар.-демекші қонақтарымызбен сұхбаттаса тұрайық.

2 жүргізуші: Аяулы да қымбатты Райхан Сыздыққызы! Сіздің ең бірінші түлектеріңіз қандай болды? Солардың ішінде мақтан тұтар оқушыларыңыз бар ма?

1 жүргізуші: Құрметті Роза Мажитовна! Бүгінгі күнгі шәкірттер мен өздеріңіз тәрбиелеген оқушыларыңыз арасында қандай айырмашылықтар бар?

2 жүргізуші: Роза Мажитқызы. Интернат өмірінде болған қызықты сәттерді еске түсіріп, айтып бересіз бе?

1 жүргізуші: Райхан Сыздыққызы! Қандай оқушыларыңызбен мақтана аласыз? Монтаж 1 оқушы: Айтарым менің көп тегі,

Тыңдаудан әсте жалықпан.

Күлімдеп тұрған көктегі

Күнді де маған танытқан,

Айналдым жарқын ұстазымнан.

2 оқушы:

Еңбектеп үйге кіргенде,

Еңбекте бақыт, соны ұққам.

Адасып түнде жүргенде

Алаулап от боп жолыққан,

Айналдым жарқын ұстазымнан.

3 оқушы:

Ақ қырау түскен самайға,

Шәкірттің ұғар ойлысы.

Ұстаздық ауыр қалайда,

Төзе алмас еді жас кісі

Айналдым жарқын ұстазымнан.

4 оқушы:

Байыппен айтқан ақылын

Самалдай егіп санама.

Өмірде мәңгі жақыным-

Ұқсаған туған анама,

Айналдым жарқын ұстазымнан!

5 оқушы:

Ақылын ойдан сарп етіп,

Ақ моншақ маңдай терімен.

Қияннан сонау жарқ етіп

Құздардан күнде көрінген,

Айналдым жарқын ұстазымнан!

2 жүргізуші: Келесі сөз кезегін интернат меңгерушісі – Габдуллин Нұрдаулет Кокенұлы берелік!

1жүргізуші: Қадірлі де құрметті қауым, бүгінгі «Бала тәрбиесі-бір өнер» атты кездесу кешіміз осымен аяқталды. Осы кездесуімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп алғысымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа сіздердің өмірлеріңіз өнеге болсын дейміз.

2 жүргізуші: 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, Тілегіміз, жүрегіміз өзіңде. Биік ұстап, ардақтаймыз атыңды, Сапар шексек өмір атты теңізде. Құрметті қауым,келесі көріскенше қош-сау болыңыздар!

















Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты













Бала тәрбиесі – бір өнер...

(Кездесу)









Өткізгендер: Буктубаева Ш.М.

Сарсекеева Р.К.











Петропавл, 2015ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бала т?рбиесі – бір ?нер!

Автор: Сарсекеева Роза Кокеновна

Дата: 15.11.2015

Номер свидетельства: 253502


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства