kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бақытты жанұя-бақытты ел" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Бақытты жанұя – бақытты ел.

Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.

Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Барысы:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бақытты жанұя-бақытты ел" ашық тәрбие сағаты»

Тақырыбы: Бақытты жанұя – бақытты ел.


Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.


Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.


Барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметі ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі 3 «Д» сыныбында өткелі отырған «Бақытты жанұя – бақытты ел»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1.Кіріспе сөз.


Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.


І-топ «Әкелер»

ІІ-топ «Аналар»

ІІІ-топ «Балалар»

Ендігі кезекті Отбасы туралы тақпақтарға береміз.


І-топ «Әкелер»


Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар

Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін,еремін!


Титтей бөбек кезімнен

Әлдилеген емізген,

Еркелетіп күлгізген,

Алғаш «апа» дегізген.


Кішкентайы-мен үшін

Тағат,байыз таппайтын,

Не жемесін, не ішсін,

Менсіз тағам татпайтын.

Шомылдырып кешкісін,

Мен жатпасам,жатпайтын-

Анам менің қандай-ды!


Ерте кетіп жұмысқа,

Үйге кештеп қайтатын,

Болған күндіз құрылыста

Қызықтарды айтатын.


Жаз келісімен,күн қызып,

Машинасын жүргізіп,

Барлық көрші баланы

Маған қоса мінгізіп,

Аралайтын даланы,

Қыдыртатын қаланы-

Әкем менің қандай-ды!


Қарағанда басқаға,

Қызықты көп бастайтын.

Күнде ертемен бақшаға

Мені апарып тастайтын.

Талай-талай істерде

Үлгі болар біздерге

Ағам менің қандай-ды!


Төрт жас үлкен өзімнен,

Оқи,жаза білетін.

Мені титтей кезімнен

Ойнатуды сүйетін.

Кітабынан кіл қызық

Әңгіме оқып беретін-

Әпкем менің қандай-ды!


Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.


Үлкендерден  ауысқан кішілікті


Үлкендердің өзіне сыйға берем.


Атамнан қалған мұра-ізеттілік,


Арымды соған қойған күзеттіріп,


Адалдық- менің сәби Айбарым ғой,


Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.




1. Ең жақын адамдар,

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі,

Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі,

Ақ шашты әжем бар.


2. Ұлдардың үлкені,

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені,

Бір туған әпкем бар.


3. Ұлдардың кішісі,

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі,

Бір туған қарындас,

Әпкеге - сіңлі бар.



От басы – жылы ұямыз, 

Тірегі – ата-анамыз. 

Уыз сүт еміп осында, 

Уылжып біздер өсеміз.


Осында үлгі аламыз, 

Осында адам боламыз. 

Еркелеп, ойнап, еліктеп, 

Осында өсіп толамыз


Тәрбие мектеп – от басы, 

Ақылды баулып, тіл ұштар. 

Өрімдей тезге тартылған 

Әдепті бейне дұрыстар.


Ата-ана болса өрнекті, 

Ұл мен қыз өсер көрнекті. 

Әуезов Мұхаң айтқандай: 

Түзейік бесік-жөргекті.


Ән: «Әке ана»

Бұрынғының қарттары дана болған.


Қартты сыйлар жастарда сана болған.


Ата – анадан үлгі алып, жастар да,


Болашағын қорғайтын адам болған.


Расында да, атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.


Ойын: Мақал – мәтелді жалғастыр.


1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,…


( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).


2.Ана сүтін ақтамағанды ,…


( ешкім мақтамайды)


3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…


(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)


4.Қарағайға қарап тал өсер,…


(қатарына қарап бала өсер)


5.Үйінде ұл – қыз бардың,…


(көгінде сөнбес жұлдыз бар)


6.Атаңа не қылсаң ,…


(алдыңа сол келер)


7.Ұяда не көрсең ,…


(ұшқанда соны іленсің)


8.Әдепті бала — арлы бала,…


(әдепсіз бала – сорлы бала)


9 .Бала тәрбиесі бесіктен


10. Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.


11. Әке көрген оқ жонар,


Шеше көрген тон пішер


12 .Бала көңілдің гүлі, көздің нұры


13.Құс балапаны үшін тозаққа түседі,


Адам баласы үшін азапқа түседі.


14.Ата бәйтерек, бала жапырақ


 15Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.


 16Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.


17Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.


18Ағайын – алтау, ана – біреу.


19Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.


 20Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.


Би: «Лезгин»


Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)


1.Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?


2.Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?


3.Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?


4.Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?


5.Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?


6.Балаңыздың қандай да бір жат қылықтарын көрсеңіз, қалай тәрбиелер едіңіз?


7.Бала тәрбиесі үшін отбасы тәрбиесі Басым ба, мектептің ықпалы басым ба?


8.Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үй тапсырмасын орындай алмадым, текке екілік алып қаламын. Апайға телефон шалып «Ауырып жатыр» деп айта салшы… деген өтінішін қалай қабылдар едіңіз?


9.Ата – ана мен бүгін мектепте линейкаға шығып қалдым. Алысып – шулағанымды кезекшілер жазып алыпты Апайға айтыңызшы… деген сөзін қалай қабылдайсыз?


10.Күніне балаңызға қанша уақытыңызды бөлесіз?


11.Отбасында қандай мерекелер мен дәстүрлер аталып өтіледі.


12.Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?


13.Балаңыз қандай ойындар ойнағанды ұнатады?


14.Үлкендер баламен қандай ойындар ойнағанды ұнатады?


15.Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?


16.Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?


17.Баланың теледидар мен қарым-қатынасы қалай?


18.Балаңыз неден қорқады?


19.Сурет сала ала ма?


20.Балаңыз қалай тамақтанады?


21.Қалай ұйықтайды?


22.Аға, іні, қарындас, сіңілілері бар ма?


23.Достары бар ма?


24.Балаңыз жиі ауыра ма?


25.Көбінесе көңіл күйі қандай, үйде?


26.Бала тәрбиесі жөніндегі көтерілген мәселені кім шешеді?


27.Балаңыз бала-бақшада болды ма?


Оқушыларға сұрақ

«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.


І-топ. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?


ІІ-топ. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?


ІІІ-топ Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің


әрекетің, не істейсің?


Мақал –мәтелдер

Сыйға сый, сыраға бал.

***

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

***

Тіріде сыйласпаған,

Өліде жылыспайды.

***

Танымас, танымасын сыйламас.

***

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

***

Өз үйім өлең төсегім.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

***

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Қарындасың – қарлығашың.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

***

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.


***

Сақау баланың тілін шешесі біледі

Ойын: « Көзжұмбақ » ата –аналар мен оқушылар қатысады.

Отбасы дәстүрлері.(Әр топ өз отбасы дәстүрлерін көрсетеді).


І-топ «Әкелер» Қонақжайлылық

ІІ-топ «Аналар» Улкенді сыйлау,қарттарым-қазынам

ІІІ-топ «Балалар» Мерекелік дәтүр


Қорыту

Қорытынды. «Тілек шамы». Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына бір «Тілек шамын» бір - бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.


Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Бақытты жанұя-бақытты ел" ашық тәрбие сағаты

Автор: Қосанова Айкерім

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397572


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства